Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Реферат

Объем: 16 стр.

Предварительный просмотр

Мемлекеттік органдар ұғымы, белгілері, ұйымдастырылу, қызмет ету қағидалары

Мемлекеттің органы және оның мемлекет механизміндегі орны. Мемлекеттің органы мемлекет механизмінің «алғашқы клеткаларының» бірі болып табылады. Мұндай органдардың жиынтығы мемлекет механизмінің басты буынын құрайды. Мемлекеттік органның өзіне тән сипаты мен белгісі анықталған жағдайда ең алдымен оның мемлекеттің құрылымдық компаненті екендігін негізге алу қажет. Сондықтан мемлекеттің жалпы сипаты (егемендігі, өктемдігі, мемлекеттік аумақ шегіндегі қызметінің жалпы сипаты, адамдардың мемлекетке азаматтық тиістілігі негізінде жалпы халықты қамту) мемлекеттік органдардың сипаты өзінің белгісін түсіреді, олардың әрқайсысында өзгеше ұйғарылады. Тұтас нәрсенің бір бөлігі ретінде (мемлекет және оның механизмі) мемлекеттік органда қандай жағдайда да тұтастық сипаты болады. Оның қандай құқықытары болса да, құзыреті басқа құрылымдардың құзыретінен қалай ерекшеленсе де, мемлекеттің атынан, билікті жүзеге асыру құралдарының бірі ретінде қызмет ететіндігі маңызды.
Алайда, бірқатар мағынасы бар жоғарыда аталған нұсқаулармен шектеліп қалу жеткіліксіз, әйтсе де олар мемлекет органдарының ерекшелігін ашып көрсете алмайды. Соны анықтау мақсатында бірқатар ғалымдар мемлекеттік органдардың ерекшеліктерінің бірі ретінде мемлекеттік-билік өкілеттіктері туралы ережені ұсынады. Өздерінің басқару және ұйымдастыру қызметінде олар азаматтардың барлығына немесе белгілі бір категорияларына , лауазымды тұлғалар мен ұйымдарға міндетті болатын билік сипатындағы жалпы немесе нақты ұйғарымдар беруге құқылы. Бұл ұйғарымдар аталған органның моральдық-қоғамдық беделіне ғана емес, мемлекеттік-мәжбүрлеумен қамтамасыз етуге де сүйенеді.

Бірақ бірінші орында бұл мемлекет аппаратына қатысты, өйткені Конституцияның билік органымен, лауазымды тұлғалармен бұзылуы қарапайым тұлғалардың құқықбұзушылығынан әлдеқайда қауіпті. Мемлекет органының құқық бұзушылығы мемлекеттік құқықбұзушылық болады, себебі билікті білдіретін органның өзі азамат құқығын және мүддесін қорғаудың орнына, заңды бұзады. Заң ғылымдарында заңдылық бұзудан заңды бұзуды ажырата білу бекер қарастырылмайды. Заңды азамат бұзады, ал мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалар заңды бұза отырып, мемлекеттік билік қызметінің қағидасы ретінде заңдылықты бұзады.

Қарастырылған мемлекеттік органдар жүйесі ретінде мемлекеттік механизмнің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидалары тек өзара байланыс және әрекеттену нәтижесінде мемлекеттік механизмге қажетті бірлік және бірегейлікті, мақсаттылықты береді. Мемлекеттік органдардың құрылуы кезінде және қызмет атқару үрдісінде қарастырылған қағидаларды жан-жақты ескеру мемлекеттің қоғамды басқаруда ең жоғары нәтижелікке жетуді қамтамасыз етеді және оның демократизациялануына және нәтижелігінің жоғарлауына әкеледі
Мемлекеттік органдардың басқа сипаттағы белгілеріне мыналар жатады:

Парламент - халық еркіндігін білдіретін аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін заң шығарушы орган. Парламент термині француз сөзі, сөйлеу деген мағынаны білдіреді. Парламенттің отаны Англия болып табылады. Парламент сонымен қатар, президентті сайлайды, халықаралық келісімдерді ратификациялайды, рақымшылық акцияларын жариялайды.
Жариялылық қағидасын жүзеге асырудың нәтижесінде мемлекет механизмі демократиялық сипат алып, жұртшылыққа ашық та түсінікті бола алатындығы; мемлекеттің өзінің негізгі әлеуметтік міндеті болып табылатын халыққа қызмет ету шараларында парламент арқылы жүзеге аырады.