Салықтық құқық бұзушылық: түсінігі, ерекшеліктері және түрлері
Мазмұны
Кіріспе 3
Тарау 1. Салықтық құқық бұзушылықтың теориялық негіздері және салық санкцияларын қолдану 5
1.1 Салықтық құқық бұзушылықтар және салық санкцияларының экономикалық мазмұны, қалыптасу ерекшеліктері 5
1.2 Салық бақылауы салық әкімшілігінің негізі ретінде қолданылуы 16
Тарау 2. Қазақстан Республикасында салықтық құқық бұзушылықтар және салық санкцияларын қолдану аясы 28
2.1 Қазақстан Республикасында салық санкцияларын қолдану механизмі 28
2.2 Қазақстан Республикасының экономикалық реформаларындағы салықтық құқық бұзушылыққа салық санкцияларының қолдану тиімділігіне баға беру және оны талдау 40
Тарау 3. Салықтық құқық бұзушылыққа салық санкцияларының қолдану механизмін жетілдіру 48
3.1 Салық санкцияларын қолданудың шетелдік тәжірибесі 48
3.2 Қазақстан Республикасында салықтық құқық бұзушылыққа қолданылытын салық санкцияларының орын алған кемшіліктері мен оларды жетілдіру жолдары 58
Қорытынды 70
Пайдаланған әдебиеттер 72
Кіріспе
Қоғам даму тарихында еш бір мемлекет салықсыз өмір сүрген емес. Себебі, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке белгілі бір ақшалай қаражат көзі қажет, ал олар тек қана салықтар арқылы ғана жүзеге асырылады. Салықтар мемлекеттік бюджеттің негізгі кіріс көзі болғандықтан, оның уақытында және толығымен мемлекет қазынасына түсіп отыруы қазіргі нарықтық экономикадағы күрделі де өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтанда, ондағы салық санкцияларын қолданудың маңызы өте зор.
Тарау 1. Салықтық құқық бұзушылықтың теориялық негіздері және салық санкцияларын қолдану
1.1 Салықтық құқық бұзушылықтар және салық санкцияларының экономикалық мазмұны, қалыптасу ерекшеліктері
Салықтар - бұл мемлекетке заңды түрде белгілі бір мөлшерде және белгілі бір мерзімде төленетін міндетті төлем болып табылады.
Салықтың мәжбүрлі төленуі екі жағдайда байқалады. Біріншіден, салық мәжбүрлі түрде, яғни, міндетті төлем салық төлеушінің еркіне қарсы енгізіледі. Екіншіден, егер салық төлеуші өз міндеттемесін өз еркімен орындамаса, онда мемлекет одан ақшаны күшпен тартып алады. Осы салықты өндіріп алудың мәжбүрлі сипаты мемлекетке берілетін әр түрлі қайырымдылық жасаулардан ерекшелендіреді. Жалпы, салықты өндіріпалу мемлекеттік қазынашылықтың шығындарын көбейтпес үшін, халыққа арзан түсуі тиіс.
1.2 Салық бақылауы салық әкімшілігінің негізі ретінде қолданылуы
Салық бақылауы – салық қызметі органдарының салық заңдарының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытылы аударылуын бақылауы.
Салық бақылауында мынадай әдістер қолданылады:
Тарау 2. Қазақстан Республикасында салықтық құқық бұзушылықтар және салық санкцияларын қолдану аясы
2.1 Қазақстан Республикасында салық санкцияларын қолдану механизмі
Салық санкцияларын қолдану мемлекет үшін өте маңызды роль атқарады. Мемлекеттің қаржылық жағдайы және мемлекеттің қызмет етуінің қаржылық қамтамасыз етілуі тікелей салықтарға байланысты болады. Сондықтан мемлекет салықтардың тиімді қызмет етуіне, барлық салық төлеушілердің салықтық құқық нормаларын орындауына ерекше көңіл бөліп отырады. Осындай мақсатты көздей отырып мемлекет заңдарында салық заңын бұзғаны үшін белгілі бір жауапкершілік түрін бекітіп, құқық қорғаушы нормалар арқылы салықтық қатынастардың қозғалуын қамтамасыз етеді.
