Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Салық және салық өндіру

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 54 стр.

Полный просмотр работы

Қосылған құн салығы

ЖОСПАР
Кіріспе 3
1 Қосылған құнға салынатын салықтың теориялық негіздері 6
1.1 Қосылған құнға салынатын салық: экономикалық мәні мен мазмұны 6
1.2 Қазақстан Республикасында қосылған құнға салынатын салықтың қалыптасуы мен дамуының алғы шарттары 17
2 Қосылған құнға салынатын салықты есептеу механизмі және қызмет етуі 24
2.1 Қосылған құнға салынатын салықты бүгінгі таңда қолдану механизмі 24
2.2 Қосылған құнға салынатын салық түсімдеріне экономикалық талдау 40
Қорытынды 51
Қолданылған әдебиеттер 54

Кіріспе
Қандай да болмасын мемлекеттің атқаратын қызметінің ең маңызды, басты түрі мемлекеттік кірістерді қалыптастыру екені бізге белгілі. Мемлекеттік кіріс деп, мемлекет қарамағына әртүрлі түсім көздерінен келіп түсетін және өзіне тән міндеттерін шешуге, сондай-ақ функцияларын жүзеге асыруға пайдаланылатын қаржылық ресурстарды айтуға болады. Сол мемлекеттік кірістердің қатарынан салықтар да өзіне тиісті, өте маңызды орын алады.
Салықтар мемлекеттің басқа да атрибуттары сияқты (мысалы, өкімет билігі, мемлекет аумағы, егемендігі, қарулы күштері, қаржылары және т.б.) мемлекеттер құрыла бастаған кезде пайда болған және олар әрқашан да мемлекеттің мемлекет болып қалыптасуының, сондай-ақ оның өсіп өркендеуінің негізгі материалдық тірегі болып табылған. Алғашқы кездерде мемлекетті ұстауға қажетті қаражаттар сол мемлекет тұрғындарынан заттай немесе ақшалай күйінде алынған болса, кейіннен олар тұрақты, жүйелі түрде ақшалай алынатын міндетті төлемдерге - салықтарға айналған.

1 Қосылған құнға салынатын салықтың теориялық негіздері
1.1 Қосылған құнға салынатын салық: экономикалық мәні мен мазмұны
Жалпы, салық жүйесінде негізгі рөльді жанама салықтар алады. Оларға: қосылған құн салығы, акциздер, баж салықтары жатады.
Жанама салықтарды сатушы емес сатып алушы, яғни тұтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын-ала салық енгізілгендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады.
Жоғарыда аталған салықтардың ішінде және бюджет кірістерінің көздері құрамында ең маңызды рөльді “Қосылған құнға салынатын салық” алады.
Тұтыну салықтары жанама салықтардың маңызды тобы ретінде дамыған мемлекеттердің салық салу тәжірибесінде ертеден қолданылуда. Алғашқыда, 1950 жылдарға дейін бұл топқа тек екі салық кірді: айналым салығы және сатуға салынатын салық.
Айналымға салынатын салық- өзінің табиғатына сәйкес тауар айналымының өндірушіден соңғы тұтынушыға дейінгі қозғалысының әрбір стадиясында, бірнеше рет салынады.
Сатуға салынатын салық- тауарды соңғы өткізу кезінде тауар құнынан процент түрінде алынады.
Айналым салығын сату салығынан ерекшелендіретін белгілер:

1.2. Қазақстан Республикасында қосылған құнға салынатын салықтың қалыптасуы мен дамуының алғы шарттары
1970–1980 жылдары шет мемлекеттерінің салық саясатындағы аса маңызды жаңалық - ол қосылған құнға салынатын салықтың кең таралуы. Салықтың теориядан практикаға мұндай жылдам қарқынмен өтіп әлемдегі көптеген мемлекеттердің бюджетінің кіріс көзіндегі тұтынуға салынатын салықтардың ішінде басыңқы жағдайға ие болуы тарихта бұрын соңды болмаған еді.
Қосылған құнға салынатын салықты ең алғаш 1954 жылы М. Лоре (Франция) ойлап тауып, қызмет ету схемасын көрсеткен. Сонымен қатар, ол сол кезде Францияда қызмет етіп тұрған айналым салығын қосылған құнға салынатын салық толық ауыстыра алатынын дәлелдеген. Мұның есебі ретінде айналым салығының жағымсыз кері әсерінің көптігі көрінеді.
Қазіргі кезде қосылған құнға салынатын салық өзінің жалпы нысанында келесі 39 елдің салық - бюджет жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады:

