Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банк ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 32 стр.

Полный просмотр работы

Ипотекалық несие

ЖОСПАР
К І Р І С П Е 3
1. ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕНДІРУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 4
1.1 Ипотекалық несиелендіру жүйесі: ұғымы, бағыттары, түрлері 4
1.2. Ипотекалық несиелендірудің Қазақстанда дамуының рөлі мен алғышарттары 10
1.3. Тұтыну мақсатында берілетін ұзақ мерзімді несиені ұсыну және өшіру тәртібі 12
II. «БТА ИПОТЕКА» ЖӘНЕ «ҚАЗАҚСТАН ИПОТЕКАЛЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕРІ 14
2.1. «БТА Ипотека» компаниясының ипотекалық несие түрлерінің ерекшеліктері 14
2.2. АҚ «Тұран - Әлем Банкінің» ипотекалық несие түрлері 15
2.3. «Қазақстанның халықтық банкі» АҚ ипотекалық несиелендіруді
талдау 17
ІІІ. ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ 23
3.1. Ипотекалық несиенің даму перспективасы 23
3.2. АҚ «Қазақстан Ипотекалық Компаниясының қаржы нарығына шығуы 26
3.3. Тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі Мемлекеттік бағдарлама бойынша ұсынылатын бағасы төмен тұрғын үй 27
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 32

К І Р І С П Е
Ипотека дегеніміз б.з.д. І-ІІ ғ. Рим шекарасында белгілі болған. «Ипотека» термин ретінде б.з.д. VІ ғ. Пайда болды. Ипотека грек тілінен аударғанда кепілдік деген мағына береді.
Қазақстанда ипотекалық несиелеу меншік туралы Кеңес Үкіметінің заңы қабылданғаннан кейін мүмкін бола бастады. Шын мәнінде алғашқы ипотекалық несиелеу тұрғын үй құрылыс мемлекеттік бағдарламасымен 1994-1995 жылы жүзеге асырыла бастады. Ал бүгінгі таңда коммерциялық банктердің дәстүрлі – базалық қызметі – экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Көптеген елдерде ипотекалық несиелендірудің халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудегі ролі баршаға белгілі. Шағын болса да тұрақты табысы бар халық топтары үшін тұрғын үй сатып алуға жағдайлар жасаумен қоймай, ипотекалық несие құрылыс саласына инвестициялар тартуға мүмкіндік беріп, қор рыногының жаңа сегменті - ипотекалық құнды қағаздар рыногының әрекет етуіне септігін тигізді. Осының барлығы тақырыптың өзектілігін, зерттеу объектісін және мәнін, сондай-ақ оның мақсаттары мен міндеттерін таңдауға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты ретінде қазіргі күнгі Қазақстандағы ипотекалық несиелендірудің даму жолдарын талдау көзделіп отыр. Мұндай мақсатқа коммерциялық банкте тұтынушылық несиелендіру жөніндегі қалыптасқан көзқарастарды және оны арттыруға бағытталған іс-шараларды жүйеге келтіру қажеттілігінен туындап отыр.

1. ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕНДІРУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Ипотекалық несиелендіру жүйесі: ұғымы, бағыттары, түрлері
Жылжымайтын мүлікті, оның ішінде меншіктегі жерді де, кепілге қоюмен және сол арқылы мәмілені сенімді етіп берілетін ипотекалық несие несиелендірудің нарық экономикасында белсенді қолданылатын нысандарының біріне жатады. Жерге деген меншік құқығы нарықтық несиелік қатынастар аясына меншігінде жекешелендірілген пәтерлері, жер телімдері, тұрғын үй қорлары бар кәсіпорындарды, ұйымдарды, фирмалары, халықты тартады.

Банк беретін несиенің сомасы әдетте жер сатып алу және оны жайластыру құнының, тұрғын үйді салудың (реконструкциялаудың) немесе кепіл шартында белгіленген оны сатып алу құнының 70 процентінен аспауы тиіс, ал шығындардың қалған бөлігін қарызданушы өз қаражаты есебінен жұмсауы шарт.
Құрылысқа несие беру туралы шешімді несие беруші банк қарыз алушының несиелік тапсырысы негізінде қабылдайды.
Несиені пайдаланудың мақсаты мен мерзімі, оны қамтамасыз ету нысаны көрсетілетін ссуда бөлу туралы өтінішпен қатар, тапсырысқа мыналар кіреді:

1.2. Ипотекалық несиелендірудің Қазақстанда дамуының рөлі мен алғышарттары
Ипотекалық несиелендірудің көптеген елдерде халықты баспанамен қамтамасыз етуде атқаратын рөлі көпшілікке мәлім. Табыстары шағын болғанымен, оны тұрақты алатын азаматтар үшін тұрғын жайды меншікке сатып алуға жағдай жасаумен қатар, ипотекалық несиелендіру жүйесі құрылыс саласына инвестициялар тартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол қор рыногының жаңа сегменті - ипотекалық құнды қағаздар рыногын қамтамасыз етеді.

1.3. Тұтыну мақсатында берілетін ұзақ мерзімді несиені ұсыну және өшіру тәртібі
Тұрғын үй құрылысын жүргізу және сатып алу мақсатында II-ші деңгейлі банктер жеке тұлғаларды олардың ұсынған жылжымайтын мүліктер залогы есебінен ұзақ мерзімге несиелендіре алады. Несие мерзімдері мен ұсталынатын сыйақы мөлшері әр банк басқармасының бекітуі бойынша еркін белгіленеді. Банк есебіне алу үшін ұзақ мерзімді несиелер бойынша төмендегі шот түрлері белгіленген:

II. «БТА ИПОТЕКА» ЖӘНЕ «ҚАЗАҚСТАН ИПОТЕКАЛЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕРІ
2.1. «БТА Ипотека» компаниясының ипотекалық несие түрлерінің ерекшеліктері
Қазіргі таңда Қазақстанда ипотека әркімге тиімді және кеңінен қолданылып келе жатыр.Сондықтан да көптеген қаржылық мекемелер ипотекалық несиенің бірнеше түрлерін ұсынады. Алайда барлық мекемелерде ипотека шарттары ұқсас болып келеді.

2.2. АҚ «Тұран - Әлем Банкінің» ипотекалық несие түрлері
АҚ «Тұран - Әлем Банкінің» ипотекалық несие бағдарламасы ерекшелігі:
1. Элитті баспанаға, екіншілікті рыноктағы жылжымайтын мүлікке ие болу, тұрғын үй құрылысы үлесінде қатысу, сондай-ақ коммерциялық жылжымайтын мүлікке ие болу мүмкіндігі;
2. Табысты растауды қажет етпейтін несие алу мүмкіндігі;

2.3. «Қазақстанның халықтық банкі» АҚ ипотекалық несиелендіруді талдау
Несиелік операциялар ХБ АҚ қызметінің негізгі құрамдас бөлігіне жатады. Банк Азиялық Даму Банкі, Еуропаның Қайта құру және даму банкі, Әлемдік банк секілді халықаралық қаржы институттарының несиелік желілерін ойдағыдай игеріп келеді.

ІІІ. ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
3.1. Ипотекалық несиенің даму перспективасы
Ипотекалық несиелеу нарықтық экономикада кеңінен таралған несиелеудің формасы болып табылады. Ол қозғалмайтын мүліктік кепілзат арқылы, сонымен қоса жер меншігі арқылы беріледі. Жер меншігі нарықтық несиелік қатынастар жүйесіне кәсіпорындарды, ұйымдарды, фирмаларды, халықты тартады.
Ипотекалық несиелеу кәсіпорындардың, фирмалардың және құрылыстың қажеттіліктерін мемлекеттік қаржы көздерінің орнын басуында үлкен рөлін атқарады. Ипотекалық несиелеудің дамуы инфляцияның жоғары қарқынды жағдайында және ұзақ мерзімдік несие ресурстарының тапшылығы жағдайында шаруашылық жүргізетін субъекттердің инвестициялық белсенділігін үлкейтуге мүмкіндік береді.

3.2. АҚ «Қазақстан Ипотекалық Компаниясының қаржы нарығына шығуы
Көптеген қазақстандықтар өздерінің тұрғын үй мәселелерін ипотекалық несиелердің қолайлылығының артуы арқасында шешуде. Ипотекалық бизнестің Қазақстандағы қарқынды дамуы төрт жыл бұрын басталды, ал мұның алғы шарты болып қаржы нарығында «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Акционерлік қоғамының пайда болуы табылады. Оны 2000 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ҚР- дағы тұрғын үй құрылысына ұзақ мерзімді несие беру және ипотекалық несие беру жүйесін дамыту концепциясын жүзеге асыру мақсатында құрған.

3.3. Тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі Мемлекеттік бағдарлама бойынша ұсынылатын бағасы төмен тұрғын үй
Қаржы жүйесінің дамуы, қаржы нарығындағы жағдайдың жақсаруы, ипотекалық несиелендіру көлемдерінің көбеюі несие бойынша төленетін сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне әкелді. Осы жүйені енгізіп дамыту арқылы халық ұзақ мерзімді ипотекалық несие түрінде берілген қаржыға бастапқы, сондай-ақ екінші нарықта да дайын тұрғын үй сатып алу, сонымен қатар үй салу және жөндеу мүмкіндігіне ие болады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Несиелендіру субъектісіне қарай, тұрғын үй құрылысына берілетін ипотекалық ссудаларды оның болашақ иесіне берілетін және мердігерлерге берілетін несиелерге бөлуге болады. Несиелерді берудің сұлбасы мен шарттарын банк қарыз алушымен келісіп белгілейді. Несилендіру құралы ретінде ауыспалы проценттік мөлшерлеме, негізгі қарыз сомасын индекстеу, қарыз алушының төлем енгізу мерзімдерін ұзарту қолданылады. Несиенің түріне қарай, кепілзат (ипотека) туралы келісімде несиені кепілдік қамсыздандырудың нысаны, көлемі және тәртібі көрсетіледі.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. «Қазақстан Республикасында құнды қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеу туралы» ҚР 1997 жылғы 5 наурыздағы заң;
2. «Жылжитын мүлікті кепілге қоюды тіркеу туралы» ҚР 1998 жылғы 30 маусымдағы № 254-1 Заң;
3.«Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне ипотекалық несиелендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң;
4.«Тұрғын үй құрылысы жинақтары туралы» ҚР Заңы;
5. Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық Комиссиясы 1996 жылдың 20 желоқсанында бекіткен №156 Облигацияларды шығару мен өтеудің тәртібі туралы ереже;
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 888 қаулысы.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 373 қаулысы.
8. « Жылжымайтын мүліктің ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығы;
9. Тұрғын үй құрылысын ипотекалық несиелендірудің қалалық бағдарламасы туралы» Астана қ. Маслихатының 1999 жылғы 6 қазандағы № 259/47 шешімі;
10. Астана қ. ипотекалық несиелендіру мен тұрғын үй құрылысын дамыту туралы бағдарлама. Астана қ. Маслихатының 2001 жылғы 25 желтоқсандағы № 123/26-ІІ шешімі.
11. Абишев А. Оптимизм – штука тонкая// Новости недели, вторник 4 марта 2003 года.