Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Психология

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 10 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Кіші оқушылардың темперамент көріністері


Жоспар
1 Кіші оқушылардың темперамент көріністері 3
1.1 Темперамент жөнінде түсінік 3
1.2 Темперамент туралы теориялар 4
1.3 Кіші оқушылар темпераменті 5
1.4 Оқушылар темпераментінің физиологиясы 6
1.5 Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы 6
1.5.1 Сангвиник 6
1.5.2 Флегматик 7
1.5.3 Холерик 8
1.5.4 Меланхолик 9

1 Кіші оқушылардың темперамент көріністері
1.1 Темперамент жөнінде түсінік
Темперамент - 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні - адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Әр адамның, баланың жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталан бастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы - қозғалғыштығы - бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі.

1.2 Темперамент туралы теориялар
Темперамент жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері - Гиппократ.Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт «дене шырындарының» - қан, шырыш, өт, запыран - өзара қатынасымен ажыратылады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығымен байланыстырды.
Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: сангвиник (sangius - қан), флегматик(phlegma - шырыш), холерик( chole - өт), меланхолик(melaschole - запыран). Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигізді.

1.3 Кіші оқушылар темпераменті
Егер сіз кіші оқушыларды қадағалайтын болсаңыз, олар сабақта да, үзілісте де, ойын үстінде де, еңбек, дене шынықтыру сабақтарында да олардың активтілігі және эмоциялары әртүрлі болады. Кейбіреуі тым қозғалғыш, сабақта өте белсенді, өзгерістерді елемей тез араласып кетеді және олардың эмоциялары өте айқын, ұстамсыз түрде көрінеді. Ал, екінші біреуі, байсалды, баяу жұмыс істейді, сөйлегені созылыңқы және бірқалыпты, эмоциялары мүлде көрінбейді деуге болады.Бұндай балалар өз жетістігі мен кемшіліктеріне мән бермейді. Ал, енді кейбіреулері, еті тірі, сөзшең, өмірге риза, бірақ бейқам, қозғалғыш, сезімге тез берілетін балалар.

1.5 Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы
1.5.1 Сангвиник
Бұл тип өкілі - еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып - қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелігіне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды.

1.5.2 Флегматик
Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді.

1.5.3 Холерик
Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді.

1.5.4 Меланхолик
Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі.