Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экология

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 22 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Каспий теңізі - әлемдегі ең ірі тұйық су алабы


Жоспар
Кіріспе 3
I-Тарау. Каспий экологиясының жалпы сипаттамасы 4
1.1 Табиғат араша сұрайды 7
1.2 Мұнай мен бекіре 9
II-Тарау. Каспий теңізі - әлемдегі ең ірі тұйық су алабы 13
2.1 Каспий теңізін сейсмикалық барлаудың зияны 16
2.2 Каспий және қазақ тағдыры 18
Қорытынды 21
Қолданылған әдебиеттер тізімі 22

Кіріспе
Каспий өңірі соңғы жылдары бұл аймақтағы мұнай-газ кен орындарын қарқынды игеру оның атағын жаңғыртып-ақ жіберді. Жұртшылық оны еліміздің экономикасына жаңа серпін беріп, қайта өрлеуіне жол ашар деген үмітпен, оған көз тіге қалды. Мұнай мен газдың орасан зор қоры тек бұрын игеріліп келген Маңғыстау мен Ембіде ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның осы Батыс өңіріндегі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының жарасты қабаттарында «қара маржан» теңізі тұнып жатқаны анықталды.
Каспий өңірі көптеген Евразия халықтарының этникалық және мәдени бастауының маңызды бір ошағы екенін зерттеушілер баяғыда-ақ мойындаған. Бұл географиялық тұрғыдан алып қарағанда өзіне Арал – Каспий аралығын, Каспий өңірін қамтитын ұлан-ғайыр тарихи өлке болып табылады. Бұл облыстың тарихи шегі оңтүстіктегі Арал және Каспий теңізі, Үстірт қыраты, ал оңтүстік-шығысында Арал жағалауындағы Қарақұм арқылы мейлінше анық көрінеді, батысы құрлықта Еділ сағасымен шектеледі. Бұларға қарағанда солтүстік бөлігі шекарасы көмескелеу. Осы тұрғыдан келгенде Батыс Қазақстан – Даланың Ұлы белдеуін қамтитын мейлінше алып тарихи-мәдени кеңістіктің құрамдас бір бөлігі екендігіне көзіміз әбден жетеді.

I-Тарау. Каспий экологиясының жалпы сипаттамасы
Каспий экологиясы – Каспий теңізінде мұнай-газ өндіру және мұнай өңдеу кешендерінің дамуына байланысты. Қазақстанның батыс өңірінде қалыптасқан табиғи, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдай.

1.1 Табиғат араша сұрайды
Каспий өңірі экология прокуратурасының қоршаған ортаны қорғау заңдылықтарын қолдану барысына жүргізген тексерулерінің қорытындысына сүйенетін болсақ, еліміздің батыс өңіріндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық күйде қалып отыр. Орын алып отырған заң бұзушылықпен олқылықтарды сипатына қарай жіктесек, олар табиғатты пайдаланушылардың өз жұмыстарын жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының талаптарын орындамайтындығы, соның салдарынан табиғи ортаның сапасын нормалауға қойылатын негізгі принциптердің бұзылатындығы, нормадан артық ластайтын заттар шығару мен тастау жағдайларының қалыпты дағдыға айналуы, қоршаған ортаға төленетін төлемақылардың мезгілінде төленбеуі, табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланбау тәрізді кемшіліктермен сабақтасып жатады.

1.2 Мұнай мен бекіре
Бағдарлама бойынша экспедицияның алғашқы күнінде “Каспий: болашақ үшін әріптестік” және “Каспий: 3-ші мыңжылдықта” атты тақырыпта өтетін конференцияға Каспий теңізінің проблемаларының жетік білетін бірқатар ресейлік саясаткерлер мен ғалымдар қатысуы жоспарланған еді. Өкінішке орай, белгілі себептерге байланысты олардың көпшілігі қатыса алмады. Сондықтан болар, сөз алған ғалымдар мен эколог-сарапшылар саясаттан гөрі, Каспий теңізінің қазіргі және болашақтағы экологиялық жағдайына көбірек тоқталады.

II-Тарау. Каспий теңізі - әлемдегі ең ірі тұйық су алабы
Каспий теңізі – Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан тұйық су алабы. Дүние жүзінде ең ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Ауданы 376000 км^2, меридиан бағытында 1200 километрге созылған, орташа ені 300 км. Жағалау сызығының ұзындығы 2340 км., қалғаны Ресей, Әзербайжан, Түркменстан және Иран жерімен шектеседі. Беті мұхит деңгейінен 28 м. Төменде жатыр.

2.1 Каспий теңізін сейсмикалық барлаудың зияны
Итбалық тұқымдас тіршілік әлемдік мұхиттармен теңіздерде жеткілікті, алайда оның ерекше түрі Каспийде сақталуда. Оған себеп-бір кезде Каспий теңізі әлемдік мұхиттар мен жалғасып жатқан.ал теңіз жағасын мекендейтін саналуан тайпалар тайпалар ұзақ ғасырлар бойы оның майын ем үшін пайдаланып келген. Көбіне өкпесі ауыратындар үшін ол өте қажетті ем болған.

2.2 Каспий және қазақ тағдыры
Қазіргі таңда Каспий десе, Атырау алқабының тасы өрге домалағандай. Әсіресе, жерінің қойнауы мұнай мен газға бай Батыс Қазақстандағы халықтың бүгінгідей жұмыссыздық заманындағы бағы жанғандай көрінуі ғажап емес.

Қорытынды
Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны – Каспий теңізі. Баршамыздың ұрымтал тұсымыз – кәрі Каспий. Оның шамданған, шамырқанған ашулы сәттеріне талай мәрте куәміз. Жарықтық, ақжал да бұйра толқындарын алға сап әлденеше рет көз алартты. Даламыз былай тұрсын, қаламыздың іргесіне шейін су шайып, төбе шашымыз тік тұрды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
“Каспийское море” А.Г.Касымов. Ленинград. “Окружающая среда Северо-восточного Каспия” Информационный экологический бюлетень. 2001 г. №1
“Экологические проблемы Казахстанской части Северного Прикаспия и пути их решения” Информационный экологический бюлетень. 1999 г.