Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 25 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Қазақстан қорықтары және қызыл кітап


Жоспар
Кіріспе 3
1 Негізгі бөлімі 5
1.1 Қазақстан қорықтары және қызыл кітап 5
1.2 Ақсу – Жабағылы қорығы 6
1.3 Алакөл қорығы 9
1.4 Алматы қорығы 10
1.5 Барсакелмес қорығы 11
1.6 Батыс Алтай қорығы 13
1.7 Қаратау қорығы 14
1.8 Қорғалжын қорығы 16
1.9 Марқакөл қорығы 17
1.10 Наурызым қорығы 19
1.11 Үстірт қорығы 20
1.12 Қорықтар және табиғат қорғау мәселесі 21
Қорытынды 23
Пайдаланған әдебиеттер 25

Кіріспе

Көлемі 2,7 миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке өзінің саялы да аялы қалың орман – тоғайы, оны мекендеген сан түрлі хайуанаттары, айдын – шалқар көлі, сарқырап аққан өзен суымен бай, көрікті. Біздің өлкеде 34 миллион гектар жыртылған құнарлы жер, 186,9 миллион гектар шыбындықтар мен жайылымдықтар, 22 миллион гектар орман, Д. И. Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементтерін жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындары, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көлдер мен су қоймалары бар. Сондай-ақ туған өлкеміз алуан түрлі жан – жануарларға өте бай. Осы мол табиғат қазыналарын көздің қарашағындай сақтап, қорғауда республикамыздағы Алматы, Ақсу – Жабағылы, Барсакелмес, Қорғалжын және Наурызым қорықтарына қоса 1976 жылы ұйымдастырылған Марқакөл қорығының маңызы зор. Ұлан – байтақ республикамызда келешекте де осындай табиғи лабораториялар көбейе берсе дейміз.

1 Негізгі бөлімі

1.1 Қазақстан қорықтары және қызыл кітап

«Қорық» сөзі өте көне ол сонау Киев Русінің тұсында аң аулауға ең қатал әмірмен тыйым салынған жерлерді белгілеу үшін қолданылған. « Қызыл кітап » термині жақында, бар жоғы 30 жыл бұрын пайда болса да, мәселелерінің өткірлігі әрі пәрменділігі арқасында ол Планетамыздағы биологиялық әртүрлілікті қорғау мәселесін қарастырып, үлкен даңқа ие болды. Бұл тақырыпқа мақалалар тасқынының легі, әсіресе бірқатар мемлекеттер биологиялық әртүрлілік туралы Конвенцияға қол қойғаннан кейін (Рио – де – Жанейро , 1992) екі – үш жылда өсуіне байланысты күшейе түсті. Бұл мақалаларда осы ұғымдардың бір-біріне пара пар еместігі жайында сәл – пәл болса да ойлар жиі-жиі көріне бастады.
Қалай болғанда да осылай болатыны түсінікті. Бірақ бұл терминдер мазмұны жағынан әртүрлі. Өйткені, олар биологиялық әртүрлілікті сақтауды екі – территориялық және таксономиялық ( түрлік, түршелік және т.б) – тұрғыдан қарастырады.

1.2 Ақсу – Жабағылы қорығы

Ақсу - Жабағылы – Орта Азиямен Қазақстандағы ежелгі қорық. 2006 жылы оған 80 жыл толды. Қорық құру мәселесін көтерген белгілі гидробиолог А. Л. Бродский болатын, ол 1920 жылы бірінші рет Жабағылы және Ақсу өзендерінің жоғарғы жағында болды. Екі жылдан кейін осы жерді Ташкент университетінің бір топ профессорлары – Д. Н. Кашкаров, Е. П. Коровин, М. В. Культиасов, М. Г. Попов, Н. А. Димо зерттеулер жүргізді. Олар жердің қорық ретінде бағалы екендігін растады. 1925 жылы мамырда Шымкент жер бөлімі шешімі бойынша жерді қорыққа бөлу басталды, бір жылдан кейін оның шекарасын көрсететін белгілер қойылды. 1926 жылы маусымда Қазақ Республикасының Кеңес халық комитеті Ақсу – Жабағылы қорығының құрылғаны жайлы арнайы қаулы (хаттама № 25 ) қабылдады, ол 1927 жылы 27 мамырда Ресей Федерациясының Кеңес халық комитеті шешімімен бекітілді. Сонымен Ақсу – Жабағылы өз мерейтойын үш жыл қатарынан тойлауына болады.

1.3 Алакөл қорығы

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы Тентек өзені атырауындағы жануарлар мен өсімдіктер әлемі, табиғи бірлестіктерді, сонымен қатар Алакөл көлі аралдарындағы Мойнақ шағаланың бірегей популяциясын және басқа топтас құстарды қорғау мақсатында 1998 жылы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысымен құрылды. Ол Алматы облысы Алакөл а уданы мен шығыс – Қазақстан облысының Ұржар ауданында орналасқан.

1.6 Батыс Алтай қорығы

Батыс Алтай мемлекеттік қорығы Қазақстан Алтайы тау жүйесіндегі биогеоценозды кешенді қорғау мақсатында 1992 жылдың 3 шілдесіндегі № 1519 – ХІІ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Қаулысымен құрылды. Оның көлемі 56078 га, ол Шығыс Қазақстан облысының солтүстік – шығыс шекарасында, екі әкімшілік аудан жерінде – Риддер ( бұрынғы Лениногорск ) және Зырянда орналасқан.

1.7 Қаратау қорығы

Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы – еліміздегі қорықтар ішіндегі ең жасы. Ол 2004 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 240 арнайы Қаулысымен құрылған. Дегенмен оның құрылу тарихы ұзақ та күрделі, 30 жылға дерлік созылады. Қаратаудың бірегей қалдық флорасын қорғау қажеттігі жайлы өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап, көптеген қазақстандық ботаниктер М.С. Байтенов,В. П. Голоскоков, Н. Х. Кармышева т.б жазған. « Қазақстандағы қорықтық жұмыстардың ғылыми негіздері » комиссиясының төрағасы, академик Б. А. Быков 1975 жылы қорықтың ұйымдастырылуы жайлы нақты шешімін ұсынды.

1.8 Қорғалжын қорығы

Осы уақытқа дейін тұрғыны аз Орталық Қазақстан, жиырмасыншы ғасырдың 50-ші жылдарында белсенді игеріле бастады. Сол кездегілердің айтуынша, тың көтеруге мыңдаған адамдар келді, яғни табиғаттың табиғи бірлестіктерін б үлдірді: далаларды жыртты, елді мекендер салды, өзендер мен жылғаларға бөгеттер салды, өсімдік жабынын құртқан мал санын көбейтті. Бірегей Қазақстан даласының үлгі боларлық жерлерін сақтау туралы мәселе туды. 1957 жылы Теңіз көлі аңшылық қорықшасы деп жарияланды, бір жылдан кейін Теңіздің оңтүстігіндегі далалы жерлерді қосып, Қорғалжын қорығы ұйымдастырылды. Одан кейін онжылдықта қорғалатын территорияның орны мен қорғау тәртібі бірнеше рет өзгерді. 1968 жылы сол кездегі бар болған орман аңшылық шаруашылық негізінде Қорғалжын қорығы қайта құрылды. Дегенмен қорық құрамына тек Теңіз өзені мен Қорғалжынның айналасындағы екі шақырымдай аймақ қана кірді, ал бірегей далалар қорғалусыз сыртта қалды. Қазіргі кезде де осы қалпында қалып отыр. 1974 жылы бұл қорық Рамсар тізімінің А дәрежесіне енгізілді.

Қорытынды

Қорыта келгенде, қорықтар – шаруашылыққа пайдаланудан алынған, әр түрлі географиялық аймақтарда орналасқан, табиғатқа тұрақты және комплексті зерттеу жүргізетін ғылыми мекемелер. Мұнда табиғи процестердің даму заңдылығы кеңінен зерттеледі. Жабайы жануарларға санақ жүргізу әдістері, орман және ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресудің биологиялық әдістер, хайуанаттар қорының азайып - көбеюіне әсер ететін факторлар, сирек аңдар мен өсімдіктерді қалпына келтіру мәселесі терең талданып, қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді.
Қорық территориясының климаты, топырағы, өсімдіктер дүниесі мен басқа да байлықтары көп жылдар бойы терең ғылыми зерттеуден өтеді, онымен көршілес шаруашылықта пайдаланылған территориялардағы өзгерістерді ескере отырып, табиғат байлықтарын шаруашылыққа пайдаланудың тиімді жолы анықталады.