Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономикалық теория

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 22 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Экономикалық өсу..


Жоспар
Кіріспе 3
1 Экономикалық өсу 4
1.1 Өлшем әдістері 4
1.2 Экономикалық өсудің қарқыны 5
2 Экономикалық өсудің факторлары 6
3 Экономикалық өсудің түрлері 11
3.1 Экстенсивті түрі 11
3.2 Интенсивті түрі 13
4 Экономикалық өсуді мемлекет тарапынан реттеу 19
Қорытынды 21
Қолданылған әдебиеттер тізімі 22

Кіріспе

Көптеген ежелгі ғалымдар мен данышпан адамдардың айтуынша өмір деген қозғалыс деп түсіндіріледі. Қоғамның экономикалық өмірі де табиғат сияқты үнемі қозғалыста болады. Бұл қозғалыс сапалық және сандық өзгерістермен ерекшеленеді. Бұл өзгерістер өндірістік қатынастарға ғана емес сонымен еңбек өнімділігіне де әсерін тигізеді. Ал еңбек өнімділігінен өз кезегінде қоғамға қажетті экономикалық игіліктер туындайды. Яғни экономикалық өсу өндірістің және экономикалық игіліктердің өсуі немесе ұлғаюы деген мағынаны береді.
Курстық жұмыста экономикалық өсу теориясы қарастырылады. Бұл теорияға сәйкес экономиканың толық деңгейде дамуы немесе өсуі үшін мемлекетте өндірілетін ресурстар толығымен және үнемді қолдануы керек. Мұнда ресурстар қатарына тек шикізаттар ғана емес, сонымен қоса экономиканың потенциалы, мемлекеттегі еңбек күші және тағы басқалар жатқызылады.

1 Экономикалық өсу

1.1 Өлшем әдістері

Экономикалық өсу қоғамдық өндіріс көлемінде өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің көлемімен анықталады. Сондықтан ғылыми әдебиеттерде экономикалық өсудің негізгі көрсеткіші ретінде жалпы ұлттық өнімді жиі қарастырады. Оған қоса, бұл мақсатта жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) динамикасы да қарастырылады. Жалпы ішкі өнімнің 2 түрі бар: нақты және номиналды. Нақты жалпы ішкі өнімді табу үшін номиналды жалпы ішкі өнімнен инфляция яғни бағаның өсуін өткен жылмен немесе базалық жылмен салыстыра отырып шегеріп тастаймыз. Экономикалық өсуді анықтау барысында тек нақты жалпы ішкі өнім көлемі ғана қарастырылады.

1.2 Экономикалық өсудің қарқыны

Кейбір кездері экономисттердің экономикалық өсудің қарқындылығының елеулі өзгерістеріне көп көңіл аударуы әдеттен тыс болып көрінеді. Шын мәнінде экономикалық өсудегі төрт және үш процент арасындағы айырмашылық соншалықты маңызды ма? Ия, маңызды. Бүгінгі таңда Америка Құрама штаттарында нақты жалпы ұлттық өнімнің көлемі шамалап 3995 млрд. долларға тең және де олар үшін экономикалық өсудің қарқыны үш және төрт проценттің айырмасы 40 млрд. долларға тең болады. Экономикалық жағдайы өте нашар мемлекеттер үшін экономикалық өсудің қарқыны 0,5 процентке төмендесе ашаршылыққа және экономикалық құлдырауға да алып келуі мүмкін.

3 Экономикалық өсудің түрлері

3.1 Экстенсивті түрі

Экономикалық өсудің экстенсивті түрі дегеніміз – ол экономиканың өндіріс факторларының ескі техника негізінде сан жағынан молаюын айтады (экстенсивті – латын тілінен аударғанда extensivus - ұлғаймалы ).
Экономикалық өсуге әсер ететін факторлар:

3.2 Интенсивті түрі

Экономикалық дамудың күрделірек түрі интенсивті даму. Француз тілінен аударғанда intensif – ынта қою немесе бар күшін салу деп аударылады. Экономиканың интенсивті дамуының негізгі ерекшелігі – мұнда техникалық прогрестің базасы нәтижесінде өндіріс факторларының тиімділігін жоғарлату болып табылады.