Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Еңбек нарығының экономикасы

Тип: Реферат

Объем: 5 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Адам капиталы

Сапалық білімнің мәні жоғары білікті еңбек ресурстарының бар болу жағдайындағы экономикалық өсу мәселелерін шешуде маңызды рөл атқарады. Білім жеке еңбек өнімділігін жоғарлатуға қажетті және адамдардыңи әрекеттерін сынап талдауға, тиімді жазуға, мәселелерді шешуге, өндірсітің жаңа технологиясы мен әдістерін меңгеруге, арнайы пәндерді білуге көмектеседі. Білім табыстарды жоғарлатады, өйткені нарықтық экономика жағдайында жұмыс беруші білікті, көп өнім шығара алатын және компанияның табысына көп күш жұмсайтын жұмысшыларды қабылдауға тырысады. Сол үшін ол жұмысшының жалақы мөлшерлемесін көтереді. Жұмысшының жалақы мөлшерлемесі қосымша табыстың көлеміне тең болғанда ғана (MRP – ақшалай түрдегі шекті өнім), жұмыс беруші жалақы мөлшерлемесін көтеруді тоқтатады.

Адам капиталының теориясына сүйене отырып, білім алуға салымдар жоғары болғанымен, болашақтағы еңбек өнімділігі де жоғары болатынын атап өту қажет. Үміткерлердің білімдерін тестілеу арқылы тексеру оңай болып табылады, сонымен бірге жұмысқа деген қатынасты, тәртіптілігін, бағыну мүмкіндігін, ұжымда жұмыс істеу қабілеттігін тексеру үшін көптеген жылдар қажет.

Әрбір мемлекет немесе қоғам өзінің даму бағдарларын бекіту қажет. Осындай бағдар болып – адамның дамуы бойынша БҰҰ комиссиясымен дайындалған қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының сандық көрсеткіштері болуы мүмкін.
Адам дамуының индексі (Human Development Index) - бұл мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық даму деңгейінің индексі.
Бұл индекс адам әлуеті дамуының 3 негізгі құраушыларын анықтайды: