Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Реферат

Объем: 13 стр.

Предварительный просмотр

Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, қатысушыларын, мүгедектерін және оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және оларға берілетін жеңілдіктер туралы

Ардагерлердің құқықтық мәртебесінің мәселесі күрделі әрі әрқилы болып келеді. Ардагерлердің құқықтық мәртебесінің негізін адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары құрайды.
Ардагерлердің мәртебесі қарапайым азаматтың мәртебесінен бірқатар ерекшеліктермен ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер азаматтарды соғыс, еңбек немесе әскери қызмет ардагері деп тану негіздерінен және олардың әлеуметтік қорғалуының тәсілдерінен көрініс табады.

Ұлы Отан соғысының мүгедектері ретінде бірінші дүниежүзілік, азаматтық және Ұлы Отан соғысы кезінде әскер мен флоттың, партизандар мен жасырынып жұмыс істеушілер қатарында болған тұлғалар, сонымен қатар бірінші дүниежүзілік, азаматтық және Ұлы Отан соғысы кезеңдерінде әскери әрекеттер аумағында, соғысқа жақын темір жол учаскелерінде, қорғаныс жерлерінде, әскери-теңіз базаларында және аэродромдарда алған жарақаттары, контузиялары, зақымдары немесе аурулары салдарынан мүгедек болған және зейнетақылық қамсыздандыруы бойынша әскери қызметшілерге теңестірілген, тиісті санаттар қызметкерлері мен жұмысшылары танылады.
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар болып мыналар табылады:

Соғысқа қатысушыларға, мүгедектерге және оларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік жеңілдіктерді беру тәртібі және жеңілдіктердің түрлері. Жеңілдіктерді белгілі бір тұлғаға қандай да бір артықшылықтар беру, белгіленген ережелерден, міндеттерден босату немесе оларды орындау шарттарын жеңілдету ретінде түсіну қажет.
Әдетте жеңілдіктер азаматтардың қандай да бір санаттарына заңдарда көзделген жағдайларда берілетін айрықша құқықтармен және артықшылықтармен байланысты.

Зейнетақылық жеңілдіктер соғыс мүгедектеріне зейнетақы мөлшерін арттыру нысанында берілуі мүмкін, ал зейнетақылық жасқа толған және белгілі бір еңбек стажына ие мүгедектер мүгедектігіне байланысты зейнетақыдан жасына байланысты зейнетақыға ауысуға және мүгедектігіне байланысты зейнетақыны жасына байланысты зейнетақыға үстеме ретінде төмен мөлшерде алуға құқылы.
Протездеуге және арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге қатысты жеңілдіктер, тісті кезектен тыс протездеу, өзге де протездермен және протездік-ортопедтік құралдармен кезектен тыс қамсыздандыру нысынында беріледі.

Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақыны төлеуге қатысты жеңілдіктер мен кепілдіктер. Аталған тұлғалар санаттары еңбек стажына қарамастан жалақысының 100 %-ы мөлшерінде еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы алу құқығын иеленеді. Сонымен қатар, олар күнтізбелік жылда қатарынан төрт немесе бес ай еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы алу құқығын иеленеді. Жолдаманы кім және кімнің есебінен бергеніне қарамастан, соғыс мүгедектеріне санаторийға барып-қайтуына және емделуіне қажет күндер санына аурухана қағазы берілуі мүмкін. І және ІІ топ мүгедектеріне жыл сайын ұзақтығы 15 жұмыс күніне пара-пар қосымша, ақы төленетін еңбек демалысы беріледі.
Тұрғын үй-коммуналдық жеңілдіктер. Заңдарда соғысқа қатысқандар мен мүгедектерінің тек үй алуға қатысты ғана емес, сонымен қатар оны пайдалануға қатысты да жеңілдіктер белгіленген. Соғысқа қатысқандар мен мүгедектерде әлеуметтік қорғау шаралары ретінде келесідей жеңілдіктер беріледі: