Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 78 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Құқықтық норма


Мазмұны
Кіріспе 2
І тарау. Құқық туралы түсінік 4
1.1 Құқық ұғымы, белгілері 4
1.2 Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны 11
ІІ тарау. Құқықтық норма 22
2.1 Құқықтың қайнар көздері 22
2.2 Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы 32
ІІІ тарау. Конституциялық нормалардың түсінігі және
ерекшеліктері 47
3.1 Конституциялық құқықтық нормалар Конституциялық нормаларды топтастыру 54
3.2 Конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асыру 63
Қорытынды 75
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 78

Кіріспе
Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде «неге?» деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.
2) Құқық әлеуметтік және философиялық тұрғыдан алғанда, өте ауқымды түсінік. Ол өз бойына тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды да біріктіреді.
3) Құқық – қай қоғамның болмасын мүшелерінің ара-қатынастарының бұлтартпас бөлшегі. Кез-келген қатынас моральдық және заңды тұрғыдан құқыққа сүйенгендіктен, мемлекет және құқық теориясы пәнінің де өз кезегінде алғашқылардың қатарында құқықты зерделейтін осы және өзге де себептерге байланысты.

І тарау. Құқық туралы түсінік
1.1 Құқық ұғымы, белгілері
Республикамыз өз тәуелсіздігін алып, небір қиыншылықтарды артқа тастап, бүгінгі күнде экономикасы дамыған мемлекетке айналған тұста да елімізде ақсап жатқан кейбір келесі мәселелер бар екендігі да жасырын емес.
Ел болған соң, соңғы кездері жалпы халықтық құқық бұзушылық теріс әрекеттерінің қоғамда өршіп, оның алдын алудағы құқықтық тәрбие берудің кемшін тартып отырғаны қоғамдағы өзекті мәселеге айналуда. Қазақта «ел боламын десең - бесігіңді түзе» деген нақыл сөз бар. Осы сөз арқылы айтылған бабалар аманатындағы жауапкершілікті ата-анаға ғана тиісті деп емес, қоғамдағы әрбір адамзат баласының саналы ұрпақты тәрбиелеудегі, білім берудегі қағидалы мақсаты деп түсінгеніміз жөн шығар.
Сондықтан да қоғам болашағы құқықтық мемлекет тағдырымен байланыстыра қарап отырған шағымызда ұлттық дәстүрлі ерекшелігімізді негізге ала отырып, жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесін жалпы білім беру мазмұнында қарастырудың маңыздылығы бүгінгі күні өз қажеттілігін танытып отыр.

1.2 Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны
Адам қоғамында сан алуан қатынастар, яғни байланыстар туындайды. Осы қатынастарды реттеу, тәртіптеу ережелер, қағидалар, нормалар негізінде болады. Норма дегеніміз мінез-құлықтың, жүріс-тұрыстың мөлшері, үлгісі, эталоны.
Нормативтік реттеу жүйесі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан тұрады. Олар әлеуметтік және әлеуметтік-техникалық нормаларға бөлінеді.
Қоғамның әлеуметтік нормалары дегеніміз қоғамдық қатынастарды реттейтін, қоғамдық пікір күші ықпалымен немесе мемлекеттің мәжбүрлеуімен қамтамасыз етілетін, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы, жүріс-тұрыстары ережелерінің жүйесі. Әлеуметтік нормаларға жататындар құқық нормалары, мораль (имандық, өнеге) нормалары, қоғамдық ұйымдар (корпоративтік) нормалары, әдет-ғұрыптар, дін нормалары және тағы басқа.

ІІ тарау. Құқықтық норма
2.1 Құқықтың қайнар көздері
Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында былай делінген:
1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.
2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
3. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.

2.2 Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы
Құқық – күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі қызметі – қоғамдық қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы.
Ал құқықтық норма дегеніміз, құқықтың бір ғана ереже қағидасы. Мысалы, құқықты үй деп санасақ, онда құқықтық норма осы үйдің бір кірпіші, торшасы.
Құқықтық норма - мемлекет таныған, қамтамасыз еткен, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын, олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже, норма.

3.1 Конституциялық құқықтық нормалар Конституциялық нормаларды топтастыру
Конституциялық-құқықтық нормаларды топтастырудың ең маңызды мәселесі — ол қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуіш ретінде нормалардың елеулі қасиеттерін көрсетіп соның негізінде теория - мен тәжірибенің мәселелерін шешуге жәрдемдесетін конституциялық-құқықтық норманың өзіндік ерекшеліктерін айқындау болып табылады. Ғылыми топтастыру нормаларды оқып білуді, жеңілдетеді, соның арқасында құқықтық ережелерді дұрыс түсінуге Конституцияны жалпы құқықтық реттеу механизімін мейлінше жетілдіруге мүмкіндік туады. Әрбір топтастыру белгілі бір мөлшерде шартты түрде және зерттеу мақсаттарына байланысты болады. Нормаларды әртүрлі негіздер бойынша жіктесуге - болады. Бұл мәселенің зор маңызы бар және топтастырудың мақсатына жету үшін жіктеу белгілерін дұрыс таңдау керек. Конституциялық-құқықтық нормаларды топтарға бөлуде зерттелетін объекті топтастырудың жалпы талаптарына сай болуы қажет. Ең алдымен, объектінің болатын жіктелу бағыты анықталады, содан кейін сол объектінің жіктелу негіздерін және нақты шекараларын анықтайтын қасиеттері қарастырылады. Топтастырудың негіздері ретінде тек ішкі заңдылықтарды, мәнді жалпылықты қамтып көрсететін қасиеттер ғана бола алады. Мұнда - жүйелердің айырмашылығы, ұқсастығы және өзара байланыстары ескерілуі керек. Барлық құқықтық нормаларда топтастырудың бірыңғай негіздері жоқ. Сол себепті, конституциялық-құқықтық нормалардың мәндік қасиеттерін анықтайтын белгілерді бекітудің әдістемелік талаптарын қалыптастыру туралы ғана сөз қозғалады.

3.2 Конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асыру
Конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асыру күрделі әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде көптеген өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады. Бұл жүзеге асыру процесінің әртүрлі элементтеріне (нысандары, құралдары, тәсілдері, механизмі, тікелей құқық субъектілерінің құқыққа сай мінез-құлық жүйесі, т.с.с.) қатысты.

Қорытынды
Сонымен, «Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы», атты дипломдық жұмысымды қорытындылай келе айтарым:
Қандай да болмасын ғылымның алғашқы ірге тасын сол ғылымға қатысты негізгі ұғым қалайтын болса, заң ғылымының алғашқы баспалдағын құқық түсінігі, оның мән-мағынасын қалыптастыратыны бізге жоғарыдағы тараулардан белгілі болды.
Неге менің бұл жұмысымда «құқық» түсінігі төңірегінде осыншама ой қозғалды деген сұрақ туындаса, оған мен былай жауап берейін: «Құқықтық норма» ұғымы, оның мән-жайы, белгілері өздігінен туындаған жоқ. Құқықтық норманың туындауына арқау да негіз де болған – «құқық» термині. Егер мемлекет (немесе қоғам) болмаса, сол мемлекеттің қарым-қатынасын реттейтін құқық болмаса, онда заңды жауап – құқықтың жазбаша нысаны – құқықтық норманың да болмайтындығы айдан анық.