Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономикалық теория

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 18 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қоғамдағы экономикалық қатынастар


Жоспар

1 Қоғамдағы экономикалық қатынастар 3
1.1 Меншік және кәсіпкерлік түрлерін ұйымдастыру 3
1.1.1 Меншік қатынастары және олардың құрылымы 3
1.2 Меншіктің негізгі түрлері және формалары 4
1.3 Бағалы қағаздар нарығы және акциялар курсы 5
1.4 Қоғамдағы тауар - ақша қатынастары 7
1.4.1 Тауар қасиеттері және оның екі жақты сипаты 7
1.5 Ақшаның қалыптасуы, мәні және атқаратын қызметі. Инфляция 8
1.6 Құн заңы — тауар өндіріс заңы 13
1.7 Құн заңы және шекті пайдалылық теориясы 16
1.8 Айналыстағы ақша, теориялық мәселелері 17
Әдебиеттер 18

1 Қоғамдағы экономикалық қатынастар

Өндіріс пен барлық шаруашылықтың өмір бойы дами қалыптасуында адамдар арасындағы әртүрлі экономикалық қатынастар байқалды. Олардың ең негізгілеріне: ақша-тауар және нарықтық қатынастары, жеке меншік қатынастары, қоғамдағы өндірісті ұйымдастыру, оны мамандандыру және интеграциялау кіреді.Осыларды қарастыра отырып тақырыпты бастайық.

1.1 Меншік және кәсіпкерлік түрлерін ұйымдастыру

1.1.1 Меншік қатынастары және олардың құрылымы

Адамдардың өмірінде меншік қатынастарының мағынасын ¬ бағалау қиын. Олар қоғамда нақты билікті анықтайды : кім өндірісті басқарады және өндірілген өнім қалай реттелетінің қарастырады. Көбінде, адамдардың заттық әл-ауқаттылығы оларға тәуелді болады. Меншік – бір немесе бірнеше адамдарға тиесілі мүлікті иемдену құқығын көрсететін экономикалық категория.
Меншіктің экономикалық мазмұнын сол қоғамның бүкіл жиынтық өндірістік қатынастарын талдау арқылы ашып түсіндіру керек. Бұл қатынастар өндіріс,айырбас, бөлу және тұтыну қатынастарын қамтиды. Меншіктің экономикалық тұрғыдан өсіп-өрбуін түсіндіруде тікелей өндірушілердің өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылу әдісі де аса маңызды. Меншікті экономикалық категория ретінде түсіну, оның мәнін ашу адамдар арасындағы өндірістік қатынастар жүйесі арқылы мүмкін болады. Бизнес үшін бастапқы мәнді меншіктің, өндіріс құрал жабдықтарына деген қатынасы игереді. Бұлар қатынастар күрделі және көп қырлы, бірақ оларды үш ерекшелеуге болады (сурет 1.1).

1.2 Меншіктің негізгі түрлері және формалары

Шаруашылық тәжірбиесінде меншіктің әр түрлі формаларымен кездесуге болады. Бірақ олардың барлығы, меншіктің екі негізгі түрінің мәніне келіп тіреледі: жеке және қоғамдық: 1) Жеке меншік екі негізгі форманы қамтиды : азаматтардың өз меншігі және олармен жасалған заңгерлік меншігі (кәсіпорындардың, ұйымдар, мекемелердің). Қоғамдық меншік ¬ - а) мемлекеттік ¬ меншік;

1.3 Бағалы қағаздар нарығы және акциялар курсы

Акциялардың, облигациялардың және басқа құнды қағаздарды шығаруы және сатылуы құнды қағаздардың жүйелі нарығын тудырады. Бұл нарыққа негізгі ¬ қатысушылар: 1) инвесторлар - акцияларды және облигацияларды сатып алушы ұйымдар немесе азаматтар; 2) эмитенттер – бұл құнды қағаздарды шығарушы мекеме немесе акционерлік қоғамдар; 3) инвестициялық институттар – балғалылы қағаздар нарығын ұйымдастыратын және кызмет көрсететін әртүрлі мекемелер.

1.4 Қоғамдағы тауар - ақша қатынастары

1.4.1 Тауар қасиеттері және оның екі жақты сипаты

Тауар дегеніміз айырбастау және сату, тұтыну үшін шығарылатын еңбек өнімі. Ал ол тауардың айырбасталу, немесе сату үшін өзіндік бір қасиеті болуы шарт. Мысалы, нан, май, сүт адамдардың жеке тұтыну қажетін қанағаттандыратын болса, құрал жабдықтар өндірістік талғамды қанағаттандырады. Олай болса, заттың екі қасиеті болады екен, заттың қаңдай да болсын адамның бір қажетін өтейтін қасиеті оны тұтыну құны етеді, тауардың белгілі бір қажетті өтеу қасиетінің пайдалы да зиянды да болуы әбден мүмкін. Тағы бір ескертетін жәйт, адамның бір қажетін өтейтін заттың бәрін біз тауар деп атай аламыз. Мысалы, ауаны алайық. Адам баласының ең басты тіршілігін қамтамасыз ететін ауа екені белгілі. Алайда ол тауар емес, айткені ол адам еңбегінің жемісі емес, табиғаттың сыйы. Ол тауар болу үшін басқа бір қоғам мүшесінің қажетін қанағаттандыратындай айырбасқа түсуі шарт. Сонымен, тауардын екі жақсы қасиеті бар:

1.5 Ақшаның қалыптасуы, мәні және атқаратын қызметі. Инфляция

Ақша дегеніміз тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың кандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай керінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүниесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквивалент рөлін атқарады.
Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:

1.6 Құн заңы — тауар өндіріс заңы

Қоғамдық өндірістің тауарлы нысанының ерекшелігі құн заңының іс-әрекетінен нақты көрінеді. Құн заңы тауар өндірісі мен тауар айналысының негізгі заңы. Құн заңының іс-әрекетінің мәні мынада: тауарларды өңдіру мен айырбастау оларды жасап шығаруға жұмсалған қоғамдық кажетті еңбек шығындары негізінде жүзеге асырылуға тиіс. Сонымен құн заңы тауарлы өндірістің ең мәнді сипатын керсетеді немесе әр қилы тауар өндірушілердің шаруашылық нәтижесінің қорытындысында өнім айырбастауда эквиваленттілікті талап етеді. Ал тауар ақша айналасында құн заңы баға заңы болып табылады. Баға — құн заңының, көрінісі. Құн — баға заңы немесе бағаның жинақталған көріну нысаны.

1.7 Құн заңы және шекті пайдалылық теориясы

Құн заңы бойынша тек рынокта ғана айырбас кезінде еңбек шығынының қоғамдық қажетті деңгейі анықталады. Тек рынокта ғана кұнның көріну нысаны айырбас құн түрінде болады. Қысқартып айтқанда, құн өңірісте жасалынады, рынокта айқыңдалады. Егер тауар рынокта сатып алынса, ол біреудің тауар өндіруге жұмсаған еңбек шығыны қоғамдық қажетті шығын ретінде бағаланғаннан емес, сатып алушының тауарды бағалағаны.
Адамдардың әр түрлі материалдарды және рухани игіліктер мен қызметтерді бағалауы оларды өндіруге қоғамдық кажетті еңбектің жұмсалуына байланысты емес, олардың пайдалылығында. Белгілі бір тауарды өндіруге еңбек шығыны жұмсалуы адамдардың қайсыбір пайдалылықты қажетсінуінен. Осы жерде қандай да бір еңбек шығыны болсын оның қоғамдық қажеттілігін кім және немен анықтайды деген сұрақ туады. Оған рынок деп жауап береді. Шекті пайдалылық теориясын жақтаушылардың пікірінше, тек тауардың пайдалылығы ғана еңбек шығынан қоғамдық қажеттілік сипат береді.

1.8 Айналыстағы ақша, теориялық мәселелері

Бұл мәселе капитализмнің дамуымен байланысты. Ақшаның сандық теориясының негізін салушылар М. Монтескье, Д. Локк және Д. Юм болды. Олар алтын және күміс ақшаның құнын олардың санымен анықтады да, елде |ақша кеп болған сайын тауардың бағасы жоғары болады 'деп көрсетті. Олар сонымен бірге қандай ақша болса да өздерінің "сатып алу" күшін айналыстың нәтижесінде ғана көрсетеді, ал айналыс процесіне дейін ақшада құн болмайды деп есептеді (яғни ақшаның құн өлшеуіші қызметін жоққа шығарды). Ал А. Маршалл мен И. Фишер ұсынған ақшаның неоклассикалық сандық теориясы осы теорияның дамытылған нұсқасы болды. Олардың теориясындағы ең маңыздысы — ақша тауар деп есептелмейді. Батыс экономистерінің басым бөлігі американ экономисі И. Фишер ұсынған формуланы пайдаланады. Ол формула баға деңгейінің ақша массасына тәуелділігін көрсетеді

Әдебиеттер

1. Жолдасова Г.А. Экономика негіздерінен сабақ беру әдістемесі Астана 2003
2. Мәуленов С, Бекмолдин С, Құдайбергенов С. Экономикалық теория Оқу
құралы. 2 өлім. Экономика 2003
3. Крылова В. Экономикалық теория А. 2003
4. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері. А.2002
5. Мәдешев Н. Нарықтық экономика теориясына кіріспе. Э, 1990