Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Филология

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 27 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Ыбырай Алтынсарин еңбектеріндегі әр түрлі жастағы адамдарға білім беру мен тәрбие мәселелері


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 6
1.1 Ыбырай Алтынсарин және дәуір 6
1.2 Ыбырай Алтынсарин қазақ педагогикасының негізін қалаушы 10
2.3 Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы 15
1.4 Ыбырай мұраларына көбірек көңіл бөлінсе... 21
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27

КІРІСПЕ
Кезінде қазақ халқының болашақ тағдырын орыс мәдениетімен бірлікте қараған Шоқан, Абай және Ыбырай секілді ұлы ағартушы – демократтар тарихымызда өшпестей із қалдырды. Осы орайда, Ыбырай Алтынсариннің қосқан үлесі мен еңбегі орасан зор. Ол мәдениет пен білімнен артта қалған ел – жұртын көрші елдің өнер – білімін, техникасын игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі тікелей жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты. Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Ыбырай Алтынсарин және дәуір
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы ескі стиль бойынша 20 окьтябрьде торғай облысы, Николаевск уезінің Арақарағай болысында (қазіргі Қостанай облысының Затабол ауданы) дүниеге келеді. Әкесі Алтынсары ауыл молдасы алдын көргені болмаса, басқалай оқу қумаған, момын адам болғаны белегілі. Ыбырайдың әкесін 1844 жылы кенесары Қасымов жасаған жасақтары өлтіріп кеткеннен кейін анасы Айман ерінің інісі Қошанға тұрмысқа шығады, одан туған ұрпақтары қазірде баршылық (ақын Мариям Хакімжанова, ғалым Шәбден Балғожин, т.б.)

1.2 Ыбырай Алтынсарин қазақ педагогикасының негізін қалаушы
Алтынсарин мектеп мен тәрбие өз халқының тұрмысы мен өмірінің тарихи ұлттық ерекшелігіне сәйкес келу идеясын ұсынды. Сондай – ақ, оның тамаша тарихи болашағына асқан сенімімен қарады. Ы. Алтынсариннің пікірі бойынша, ауыл мектептері болыс мектептерінің бірінші бөлімінің бағдарламасы бойынша жасауға тиіс. Ы. Алтынсарин қазақ халқына білім беру тек бастауыш мектеппен ғана шектеліп қана қоймай, ол мектептер құру туралы ойларын халқына жеткізді және қазақ балаларының университеттерде оқуын қалады. Алайда, ол Россия патшаларының жағдайындағы осыған ұқсас жоспарлардың өмірге сәйкес келмейтінін ескере отырып, Оренбург және Троицк жанындағы гимназия мен Қазақ университеттерінде оқитын қазақ балалары мен жастарға стипендия тағайындады. Ы. Алтынсаринның табандылығымен Орынборда 1886 жылы мұғалім даярлайтын қырғыз мектебі ашылды. Бұл кейіннен Орыс – қазақ мектептеріне мұғалімдер дайындайтын орталыққа айналды. Сөйтіп, Алтынсарин қазақ халқының өмірі мен салтына сәйкес келетін қолтума қазақ мектептерін ашудың жолдарын көрсетіп берді. Бұл жүйенің ең басты құндылығы барлық мектеп типінің мирасқорлыығы болып есептелінді.

1.4 Ыбырай мұраларына көбірек көңіл бөлінсе...
Ұлы қайраткерлері халық өмірінің елеулі бет бұрысында тарих сахынасында шығады. Шоқан, Ыбырай, Абайды туғызған дәуір де сондай бір тарихи кезең еді, яғни олар өмір сүрген 20 ғасырдың екінші жартысы қазақ халқының Ресейге қосылу процесінің толықтай аяқталып, оның Ресей арқылы баяу да болса капиталистік дамудың жолына түсе бастаған шағы еді. Ұлы орыс халқының прогрестік мәдениетінен сусындаған осы үш адам өз халқының болашағы үшін елден ерекше орасан зор қызмет етті. Олар қалдырған асыл қазыналар халық қажетіне кеңінен пайдаланып отырғаны мәлім. Алайда олардың өшпес те ескермес еңбектерін жан – жақты бағалап, зерттеп болдық десек, бұл ұшқарырақ айтылған пікір болар еді. Заман өткен сайын, ғылым өскен сайын ұлы ағартушылармен байланысты жан – жақты деректер табылып, олардың еңбектері жаңа бір қырынан таныла берері хақ. Осы тұрғыда бізге Абайтану ғылымы бүгіндері қандай етек алып дамып отырса, Шоқантану, Ыбырайтану да сондай дәрежеге көтерілуі керек сияқты болып көрінеді.

ҚОРЫТЫНДЫ
Ыбырай Алтынсариннің өмірі жемісті, туған халқы үшін игілікті өмір болды. Ол өзінің өмірі мен қызметін ағарту жолына арнап, қазақ халқын орыс халқымен достыққа шақырады, алдыңғы қатардағы орыс педагогтарын өзіне ұстаз етті. Алтынсарин сол кездегі алдыңғы қатарлы орыстың педагогы Ушинскийдің педагогтік оқыту әдісін шеберлікпен меңгерді және оны тәжірибе жүзінде қолдана білді. Оның қазақ балаларына арнап кітап жазуы қазақ қоғамының сол кездегі даму сатысында ерекше маңызды еңбек екенін орыс ғалымдары мақұлдап жазды. Алтынсариннің де оқыту әдісінің негізі, Ушинский әдісі сияқты, халықтық болды, ол да мектеп оқушыларын бұқараны, Отанды сүюге, еңбек пен өнерге, қоғамдық тұрмысқа, дүниеге сын көзбен қарауға, қиындық пен бөгетті күреспен жеңуді баулыды. Ол да мектепті өз шамасы келгенінше діндік, күштеу, қорқыту әдісін теріске шығарып, иландыру, түсіндіру әдісін қолданады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. «Ыбырай Алтынсарин» (семеннарий). Әсет Ламашев. Алматы: «Ана тілі», 1991ж
2. «Ыбырай Алтынсарин және оның достары мен ізбасарлары». (Тарихи очерктер). Әсет Ламашев. Алматы: «Қазақстан», 1998
3. «Кел, балар, оқылық». Ыбырай Алтынсарин. Алматы: «Атамұра», 2006
4. «Ыбырай Аалтынсарин тағлымы» (әдеби – сын мақалалар мен зерттеулер). Мұхамедхарым Жармұхамедов. Алматы: «Жазушы», 1991