Инфляция және инфляцияға қарсы саясат
Жоспар
Кіріспе 3
I-Тарау. Инфляция және инфляцияға қарсы саясат 4
1.1. Инфляцияның себептері және түрлері 4
1.2 Инфляцияның альтернативтің көздері 7
1.3 Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары 11
1.4 Филлипс сызығы 14
1.5 Инфляцияға қарсы саясат 17
1.6 Әміршілдік - әкімшілік жүйе жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері 19
Қорытынды 20
Пайдаланған әдебиеттер 22
Кіріспе
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі – inflatio – (вздутие) – қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген. XIX ғасырда бұл термин Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі XX ғасырда бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кезінде көрінді.
I-Тарау. Инфляция және инфляцияға қарсы саясат
1.1. Инфляцияның себептері және түрлері
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныспен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер етеді.
1.2 Инфляцияның альтернативтің көздері
Батыс экономистері жасаған теорияларда инфляцияның альтернативті қайнар көздері ретінде сұраныс инфляциясы мен шығындар инфляциясына көрсетеді. Бұл концепциялар инфляция болуының әр түрлі себептерін атайды.
Сұраныс инфляциясы. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының бұзылуы сұраныстан көрінеді. Мұндағы негізгі себептер: мемлекеттік тапсырыстардың ұлғаюы (әскери, әлеуметтік шығындар), толық жұмыспен қамтылған кездегі өндіріс құрал-жабдықтарына сұраныстың өсуі,өндірістік қуаттардың толық жұмыс істеуі, кәсіподақтар әрекетінің нәтижесінде еңбекшілердің сатып алу қабілетінің жоғарылауы т.б. Осының салдарынан айналымға тауар көлемінен артық ақша түсіп, бағалар өседі. Мұндай жағдайда өндірісте жұмыспен қамту толық болғанымен өндірушілер ұлғайған сұранысқа тауар ұсынысымен жауап бере алмай қалады. Басқаша айтқанда айналымдағы төлем қаржыларының көбеюі шектелген тауар ұсынысына тап болады, сөйтіп бағаның жалпы деңгейі өседі.
1.3 Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары
Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарылатып, уақытша коньюнктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді тереңдетеді. Инфляция аттың тікіректеп шауып, бой бермеген кезендегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі рынокта тауарлар өткізуді қиындатады.
1.4 Филлипс сызығы
Инфляция жұмыспен қамтуға айтарлықтай әсер етеді. 1958 жылы ағылшын экономисі А.Филлипс оның ықпалын көрсететін «сұраныс инфляциясы» деген үлгіні ұсынды. 1861 – 1956 жылдардағы Ұлыбритания санақтары деректерін пайдалана отырып, ол жалақы ставкасы өзгеруі мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуелділіктің кері әсерін қисық сызық арқылы көрсетті. Сөйтіп, Англиядағы жұмыссыздықтың 2,5-3 проценттен артық көбейтуі баға мен жалақы өсуін күрт баяулататынын дәлелдеді.
А.Филлипс есебінің теориялық негізін экономист Р.Липси жасады. Бұдан әрі американ экономистері П.Самуэльсон және Р.Солоу Филлипстің қисық сызығына өзгерістер енгізіп, жалақы ставкасын тауар бағалары өсуі қарқынымен ауыстырды. Үкімет Филлипстің қисық сызығын сол күйінде экономикалық саясатты жасаудың құралы ретінде қолданды. Әсіресе ол толық жұмыспен қамту және өндіріс бағасының тұрақтылығын анықтайтын жағдайда пайдаланылды.
1.5 Инфляцияға қарсы саясат
Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары оған шалдыққан елдердің үкіметін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етті. Алдымен экономистер ең басты сұраққа жауап іздейді. Инфляцияны төтенше шаралар қолдану арқылы жою керек пе, әлде оған бейімделу керек пе? Бұл дилемма әр елде өзінше, сол елдің ерекшеліктеріне сәйкес шешіледі. Мысалы АҚШ-та, Англияда инфляцияға қарсы күрес мемлекет деңгейіндегі мәселе. Басқа бір елдер бейімделу шараларын қарастырады.
Инфляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын көрсеткен жөн. Бірінші бағыт белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал жасайды.
1.6 Әміршілдік - әкімшілік жүйе жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері
Соңғы жылдары инфляция бұрынғы КСРО елдеріндегі ең қиын халық шаруашылығы проблемасына айналды. Әміршілдік - әкімшілдік жағдайында инфляция “қысыңқы”, “басыңқы”, “жабыңқы” күйде болып, көптеген тапшылықтар болуы мен өнім сапасының үнемі төмендеу түрінде көрініп келді. Рыноктың құрыла бастауы инфляциялық процестерді едәуір дәрежеде өршітті. Инфляцияны бәсеңдету үшін баға мен табысқа түгелдей әкімшілік бақылауды күшейту нарық қатынастарының дамуына теріс әсер етті. 1992 жылға дейін бұрынғы КСРО елдерінде инфляцияға қарсы жан-жақты ойластырылған шаралар жүргізілген жоқ. Мысалы, Ресей Федерациясындағы, Қазақстандағы жағдайлардың күрделілігі инфляцияға қарыс саясатты тек жанама экономикалық әдістер арқылы жүргізуге болмайтынын көрсетті.
Қорытынды
Бүл курстық жұмыста студент ғылыми жетекшімен біріге отырып, басты шешілетін мәселелерді анықтап оларға тиісті жауап іздеп, оларды сараптап, реттеп, жинақтап біраз еңбек жазды. Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы – айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән “ғажайып” құбылыс емес. Ол – күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.