Салық заңын бұзу үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар бұзушылықтың құрамынан (диспозиция) және осы бұзушылық үшін жауапкершілік өлшемінен (санкция) құралады. Салық заңын бұзушыларға заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға әртүрлі санкциялар қолданылады. Олар мынадай:
Тарау 3. Салықтық құқық бұзушылыққа салық санкцияларының қолдану механизмін жетілдіру
3.1 Салық санкцияларын қолданудың шетелдік тәжірибесі
Салық қызметінің ең басты функцияларының бірі - ол салықтардың уақтылы және толығыменен төленуін бақылау болып табылады.
Дамыған, алдыңғы қатарлы елдердің мысалында салық заңын бұзу үшін қолданатын салық санкцияларының тәжірибесін қарастырамыз.
Көптеген елдерде салық төлеушілерге әртүрлі қиыншылықтардың себебінен өздерінің салықтық берешегін қосымша жарналар арқылы төлеуге рұқсат етілген. Бұл кезде салық биліктеріне кең өкілеттік беріледі. Австралия, Австрия, Германия, Голландия, жаңа Зеландия, Норвегия, Біріккен Корольдіктер және Америка Құрама Штаттарында салық берешегін төмендетуге немесе толығымен жоюға рұқсат етіледі. Ал, салықтық тәртіпті бұзғаны үшін жазалаудың деңгейі мен дәрежесі көбінесе салық төлеушілермен кеңесе отырып шешіледі (Германия, Жапония, Финляндиядан басқа).
3.2 Қазақстан Республикасында салықтық құқық бұзушылыққа қолданылытын салық санкцияларының орын алған кемшіліктері мен оларды жетілдіру жолдары
Мемлекеттің ірге тасы салық және салықтық төлемдерден құралады. Ал бізде,алғашқы жылдары салық және салық салуға аса мән берілмеді. Салық және салықтық төлемдер еліміздегі мемлекет бюджетінің түсімдерінің 80 %-ын құрауда. Осы қаржы бюджетке дұрыс түсу үшін салық заңының бұзылмауын, оның дұрыс орындалуын қадағалау қажет. Бұрыннан кележатқан адамзат қоғамына тән қылмыскерлік, заң бұзушылық тағы басқа да келеңсіз жағдайлар орын алуда. Бұған Шыңғысхан: «Жазаланбаған кінә - қайта бір кінә тууына себепкер болады ,- дегендей, заң бұзған адамдарын бұрыннан бері жазалап келген. Ал салық санкцияларын қолдану деп - салық заңын бұзғандарды, бюджетке төлеуге тиісті міндетті төлемдерін уақтылы , толық, дұрыс төлемегендерді, салықтық төлемдерден жалтаруға тырысқандарды әртүрлі әкімшілік жазалауларды қолдануды айтамыз.
Қорытынды
Салықтар - мемлекеттің өмір сүруінің және қоғамның экономикалық, әлеуметтік өркендеуінің алғы шарттарының бірі болып табылады. Қоғамның даму тарихында ешбір мемлекет салықсыз өмір сүрмеген. Өйткені, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша өз функцияларын атқару үшін мемлекетке белгілі бір ақшалай қаражаттар қажет, ал олар тек салықтар арқылы жиналады. Салық және салықтық түсімдер еліміздегі мемлекеттік бюджетінің түсімдерінің 80%-ын құрауда. Осы қаржы бюджетке дұрыс түсу үшін салық заңының бұзылмауын, оның дұрыс орындалуын қадағалау қажет.
Кез келген салық жүйесіне тән қасиет - ол салық салудың ауыртпалығы болып табылады. Бұндай салық ауыртпалығының болуы - кәсіпкерліктің іскерлік белсенділігін төмендетеді және салықтан жаппай қашуға жағдай жасайды. Салықтық құқық бұзушылықтармен күресудің әдісі - ол салық санкцияларын қолдану болып табылады. Салық санкцияларын қолдану дегеніміз ол салық ауыртпалығынан салықты төлеуден жалтаруға қарсы күресудің алғы шарты негізінде туындап отыр.