Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 29 стр.

Полный просмотр работы

Нарықты сегменттеу


Мазмұны
Кіріспе 3
1.1 Нарықты сегменттеудің ұғымы, критерийлері мен белгілері 4
ІІ. Негізгі бөлім 15
2.1 Өндіріске арналған тауар нарығын сегменттеу қағидалары 15
2.2 Нарықты сегменттеу кезеңдері мен тәсілдері 16
2.3 Нарықтың мақсатты сегменттерін таңдау 18
2.4 Тауарларды нарықта позициялау 22
2.5 Нарықтың сыйымдылығы және үлесі 24
Қорытынды 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі 29

Кіріспе
Маркетинг тұрғысынан қарағанда нарықтар бір-біріне ұқсамайтын, әрбір рынокта ерекше тұтынушылардан тұрады.
Ал коммерциялық әрекет табысты болуы үшін тұтынушылардың әртүрлі категориясының айрықша талабын есепке алу керек. Ол рынокты сегменттеудің негізі болады.
Рынокты сегменттеу дегеніміз рыноктағы тұтынушыларды әртүрлі топтарға бөлу және әр топтың талабына сай жеке тауарлар мен оның маркетинг кешенін ұсыну болады.

1.1 Нарықты сегменттеудің ұғымы, критерийлері мен белгілері
Нарықты сегменттеу – маркетингтің тиімді құралдарының бірі. Ол кәсіпорын ресурстарын ұтымды пайдалануға негізделеді және тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүргізіледі.
Маркетингтік талдауға нарықтық сегменттеу тұжырымдамасын 1956 жылы американ ғалымы У. Смит енгізді. Кейін бұл тұжырымдама тұтыну тауарлары маркетингінде кең қолданыс тапты. Бұл тұжырымдама бойынша әр нарық мінез-құлықтары мен қажеттіліктері әр түрлі болып келетін сатып алушылардан тұрады. Сегменттеу – бір жағынан, ресурстарды оңтайландыру және маркетингтік бағдарламаны жасау үшін қолданылатын стратегия, ал екінші жағынан, нарықты белгілі бір топтарға бөлу әдісі.

1-сурет. Нарықты сегменттеуге негізделген маркетинг процесі

Тұтынушыларды (нарықты) мінез-құлқы мен сипаттамасы және түтыну өзгешіліктері негізінде топтарға бөлу процесі нарықты сегменттеу деп аталады.
Нарықты сегменттеу фирма үшін маңызды стратегиялық іс-әрекет болып табылады. Себебі ол фирманың әрекет ету шеңберін және нарықта табысқа жету үшін қажетті өзгермелілерді анықтауға мүмкіндік береді. Нарықты сегменттеу – маркетинг жөніндегі маман игеруге тиісті шеберлік.
Нарықты сегменттеу мыналарға мүмкіндік береді:

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Өндіріске арналған тауар нарығын сегменттеу қағидалары

Өндіріске арналған тауарлар нарығын сегменттеудің негізгі қағидалары тұтыну нарығының белгілеріне ұқсас болғанымен, кейбір айырмашылықтары бар. Аталған тауарлар нарығын сегменттеу қағидалары:
Өндірістің сипаттамасы. Оның нақты белгілеріне фирма кіретін өндіріс саласы, мысалы, машина жасау, ауыл шаруашылығы, мұнай өңдеу және басқалар, қолданатын технология, компания мөлшері, техникалық және қаржылық қорлар, капитал көлемі жайындағы, өнім өндіру көлемінің өсу барысы мен өнім түрлері, сондай-ақ оның даму келешегі мен болуы ықтимал тұтынушылар туралы мәліметтер жатады. Осылайша күрделі және қымбат тұратын жабдық шығаратын кәсіпорын үшін тұтынушы-фирмалардың технология деңгейін білу маңызды, өйткені қазіргі заманғы технологияны қолдану деңгейі төмен фирма жоғары сапалы технологиялық жабдықты сатып ала алмайды.
Географиялық ерекшелігі бойынша сегменттеу. Географиялық қағида бойынша сегменттеу нарықты әр түрлі территориялық бірліктерге бөліп тастауға негізделеді, яғни, мемлекет, облыс, аудан, ауыл және т.б. Бұл белгіні қолдану аймақтар арасындағы климаттық айырмашылықтарды пайдалану, тұтынушы ұйымдардың мекен-тұрақтарының шоғырлануын, көлік жағдайларын, бәсеке деңгейін және басқаларын есепке алуды меңзейді. Мысалы, фирма Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында іс-әрекет жасауға шешім қабылдады делік, алайда ол Солтүстік, Орталық, Шығыс, Оңтүстік және Батыс аймақтарындағы климаттық жағдайларды есепке алуы тиіс. Мысалы, Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстанда тауарларды өндіруде қыстағы қатты, әрі ұзаққа созылатын аяздарды, ылғалды, салқын күзді, Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Қазақстан қысының қысқа, әрі анда-санда болатын суығын, ыстық жазы мен құрғақ күзін есепке алуы тиіс. Бұл, әсіресе, құрылыс, жол, ауыл шаруашылығы және тасымалдау көліктері мен жабдықтарға қатысты.

2.3 Нарықтың мақсатты сегменттерін таңдау
Фирма нарықты сегменттегеннен кейін, сегменттердің тартымдылығын анықтай отырып, мақсатты сегменттерді таңдап алуы керек.
Нарықтың мақсатты сегменті – фирманың тиімді маркетингтік қызметі үшін таңдалған бір немесе бірнеше сегменттер. «Gallup Media Asia» агенттігі өткізген екі мың тұтынушыдан пікір сұрауының нәтижесін пайдалана отырып, нарықтың мақсатты сегментін анықтау мысалын көрсетуге болады. Кестенің көрсетуінше қораптағы «Ассорти» шоколадының мақсытты нарығы – бұл табысы ортадан жоғары, білім деңгейі жоғары немесе аяқталмаған жоғары, көбінесе басқарушылар, мамандар, қызметкерлер, ал жұмыс істемейтіндердің ішінде студенттер мен үй шаруашылығымен айналысатын әйел адамдар (8-кесте).
Жыныс-жас құрамы бойынша бұлар – негізінен 15-тен 44-ке дейінгі әйелдер мен ерлер. Сондықтан, кондитерлік кәсіпорындар өзінің маркетингтік «Ассорти» шоколадын өндіру және өткізу саясатында таңдалған мақсатты топтағы тұтынушылар категориясының өмірлік мүдделерін, пікірлерін, талғамдарын есепке алуы тиіс.

Қорытынды
Мен өз курстық жұмысымды қорытындылай келе мынадай ойға келдім.
Нарықты сегменттеу дегеніміз нарықтағы тұтынушыларды әр түрлі топтарға бөлу және әр топтың талабына сай жеке тауарлар мен оның маркетинг кешенін ұсыну болады.
Маркетинг іс-тәжірибиесінде нарықты сегменттеу арқылы фирма мынандай нәтижелерге ие болады:

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Есімжанова С.Р. «Маркетинг» Алматы 2003ж «Т.Рысқұлов» атындағы қазақ экономикалық университеті.
2. Нысанбаев С.Н., Садыханова Г.А. «Маркетинг негіздері» Алматы 2002ж «Қазақ университеті».
3. Сатыбалдыұлы С. «Маркетинг – нарықтану» Алматы «Білім» 1999ж.