Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Баяндама

Объем: 17 стр.

Предварительный просмотр

Банк практикасындағы тәуекелдер

Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиені уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шаралары мен уақтылы айналысып отыруға тиіс.
Несиелік тәуекел - қарыз алушының банктен алған несиесі оған есептелген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.

Банкінің өзінің несие саясатын жүргізу барысында проблемалық несиелерді болдырмауға бағытталған әрекеттері өте маңызды. Банк несиелік келісім бойынша клиентпен міндеттеменің орындалуын қатаң бақылап отырады. Оның басты мақсатыссуда бойынша төленетін пайыз және кезекті төлемдерін уақытылы және тұрақты төленуін қамтамасыз ету. Әрине әрбір ссуда түрі бойынша ойламаған жағдайлардың өріс алу қауіпінен өзінің тәуекелі болады. Банк бұл тұрғыдан әртүрлі саясат жүргізуі мүмкін, мысалы банк тек қана абсолютті сенімді қарыз алушыларға ғана несие беру саясатын жүргізуі мүмкін, бірақ мұндай жағдайда ол көп пайдалы мүмкіндіктерді жіберіп алуы мүмкін. Сонымен бірге егер несиені қайтарумен қиындықтар туса, банк үшін бұл өте қымбатқа шығып кетеді. Сондықтан ең оптималды саясат ресурстарды табысты орналастырудың барлық потенциалды мүмкіндіктерінің максималды пайдалануы арасындағы балансты сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.

Бұлар былай анықталады:
- қаржылық есеп беруін сараптау;
- қарыз тұлғаның өзімен жеке контактілерге;
- үшінші тұлғалардың хабарлары нәтижесінде;
- банкінің басқа бөлімдерінің мәліметтері негізінде;
Несие, қызмет ету периодында, қарыз алушы банкке балансын, пайда мен шығындары туралы есебін нақты қаражаттардың түсуі туралы есебін және т.б. материалдарды беруге міндетті. Оларды өте мұқият сараптау пайда бола бастаған қауіпті ашып бере алады. Банк мынаған көңіл бөлу керек:

Егер көп болса, онда өте қымбат сот арқылы қайтару операциясына араласудың қажеттігі шамалы, онда да бұл сұрақты бейбітшілікпен шешіп, оның қалған қарызының бөлігін шегеруге барған барлығынан да дұрыс шешім болады.
Сосын банкінің несие қызметкері компания өкілімен кездесу ұйымдастырып, орын алып отырған жағдайда талқылау керек. Сонымен бірге, банк өкілі клиентті, банк онымен ары қарай жұмыс істеуге шешім қабылдады ма, жоқ па, оған тәуелсіз әріптестікке шақыру шараларын қолдану керек.

Сонымен несиелік тәуекелді реттеуде мемлекеттің де рөлі маңызды. Мемлекет әртүрлі заңдар, нормативтік-құқықтық актілер арқылы несиелік тәуекелді төмендетуге өз үлесін қосады.