Қазақстанның тәуелсіздігі Түркияның қоғамдық пікірінде
Кеңес Одағының ыдырау үрдісінің бастамасы деп саналатын Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының орын алуы Түркиядағы толқыныстардың тууына негіз болған еді. Түркия үшін Қазақстан туралы мәліметтер ХХ ғасыр басында жеткіліксіз болды. Түркия ғалымдары Қазақстанның саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайын тек Мұстафа Шоқайдың “Яш Түркістан” (Жас Түркістан) деп аталатын журналдарынан
Қазақстандағы желтоқсан оқиғасына байланысты Түркияның мерзімді басылымдарында күнделікті тарихшы, ғалым, саясаткерлердің осы мәселеге байланысты түрлі ой-пікірлері жарияланып отырды. Бұл ой-пікірлердің көпшілігі қазақ халқының ұзақ жылдар бойы отаршылдық саясатынынң уысында болса да еркіндікке, тәуелсіздікке деген патриоттық сезімдерін жоғалтпағандығын айтты. Осындай пікірді Зафер Атай да ұстанды. «Жетпіс
Хасан Жемал «Жумхуриет» газетіне жариялаған келесі бір мақалаларында: “Қырғи қабақ соғыстың аяқталуы Түркияны Кеңес Одағына алыс көрші болудан сақтайды. Сонымен қатар, Орта Азия түрікшілдігі арқылы Әзербайжан мен Түркияны жақындастырады. Барлық жақ үшін де жаңа көкжиектер ашқан бұл шарттарды саналы түрде пайдалануымыз керек”, – деп келтірілді.
Н.Ә. Назарбаевтың Түркияға сапарының маңыздылығын Фахир Армаоғлу газет бетінде атап өткен еді. “Түркі тектес республикалар түрік сыртқы саясатының болашақтағы жетістіктері тұрғысынан үлкен потенциалға ие. Түркия осы потенциалды жақсы бағаландырып, қолдануы үшін қазірден бастап қажетті іс-шараларды атқаруы керек. Мұның алғашқы