Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Кристаллография және металлография

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 14 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Минералдарды морфологиялық және физикалық белгілері бойынша белгілеу


Жоспар

1 Минералдарды морфологиялық және физикалық белгілері бойынша белгілеу 3
1.1 Негізгі теориялық мәліметтер 3
Әдебиеттер 14

1 Минералдарды морфологиялық және физикалық белгілері бойынша белгілеу

1.1 Негізгі теориялық мәліметтер

1.1.1 Монокристалдардың морфологиялық ерекшеліктері. Минералдардың пайда болған жақсы кристалдары сирек кездеседі, бірақ бірнеше минералдарға олардың кристалл түрлері соншама тән, ол маңызды диагностикалық белгісі болады. Мысалы кварцтың призматикалық кристалдары: қырлары киылған ромбоэдр мен трапецоэдр, шпинельдің октаэдрикалық кристалдары, лейциттың тетрагонтриооктаэдралары, гранаттың ромбододекаэдралары болады.
Кристалдың (габитус) сыртқы кескіні оның қырларының жиынтығына, олардың салыстырма дамуына тәуелді. Әрбір сингонияға белгілі габитустардың кристалдары тән болады. Габитус кескіні бойынша кристалдар үш түрге бөлінеді. Изометрлілер, өзара перпендикулярлы үш бағыт бойынша өлшемдері бір шамалы болатындар. Бұған кубтық сингония кристалдары: куб (пирит, галит, галенит), октаэдр пентагондодекаэдр (пирит) т.б. жатады. Осыған бірнеше кубтық сингониялардың жай түрлері жатады.

1.1.4 Минералды физикалық қасиетінен белгілеу. Минералды белгілеу үшін морфологиялық ерекшеліктерін зерделеу жеткілікті емес, ең күрделі әдісті қолдануды талап етеді. Ең алды әр минералға тән физикалық қасиеті зерттеледі. Оған түсі, түс ерекшелігі (майда ұнтақ), ағушылығы, мөлдірлігі, жылтырауы, штрихты, жабысып калуы (қайнап), жекелігі, сынуы, үлес салмағы, беріктілігі, нәзіктігі, тұтқырлығы, икемділігі, серпінділігі, магниттік қасиеттері жатады. Минералдар түсі әртүрлі болуы мүмкін. Кейбіреулеріне ол тұрақты белгі (мысалы, лазурит пен азуритте – көк, көкшіл, хлоритте, малахитте – жасыл, родонитте – қызғылт, рубинде – қызыл т.б.) Минералдың көбіне бұл белгі тұрақсыз, өйткені сол бір минерал әртүрлі қосындыларға тәуелді түске боялған болады. Мысалы, кальцит түссіз, ақ, сары, бура, сұр, жасыл, көкшіл, көк, күлгін, мүлде қара және т.б.
Сондықтан, минерал бояуы кейде маңызды диагностикалық белгі бола алады, бірақ көп жағдайда оған белгілі абайлықпен және минералды түпкілікті бегілеуінде оның басқа да физикалық қасиеттерін ескерген жөн.

Әдебиеттер

1 Банн Ч. Кристаллы. Их роль в природе и науке. – М. : Мир, 1970. – 312 с.
2 Батти Х., Принг А. Минералогия для студентов : пер. с англ. – М. : Мир, 2001. – 429 с.
3 Васильев Д. М. Физическая кристаллография : учебное пособие для вузов. – М. : Металлургия, 1972. – 279 с.
4 Годовиков А. А. Минералогия. – М. : Недра, 1975. – 520 с.
5 Грум–Гржимайло С. В. Приборы и методы для оптического исследования кристаллов. – М. : «Наука», 1972. – 128 с.
6 Гумилевский С. А. и др. Кристаллография и минералогия : Учебное пособие для вузов /Гумилевский С. А., Луговский Г. П., Киршон В. М., Гинзбург А. И. – М. : Высш.шк., 1972. – 280 с.