WINDOWS жүйесіндегі EXCEL программасы. Математикалық функцияларды қолдану
Microsoft Excel - бұл құжаттарды тез арада таблица түрінде дайындауға арналған программа.
Ол математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін қолданылады. Осы кестедегі мәліметтер негізінде әртүрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлауға болады.
EXCEL программасын іске қосу үшін «Пуск» менюінің «программы» тобынан «Microsoft Excel» таңдаңыз. Excel терезесі ашылады. Excel:
1. Excelде сан (цифр) жазғанда арасында бос орын болмау керек. Енгізілген сан автоматты түрде ұяшықтың оң жағына тұрады.
2. Текст- Excel санға не формулаға ұқсамаған кез келген символды, әріпті текст ретінде санайды да, автоматты түрде ұяшықтың сол жағына орналастырады. Текст клеткаға сыймаса, жанындағы бос клеткаларды жауып жазыла береді.
3. Дата – Excel дата енгізгенді тез түсінеді. Мысалы, мен А2 клеткасына 1 май 1995 деп жазсам, ол автоматты түрде 1.май.95 деп өзгертіледі де оң жаққа қойылады. Ал формула жолында А2 клеткасында 1.05.1995 көрсетіледі.
4. Формула – Excelде мәліметті автоматты түрде есептеуге арналған формула = белгісінен басталады да клетка адресі мен математикалық операция жазылады. Арифметикалық операция белгілері:
Клеткалардың адресін (атын)өзгертуге болады. Мысалы В6 клетка адресін өзгерту үшін оны түртіп, «Вставка»«Имя»«присвоить» командасын орындаңыз да процент атын беріңіз. Енді жоғарыдағы формуланы =D9*процент деп жазып, ешқандай $ символын қолданбай толтыру маркерімен басқа клеткаға көшіре аласыз.
Excel—де функция қолдану.
Таблицамен жұмыс жасағанда мәліметтерді есептеуде функция өте көп көмек береді. Математические, статистические, логические, финансовые бөлімдерінде әртүрлі функциялар бар. Функция қолдану үшін аспаптар тақтасындағы мастер функций кнопкасын басыңыз немесе «Вставка»«функция» командасын таңдаңыз. Мастер функций- шаг 1 из 2 сұхбат терезесі ашылады. Қажетті категорияны таңдап, ондағы функция бойынша қай ұяшықтағы мәліметті есептеу қажеттігін көрсетесіз. Төмендегі суретте кейбір қажетті функциялар бойынша есептеулер көрсетілген. Мысал ретінде 64 және 4 сандары алынған. Мастер функций кнопкасын басу арқылы осы сандарға әртүрлі функция есептеуге болады.
Математикалық функциялар да өте көп. Төменде солардың кейбірін қолданып есептеулер жүргізілген. Мысал ретінде 16 саны алынған. Бұл функциялар математикалық есептеулер жүргізгенде өте қолайлы.