Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономикалық теория

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 28 стр.

Год: 2007

Полный просмотр работы

Инфляция мен жұмыссыздықты мемлекеттік басқарудағы жолдары


Мазмұны
Кіріспе 3
І-тарау. Инфляция мен жұмыссыздықты мемлекеттік басқарудағы жолдары 6
1.1 Инфляцияның мәні, түрлері және оның пайда болу себептері 6
1.2 Инфляция деңгейін анықтау жолдары 14
1.3 Жұмыссыздық нысандары және түрлері 17
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер 28

Кіріспе

Жұмыссыздықтың өзекті мәселесін табиғи деңгейі еңбек нарығының құралымымен анықталады. Бірақ та жұмыссыздықтың деңгейін сақтау, инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге арналған экономикалық саясат үнемі оңды нәтиже бере бермейді. Бұл саясаттың жақсы жақтарын ескере отырып, осы мәселені қайтаруымызға болады. Айталық жұмыссыздық өзінің табиғи деңгейіне дейін төмендегенде де бағалардың өсуі бірдеп тоқталмайды, керісінше бірден тоқталмайды, керісінше біраз уақыт өсу жалғаса беруі мүмкін.
Берілген бітіру жұмысымның мақсаты инфляцияны тежеу, экономиканың «қызып кетуінің» теріс салдарын болдырмау, инфляцияның теріс салдарын төмендету және экономикалық өсуді ынталандыру үшін нақты айырбас бағамының қажетті икемділігінің ұстау, қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге Үкімет пен Ұлттық Банктің экономикадағы ақша ұсыныстарын реттеуді, бәсекелестікті дамытуды және ішкі тауар нарықтарының теңгерімділігін арттыруды, тариф және сауда саясаты жөніндегі іс – шараларды жүргізуді болжайтын инфляцияға қарсы кешенді саясатын қалыптастыру және іске асыру жолымен қол жеткізілетін болады.

І-тарау. Инфляция мен жұмыссыздықты мемлекеттік басқарудағы жолдары

1.1 Инфляцияның мәні, түрлері және оның пайда болу себептері

Инфляцияның мәні – ол тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция қоғамдық ұдайы өзгерістегі диспропорцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен шығынның үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез – келген экономикалық формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салалары арасында, коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.

1.2 Инфляция деңгейін анықтау жолдары

Ұлттық валюта енгізілген кезден бастап ұлттық валютаның салыстырмалы бағасы мен теңгенің эквивалентінің жасанды инфляциялық құнына дисэквивалент үздіксіз енгізіліп отыр. Ақшаның (қағаздың) қызметі – ол экономикалық қатынастарды белгілеу, тіркеу, бірақ оның қызметіне жаңа құн жасау кірмейді. Ақша табиғатының бұрмалануы және мойындалмауы олардың айырбас құралына жаңа жасанды құн жасау құралына айналуына, өзінің жеке құнына ие болуына және осы құнды аластап алу құралы болып өзгеруіне әкеліп соқты. Сондықтан, нарықтық өзгерістердің бас кезінде елдің қаржы, несие құрылымдары өз назарларын аса рентабельді қаржы – қаражат саласына шоғырландыра отырып, өндірістік қызметті қаржыландыру мен несиелендіруден бойларын аулақ ұстайды.