Нақты қылмыс себептері мен шарттары
Жоспар
1 Нақты қылмыс себептері мен шарттары 3
2 Нақты қылмыс жасаудың әлеуметтік-психологиялық механизмі 6
3 Нақты өмірлік жағдайдың нақты қылмыс жасаудағы нақты рөлі 9
Ұсынылатын әдебиеттер 22
1 Нақты қылмыс себептері мен шарттары
Жекелеген қылмыстық мінез-құлық деңгейінде зиян келтіру механизмін зерттеу мен анықтау үшін диалектиканың бастапқы әдістемелік қағидаларына жүгінуіміз қажет. Осы бағытта «жекелеген», «ерекше» және «жалпы» әрекеттер нақты құбылысты, белгілі бір құбылысты, объективті шындықтың белгілі бір жақтарын көрсетеді.
Гегель кезінде былай деп жазған еді, жекелеген деген сөз – тікелей, нақты бір нәрсе, ал ерекшелік – жекелегеннің белгілі бірі, қасиеті немесе қатынасы, жалпылық деген одан гөрі абстракциялы, ерекшеліктегі жекегегеннен гөрі белгісі.
2 Нақты қылмыс жасаудың әлеуметтік-психологиялық механизмі
Нақты бір қылмыс жасаудың әлеуметтік-психологиялық механизмі адамның кез келген қылығы ретінде оның әрекет етуінің белгілі бір элементтері мен кезендерінен құралады. Нақты қылықтың психологиялық элементі болып, осы қылыққа байланысты қажеттілікті, мүддені, себепті, мақсатты көрсететін адамның адамгершілік қасиеті саналады. Ал қызмет ету механизмінің кезеңдері адамгершілік қасиеттердің қалыптасуы, оларды өміршеңдікке айналдыру, мінез-құлықтық шешім қабылдау және оны жүзеге асыру болып табылады.
3 Нақты өмірлік жағдайдың нақты қылмыс жасаудағы нақты рөлі
Қолайсыз жағдайларда қалыптасқан адамгершілік қалыптасуының әсерінен пайда болған адамның тұлғалық теріс қасиеттері белгілі бір жағдайда қылмыс жасауға әкеп соқтырады.
Қылмыстық жағдай – тұлғаның әлеуметтік ортадағы өзара әректтестігінің ерекше деңгейі, сонымен бірге адамның адамгершілігі қалыптасу кезінде қолайсыз жағдайларға байланысты қылмыс жасауға мәжбүр болуы.