2 Қосылған құнға салынатын салықты есептеу механизмі және қызмет етуі
2.1. Қосылған құнға салынатын салықты бүгінгі таңда қолдану механизмі
Қосылған құнға салынатын салықтың объектілері мыналар:
1) салық салынатын айналым;
2) салық салынатын импорт болып табылады.
Салық салынатын айналым - өнімдерді, тауарларды өндіру немесе сату, сонымен қатар жұмысты өткізуден түскен айналым.
Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша айналым:

2.2 Қосылған құнға салынатын салық түсімдеріне экономикалық талдау
Қосылған құнға салынатын салық кіріс көздерін алушылардан алынатын жанама салықтың түрі және тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) бағасын өз құрамына кіргізеді. Қосылған құн салығы бюджетке төленеді.
Сондықтан жоғарыдағы мәліметтерді қарастыра отырып, енді қосылған құн салығының соңғы жылдармен салыстырғандағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің бюджет кіріс көзіндегі 2001 жылдан бергі үлес салмағы туралы мәліметтерге көңіл аударалық.

Қорытынды
Мемлекетпен нарықтық экономиканың қалыптасуына әсер ете алатын экономикалық тетіктер арасында басты рөл салықтарға беріледі. Кез келген мемлекеттің нарықтық дамуы мемлекеттік өмірдің, әсіресе оның экономикасының басты жақтарының реттегіші ретінде салық саясатын пайдалаыуды кең таратуды көздейді. Отандық және шетелдік тәжірибеде салық және салық жүйесі экономиканы басқарудың ең мобильді қаржылық институттының бірі болып табылатынын көрсетеді.
Қазақстанда нарықтың экономикалық аяқтан тұру шарттарында кәсіпкерлік қызметке жағымсыз әсер тигізбейтін, рационоалды салық жүйесінің құрылуы бара-бара аса маңызға ие бола бастады. Сондықтан шаруашылық субъектілер мен бюджет арасындаы экономикалық арақатынастарды құруда салықтын қазынашылық және реттеушілік қызметтерін сәтті қосуға мүмкіндік беретін, кәсіпкерлердің іс-әрекеттерін салықтық реттеуді оптимизациялау айтарлықтай күрделі мәселелердің бірі болуда. Осы мәселелерді неғүрлым тездетіп шешуден халықтың әлеуметтік жағдайын экономикалық дағдарыстың ұзақтығын, жүргізілетін экономикалық реформалаудың сәттілігі тәуелді.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша қосылған құнға салынатын салықтың есептеу әдістемесі және салық салу проблемаларын кешенді зерттеу өзекті болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының “бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Заңы (Салық кодексі). Алматы, 2004ж.
2. “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” ҚазақстанРеспубликасының кодексі (салық кодексі) Ресми газет №26(26), маусым 2001 жыл Алматы “Бико” Баспа үйі.
3. “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы. 24.04.1995ж., 1999 жылғы сәуір айындағы өзгертулер мен толықтырулармен қоса.
4. “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер тура лы” Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1997ж.
5. А.Алипов “Проблемы налогообложения малого и среднего бизнеса в Республике Казахстан” Москва 2000 жыл.
6. Баймурзаев Р, Аносов Л, Жарилгасимова Г “ Налоги в Казахстане ” Алматы “Жеті Жарғы” 1997 жыл.
7. Ермекбаева Б.Ж. “Жалпы мемлекеттік салықтар” Оқу құралы “Экономика” баспасы 1997 жыл.
8. Ермекбаева Б.Ж, Зейнельгабдин А.Б, Ильясов К.К. “Налоги и налогообложение” Алматы 1995 жыл.
9. Ермекбаева Б.Ж. “Салықтар және салық салу” Алматы, “Қазақ Университеті” 2003ж.
10. Ермекбаева Б.Ж., Лесбеков Ғ.А. “Налоги и налогообложение” Алматы, 2002ж.
11. “Егеменді Қазақстан” Үсенова Н “Салық халық несібесі – ол өркенниет үшін төленетін төлем” 27 қыркүйек 2000 жыл №236 – 239
12. “Егеменді Қазақстан”: “Салықтың жеңілдетілуі – реформаның жарқын жетістігі” 30 маусым 2001 жыл №136.
13. “Егеменді Қазақстан” Қалманбетова Г “Салық жеңілдіктері: кемшілігі мен артықшылығы” 27 наурыз 2001 жыл.
14. Ильясов К.К., Идрисова Э.К. Налоги развитых зарубежных стран.-Алматы, Қаржы-қаражат7
15. Мельников В.Д, Ильясов К.К “Финансы” / “Экономика” 2001 жыл.
16. “Налоги и налогообложение” Под. ред. Т.Ф. Юткина Москва: ИНФРА – М 2000 жыл
17. “Налоги и налогообложение” Под. ред: И.Г Русакова, В.А.Кашина Москва: Юнити 2000 жыл.