Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Эссе (Реферат)

Объем: 6 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру

Қазіргі жоғары оқу орнында оқу - бүл студенттің оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңа дамушы үлгісі. Оның негізгі ерекшелігі сол, бүл үлгі оқушының жұмыс жасауына бағытталған. Бүл жағдай ғылыми техникалық білімнің тез жаңарып отыруына байланысты мамандардың айтарлықтай білім қорын меңгеруі үшін өз бетінше білім алу үрдісінің қажеттілігінің артуымен де анықталады. Қазіргі оқу орнында мамандарды дайындау өз бетімен оқу ұстанымына негізделген. Оны жүзеге асыру толықтай оқушының өзін-өзі ұйымдастыруына, оның өз бетінше танымдық әрекетіне, яғни оқуына тәуелді. Оқу үрдісі кезінде студенттің өз оқуын жүйелі ұйымдастыра білуі, оның қалыпты жұмыс істеуі үшін студент келесідей жағдайларды бағалай білуі қажет:

1. Статистикалық бақылаудың ұйымдастырылу формалары, түрлері, әдістері және бақылаудың бағдарламалық - әдістемелік мәселелерінің сипаттамасы.
2. Топтар санын, деңгей аралығын анықтау, ашық және жабық интервалға белгі мәндерін жатқызу, мәліметтерге қарай топтастыру түрлерін құру.
3. Кәсіпорындар мен фирмалардың есеп беруі, жоспарлау, салыстыру мен болжау жасау барысында статистикалық көрсеткіштердің (нақты, қатысты, орташа) әртүрлі жүйелерін қолдану.

Студенттердің өзіндік жұмыстарының аталған сәйкес күнтізбелік - тақырыптық жоспарын жасауға болады. Мұндай жоспардың түрлері көп болғанымен, ең бастысы - студенттерді жұмыстың қорытындылаушы кезеңіне, яғни тапсырмаларды бекітілген мерзімде тапсыруға бағыттау.
Мысал ретінде күнтізбелік - тақырыптық жоспардың үлгісін келтіруге болады.

Күнтізбелік - тақырыптық жоспар жасау бекітілген мерзімде қол жеткізуге тиіс белгілі бір бағдарды көрсетеді. Сондықтан, студент өз кызметін жоспарлауды үйренуі қажет. Студенттердің өз бетімен жұмыс жасауын, бастама көтеруін және жауапкершілігін дамыту оларға тек өз алдына еркіндік берген, сондай-ақ оларды іскерлік сипаттағы жұмыстарға тартқан жағдайда ғана мүмкін. Мұндай жұмысты олар игеру үшін бергенін түсініп және тексеріп қана қоймай, олардың маман ретіндегі тағдыры айтарлықтай дәрежеде өз жігері мен шешімдеріне байланысты екендігіне іс жүзінде көз жеткізуі тиіс.