Саясаттану ғылым және пәні
Жоспар
1. Саяси ғылымның пәні, зерттеу объектісі, және әдістері 3
2. Саясаттанудың міндеттері және қоғамдық ғылымдар жүйесіндеалатын орны 8
3. Саяси ғылымның даму тарихы 10
Негізгі әдебиеттер 18
1. Саяси ғылымның пәні, зерттеу объектісі, және әдістері
Саясаттану ғылымы да кәдімгі басқа ғылымдар тәрізді қалыптасудың және дамудың қилы жолдарынан өтті. Барлық қоғамдық ғылымдармен ықпалдасып отырады. Ол антикалық саяси-әлеуметтік әмбебап ойлардан бастау алады да, құқық және мемлекет туралы ғылымдар қалыптасқаннан кейін, саяси философия құрамына еніп, заңдық нормалардың өзегіне айналып, одан әрі өрбіді.
Бұдан соң саясатты оқып үйрену философиялық, әлеуметтік, психологиялық болып бөлінеді. Саясат туралы ғылымды саясаттануорнықтыру процестері жүріп жатқан қазіргі кезде әлеуметтік, құқықтық, тарихи және басқа түрлі көзқарастар мен әрекеттер туындап отыр.
2. Саясаттанудың міндеттері және қоғамдық ғылымдар жүйесіндеалатын орны
Қай ғылым болмасын белгілі бір функцияларды атқарады. Саясаттануда да ондай міндеттер бар. Оған ең алдымен танымдық (гносеологиялық) қызметтер жатады. Олай дейтініміз саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.
Саясаттану бағалау (аксеологиялық) қызметін атқарады. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді.
Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін де атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.
3. Саяси ғылымның даму тарихы
Адамзат қоғамы сияқты, ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет біркелкі дами қоймайды. Олардың шарықтап шалкитын, құлдырап түсетін де кезендері болады.