Табиғат ресурстарын пайдалану төлемдері
Жоспар
1 Табиғат ресурстарын пайдалану төлемдері 3
1.1 Төлем түрлері мен анықтау ұстанымдары 3
1.2 Жер қойнауын пайдалану төлемдері 9
Әдебиеттер 16
1 Табиғат ресурстарын пайдалану төлемдері
1.1 Төлем түрлері мен анықтау ұстанымдары
Нарық қатынастарына негізделген экономиканың негізін тауар айналымы құрайды. Бұл жағдайда қоғамдық қарым-қатынасқа қатысатын табиғат ресурстары, оның ішінде табиғи ортаның сыйымдылығы, өндіріске, тіршілікке қолайлығы тауарға айналады.
Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың ең басты шарты олардың ақылы болып келетіндігі. Өйткені, табиғат ресурстарын пайдалану тегін болса, оларды үнемдеп, ұтымды пайдалануға, табиғатты қорғауға, қорын молайтуға жұмылдыратын экономикалық механизм тудырмайды, мүдде арқылы ынталандырмайды. Ол табиғат ресурстарының ысырабына әкеп соғады.
Табиғат ресурстары жалпыхалықтық (мемлекеттік) меншікте болып, пайдаланушыларға тегін берілген жағдайда үнемдеу нормалары болуына, олардың мемлекет тарапынан үнемі қадағалауына қарамастан, ысырапшылыққа жол берілді. Мысалы, жалпыхалықтық меншікті қолдайтын бұрынғы Кеңес Одағында жалпы өнімнің бір өлшеміне әлемде ең көп мөлшерде табиғат ресурстары жұмсалды.
1.2 Жер қойнауын пайдалану төлемдері
Еліміздің минералдық ресурстары әлемнің барлық елдерінің қызығушылығын танытып отыр және қарқынды игерілуде. Көптеген тау-кен кәсіпорындары, металлургия комбинаттары шетелдік компанияларға контракт негізінде берілді. Осындай жағдайда минералдық шикізат қорын пайдаланғаны үшін төлемдер, әсіресе көмір сутектер мен металды рудалар үшін төлемдер бюджеттің негізгі көзіне айналды. Сондықтан минералдық шикізат қорына төлемдерді дұрыс анықтау және қолдану экономикамыз үшін өте маңызды.
Минералдық шикізат қорын пайдалану төлемдері ең күрделі, әрі жан-жақты қызметтер атқарады.
• Кен орындарын іздеу, барлау жұмыстарына жұмсалған шығындарды қайтарады, геологиялық жұмыстарды қаржыландыруға қор жинақтайды. Мұндай төлем бұрыннан қолданылып келеді.
• Минералдық шикізат халықтың игілігі және әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қызмет етуі тиіс. Сондықтан пайдалану құқығы үшін төлемдер белгіленеді.