Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 64 стр.

Год: 2006

Полный просмотр работы

Кәсіпорынның айналым құралдарын басқару


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АЙНАЛЫМДАРЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ 6
1.1 Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарының түсінігі мен экономикалық қатынастардағы алатын орны 6
1.2 Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқарудың ұйымдық - құқықтық негіздері 14

2 «Қазақавтожол» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АЙНАЛЫМДАРЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚЫЗМЕТІ 17
2.1 «Қазақавтожол» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорынның қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдау 17
2.2 «Қазақавтожол» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқару ерекшеліктері және оны ұйымдастыру 29

3 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АЙНАЛЫМДАРЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРЫН БАСҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 40
3.1 Кәсіпорынның қаржылық айналымдарын жетілдіру жолдары 40
3.2 Кәсіпорынның қаржылық ағымдарын басқаруды жетілдіру жолдары 45

ҚОРЫТЫНДЫ 49

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 52

ҚОСЫМША 54

КІРІСПЕ

Кәсіпорынның қаржылық айналымдарының басқару механизмін жетілдірудің негізгі факторы болып, экономиканы жақсартуға бағытталған қазіргі кездегі өндірістің тиімділігін арттыру болып табылады. Әлеуметтік–экономикалық тұрақсыздық пен нарықтағы инфрақұрылымның үнемі өзгерістер жағдайында қаржылық менеджердің ағымдағы қызметінің негіздігі орны қаржылық айналымдар мен қаржылық ағымдарды басқару болып табылады. Ұдайы жетіспеушілік негізінде қаржылық айналымдар мен қаржылық ағымдарын басқару қазіргі кездің кәсіпорын қарекетінің бағытын бейнелейді.
Қазақстан Республикасының Президенті 2007 ж. халыққа арналған «Біздің ішкі және сыртқы саясатымыздың 30 бағыты» атты Жолдауында мемлекетіміздің экономикалық жағдайын жоғарлату, халықтың экономикалық тұрғыдан әл-ауқатын жақсарту мақсаттарына қол жеткізу болып табылады.
Дипломдық жұмысты жазу мақсаты - бұл кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқару тиімділігін жоғарлату шаралары негізінде экономикалық талдау жасау.
Осы басты мақсатқа жету үшін келесідей өзекті мәселелерді жүргізу:

Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқарудың талдауы қаржылық менеджер харекетінің негізгі бағыты болып, ақшалай қаражаттардың қозғалыс уақытындағы қаржылық ағымдардың талдауы, оны болжамдау, ақшалай қаражаттардың оптималды деңгейін анықтау мен ақшалай қаражаттар бюджетін құрастыруды анық көрсету болып табылады.
Бірінші бөлімде кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқарудың теоретикалық негіздері аталып, олардың нарықтық экономикадағы рөлі, кәсіпорында қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын ұйымдастыру және қазіргі кездегі жағдайларында олардың қызмет ету ерекшеліктері сипатталған.
Екінші бөлімде қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқару аспектілеріне методологиялық талдау жасау арқылы: кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарына деген сұранысы, кәсіпорында қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқару мен қаржыландыру көздерін анықтау және кәсіпорынның таза айналым капиталын басқару әдістері анық көрсетілген.

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АЙНАЛЫМДАРЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарының түсінігі мен экономикалық қатынастардағы алатын орны

Қаржылық айналымдар кәсіпорын мүлігінің құрамды бөлігінің бірі болып табылады. Олардың пайдалану тиімділігі мен жағдайы кәсіпорын харекеті жетістігінің бірден бір шарты болады. Нарық қатынастарының дамуы оларды ұйымдастырудың жаңа шарттарын анықтайды.
Инфляция, төлемсіздік пен басқа шекті жағдаяттар кәсіпорынды айналым қаражаттарына деген саясатын амалсыздан өзгертуге, жаңа толықтыру көздерін іздеуге, оларды тиімді пайдалану проблемасын зерттеуге итереді. Кәсіпорынның материалды негізі болып, еңбек қаражаты түріндегі өндірістік қорлар табылады. Еңбек қаражаты түрлі деңгейде мен басқа еңбек құралдары қызмет ету барысында өзінің құнын өнім өндірісі құнына әр түрлі жағдайда көшіреді. Сондықтан да өндірістік қорлар негізгі және айналымды болып бөлінеді. Өндірістік айналым қорлары өндіріс ортасына қызмет етіп, бір өндірістік цикл барысындағы бастапқы өндірістік нысанын өзгертіп қана өзінің құнын дайын өнім құнына көшіреді. Айналым қорлар өз айналымында ақшалай, өндірістік және тауарлай нысандарын игереді, яғни кейін олар өндірістік қорлары мен айналыс қорлары болып бөлінеді. /1, 97 б./
Өндірістік айналым қорлары өзімен бірге өндіріс үшін қажетті шикізат запастары, негізгі және қосымша материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен қосымша бұйымдар, жанар май, жөндеуге қажетті қосымша бөлшектер, бағалылығы төмен мен тез тозатын бөлшектер, аяқталмаған өндірісті бейнелейді. /2, 37 б./
Айналыс қорлары өзімен бірге дайын өнім, ақшалай қаражаттар мен төлем қаражаттарын енгізеді.

Осы мәселелердің барлығы төлеу қабілеттілігін, кәсіпорынның несие төлеу қабілеттілігін мен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін ақшалай қаражаттардың қажетті қалдығына және активтер мен пассивтердің құрылысына әкелуі керек. /7, 251 б./
Ақшалай ағымның құрылымын басқа факторлар тобының негізінде бағалау мүмкіндігі бар – ақшалай қаражаттардың түсу көзі мен олардың пайдалану бағыттары бойынша (1 кесте).

1 кесте.
Ақшалай ағымның құрылуы

1.2 Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқарудың ұйымдық - құқықтық негіздері

Кәсіпорынның қаржылық ағымдары мен қаржылық айналымдарын басқарудағы көптеген ұйымдық – құқықтық негіздер, яғни заңдар қолданылады және солардың харекеті негізінде қызмет етеді.
«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1998 жылғы қазанның 7-сіндегі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорынның харекеті негізделеді. Қазақстан Республикасының Конституциясының 8 бөлімнің 85,87,89 баптарына сәйкес қызмет етеді. Яғни 85 бапқа байланысты жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдікті және атқарушы органдар жүзеге асырады. 87 бап бойынша:
1. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының біріңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтық мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын жүргізу қамтамасыз етеді.
2. Жергілікті атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:

2 «Қазақавтожол» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АЙНАЛЫМДАРЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚЫЗМЕТІ


2.1 «Қазақавтожол» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорынның қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдау

Қазақстан соңғы онжылдықта халықаралық интеграциялық процестердің белсенді қатысушысы болды. Экономикалық интеграцияның негізгі элементі болып, сервистік қызмет көрсетуі жоғары транзиттік және жолаушы тасуды қамтамасыз ететін, көлік инфрақұрылымның сапалылығы.
Автомобиль жолдары мен жол сервисі саласының сапалылығы алдында, қазіргі кезде автожол саласына жаңа міндеттер қоюда. Бұл проблеманың көпжақты болғандықтан, автомобиль жолдарын дамыту туралы мемлекеттік саясатын өткізуді қажет етеді.
Осы мақсаттарға жету үшін 2006 – 2012 ж. арналған жол саласын дамыту Бағдарламасы жасалынды. 2010 ж. дейінгі Қазақстан Республикасының Үкіметімен 5.09.2003 ж. № 903 «2003 – 2006 ж.ж. Қазақстан Республикасының Үкіметімен жүзеге асырылатын іс-әрекеттер жоспары Бағдарламасы туралы» қаулысына негізделген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспары қабылданды.
Бұл Бағдарлама келешекте автомобиль саласының экономикалық және техникалық реформалау жағынан автокөліктік тасымалдауды дамыту, жалпы қолданыстағы автомобиль жүйесін халық пен мемлекет сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында бағытталған.
Жүзеге асыру көлемінде автомобиль жолдарының жүк көтергіш учаскелерінің техникалық жақсарту жұмыстарын мен жарамсыз көпірлерді қайта жөндеуі жоспарланып отыр.

2.2 «Қазақавтожол» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқару ерекшеліктері және оны ұйымдастыру

Қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдары кәсіпорынның модельді активтеріне жатады. Оларды тиімді пайдалану мен жағдайы кәсіпорынның жақсы жұмыс істеудің ең негізгі шарты.
Таза айналым капиталы ағымдағы активтердің және міндеттемелердің арасындағы айырма. Ол ағымдағы активтердің ұзақ мерзімдік қаржы көзі мен қандай мөлшерде жабдықталғандығын көрсетеді.
Айналым қаржыларының көлемі өндірістік процестің қажеттіліктерімен ғана анықталмайды, сонымен қатар кездейсоқ факторларды әсер етеді. Осы себеппен айналым капиталын тұрақты, аусымды және өзгермелі деп бөлеміз. Тұрақты айналым капиталы немесе ағымдағы активтер жүйелік бөлігі өндірістік циклдің бойына қатысты түрде тұрақты қажеттіліктерге ие болады.
Ол өндірістік қызметті жүргізуге қажетті ағымдағы активтердің минимумы ретінде анықталуы да мүмкін. Аусымды айналым капиталы ағымдағы активтердің өзгермелі бөлігі қосымша ағымдағы активтерді білдіреді. Ол қосымша сақтандыру қоры ретінде немесе өте қажетті мерзімде керек болатын айналым капиталы. Мысалы, маусымдық тауарларды сату кезінде қосымша өндірістік материалдық қорларға деген қажеттілік туындайды. Қаржы менеджменті теориясында ағымдағы активтерді қаржыландыру стратегиясы келесі модельдерден құралады:

3 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АЙНАЛЫМДАРЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРЫН БАСҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Кәсіпорынның қаржылық айналымдарын жетілдіру жолдары

Қаржылық айналым қаражаттарын басқару кәсіпорынның жоспарлы қажеттіліктер механизмімен тікелей байланысты. Кәсіпорын үшін қаржылық айналымдардың оптималды қажеттілігін дұрыс көрсетіп, берілген өндіріс көлемі мен жоспарланған табыс көлемін төмен шығындармен алу болып табылады.
Қаржылық айналымдар көлемін төмендету өзімен бірге тұрақсыз қаржылық жағдайды, өндірістік ортасында кедергілер мен өндіріс пен табыс көлемінің төмендеуіне әкеледі. Бірақ сонымен қатар қаржылық айналымдар көлемінің төмендетуі кәсіпорын үшін өндірісті кеңейту шығындарын ұлғайтуға кедергі болады.
Кәсіпорынның қаржылық айналымдарын қаржыландыру көздерімен қажет етуі айналым қаражаттарының қажеттілігін негіздейтін модель түрінде болуы қажет.
Есептеу негізі ретінде бұнда «таза айналым капиталы» (меншік айналым қаражаттары) категориясы қызмет етеді.
Мәселелер мен міндеттерді зерттеуді шығару жұмыстары барысында қаржылық айналымдарды басқарудың келесідей жетіспеушіліктері табылды:

3.2 Кәсіпорынның қаржылық ағымдарын басқаруды жетілдіру жолдары

Ақшалай қаражаттардың жетіспеушіліктің негізгі көздері ішкі және сыртқы көздер болып бөлінеді.
Сыртқы көздерге:
- салық заңдылығының өзгеруі;
- құндылықтың өсуі мен қарыз қаражаттарының қысқа мінездемесі;
- инфляция.
Ішкі көздерге:
Қаржыларды басқару жүйесіндегі жетіспеушіліктер:
- әлсіз қаржылық жоспарлау;
- басқару есебінің болмауы;
- қарыздарды басқарудың жоғалуы;
- кадрлардың төмен сапалылығы.
Кәсіпорынның есептік мерзім аяғына ақшалай қаражаттарының жетіспеушілікке әкелу қорытындысында:

ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен қаржылық айналымның мен қаржылық ағымдарының құрылудың басты факторы ретінде кәсіпорынмен сатылған өнімнен түскен түсім болып табылады. Қорытындысында қолма-қол ақшаның болу немесе болмауынан кәсіпорынның дамуы тәуелді болады, төлемдердің үстінен ақшалай түсімдерді қосымша табыс табу мақсатында ұлғайтады. Кәсіпорынның қолма-қол және қолма-қолсыз түрде алынатын және шығындалатын қаражаттардың қозғалысы қаржылық менеджментінде қаржылық ағымдар деп атайды. Бұндай ағымдардың теріс және оң түрлері кездеседі.
Оң ағымдар кәсіпорынға ақшаның түсімін көрсетсе, теріс ағымдар керісінше кәсіпорынмен ақшаны шығындалып кетуді бейнелейді.