Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бизнесті бағалау

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 4 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Шет ел тәжрибесімен бизнес (кәсіпорын) құнын бағалау

Дамыған елдерде бағалаушылар қызметі жиі мемлекетпен реттелмейтіні тарихи қалыптасқан. Бұл жерде жоғары кәсіптік деңгейі сәйкес стандарттар қабылдау және сақтау жолымен бағалаушылардың кәсіптік ұйымдары арқылы мұқият көтермеленіп тұрады. Италия мен Испанияда белгілі бір мемлекеттік реттеулер бар, сонымен қатар 1989 жылы АҚШ-та қозғалмайтын мүлік бағалаушыларын мемлекеттік лицензиялау енгізілген.
1989 жылға дейін АҚШ-та бағалау қызметінің нарығы өзін-өзі реттейтін болған. Мемлекеттік лицензиялауға ауысу, АҚШ-тағы қозғалмайтын мүлік дағдарысымен байланысты болды. Қозғалмайтын мүлік құнын бағалау мемлекеттік органдар бақылауынан шығып кетуінен ипотекалық несиелеуде, құрылысқа муниципалды тапсырыстарды орналастыруда және басқа бірқатар жағдайларда жеткіліксіз объективті бағалаудың жаппай жүргізілуі болды. Осыған ұқсас қозғалмайтын мүлікке бағаның жоғарылауымен байланысты дағдарыстық экономикалық жағдай соңғы онжылдықта Жапонияда да байқалды.

Министрлікпен РФ бағалау қызметін реттеу мәселелері бойынша ведомство аралық кеңесі құрылған. Оған министрліктер мен ведомстволар өкілдерінен басқа кәсіптенген ұйымдар мен оқу мекемелерінің өкілдері кірген. Ведомство аралық кеңестің қызметі – РФ-дағы бағалау қызметінің нормативтік және әдістемелік базасын құру бойынша келісілген саясат жүргізу. Заң бойынша бағалау қызметінің өзін-өзі реттеуі бағалаушылардың кәсіптенген ұйымдарымен жүргізіледі. Олардың функцияларына мыналар жатады: бағалаушылар мүдделерін қорғау; олардың кәсіптік дайындық деңгейін жоғарылатуға көмектесу; олардың кәсіптік оқуы бойынша білім беру бағдарламаларын жасауға көмектесу; бағалаудың өзіндік стандарттарын жасау; бағалау қызметінің сапасын бақылаудың өзіндік жүйесін жасау және қолдау.