Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Глинозем өндірісі

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 7 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Біріктітіру жолымен нефелиндерден глинозем, цемент, соды өнімдерін алу


Жоспар

1 Біріктітіру жолымен нефелиндерден глинозем, цемент, соды өнімдерін алу 3
1.1 Біріктіру арқылы нефелинді кешенді қайта өңдеудің физикохимиялық негіздері 3
1.1.1 Нефелин шикіқұрамын даярлау 3
1.1.2 Нефелин шикіқұрамын біріктіру 4
1.1.4 Нефелинді шламды пайдалану 6
1.1.5 Соды мен сақар алу 6
Әдебиеттер 7

1 Біріктітіру жолымен нефелиндерден глинозем, цемент, соды өнімдерін алу

1.1 Біріктіру арқылы нефелинді кешенді қайта өңдеудің физикохимиялық негіздері

Нефелин кендерінің негізгі минералы және концентраты нефелин болып саналады: (Na, K)2 O . Al2 O1. 2SiO2. Нефелин құрамында алюминий оксиді, натрий, калий, кремний диоксиді бар. Нефелинді қалдықсыз технологиямен қайта өңдейді, осы орайда нефелин кенінің барлық негізгі компоненттері Al2O3 (Na, K)2 O және SiO2 пайдалы өнімдерді алуда қолданылады: глиноземді (Al2O3), содыны (Na2СО3), поташты (К2СО3) және портландцементті (нефелинді бірігу затын сілтісіздендіру жолымен).

1.1.1 Нефелин шикіқұрамын даярлау

Нефелинді шикіқұрам екі компоненттен тұрады: нефелин концентраты және әк тастан. Шикіқұрамға содыны еңгізбейді, нефелиннің өзінде сілті орын алған (Na2O + K2O), натрий мен калий алюминатын алюминий оксидімен байланыстыруға алғы шарт болып есептеледі. Бұндай шикіқұрамда сілті Al2O3 байланысына ғана артық сүйеп, қанықтыру көзделеді.

1.1.2 Нефелин шикіқұрамын біріктіру

Біріктіруде шикіқұрам компоненттерінің өзара әрекеті. Жақсы ұнтақталған және тиянақты араластырылған шикіқұрам тұрбалы айналыс пештерінде 200 – 13000С температурада біріктіріледі. Нефелиннің әкпен өзара әрекеті келесі реакциямен сипатталады: