Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржылары – қаржы жүйесінің біртұтастығын құрайтын бөлік. Олар қаржының негізгі және туынды бөлігін құрайды, себебі олар елдегі ақша қатынастарының маңызды саласын, нақты айтқанда, өндірістік емес салалар шығындары, халық қажеттіліктерін қамтамасыз ететін көздер - ұлттық байлық, ұлттық табыс және жасалған қоғамдық өнімді алғаш бөлуді қамтиды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары өздеріне мына қаржыларды қамтиды: өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, құрылыс, көлік, жабдықтау; сауда, дайындау, жобалау, халықты қажетті тұрмыстық заттармен қамтамасыз ету, байланыс, коммуналдық қызметтер, көптеген қаржылық, несиелік, сақтандыру, ғылым, білім беру, медициналық, ақпараттық, маркетингтік және де басқа да қоғамға пайдалы қызметтерді жүзеге асыратын кәсіпорын, фирма, қоғам, концерн, ассоциация; салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылық аралық, салааралық, кооперативтік ұйымдар, мекемелер қаржылары кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, мекемелердің қаржылары арқылы іске асырылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы саласындағы қатынастардың көпқырлылығы іріленген топтарға келіп тіреледі; бұл қатынастар ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісінде мыналардың арасында пайда болады:
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы өнім өндіру және өткізу (жұмыс, қызмет көрсету) барысында ақшалай табыстарды, жинақтарды қорларды құру, бөлу, пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды білдірді.