Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 66 стр.

Год: 2007

Полный просмотр работы

Инвестиция.


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ 5
1.1 Инвестицияны тартудың теориялық негіздері 5
1.2 Экономиканы құрылымдық түрлендіру кезеңінде шетелдік инвестицияларды тартудың қажеттілігі 15
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ 24
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар 24
2.2 Мемлекеттің инвестициялық әрекетін реттейтін нормативтік-құқықтық база 42
3 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ 50
3.1 Шетел инвестициясын тартуды және оны тиімді пайдалануды іске асырудағы мемлекеттік реттеу 50
3.2 Қазақстанда инвестициялық жобаларды бағалаудағы әлемдік тәжірибені қолдану ерекшеліктері 57
ҚОРЫТЫНДЫ 63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 66

КІРІСПЕ

Жұмыс тақырыбының өзектілігі. 1998ж.бастап Қазақстан экономикасында қалыпты экономикалық өсу көрініс алып отыр. Бұндай жағдайдың көрініс табуына жоспарлық - әкімшілдік жүйесінің түрленуі, экономикаға келесі нарықтық механизмдердің енуі: еркін бағалар, меншікті мемлекет иелігінен алу, экономиканы демонополияландыру, бәсекелестіктің дамуы, сыртқы экономикалық әрекеттің ырықтануы, банктік – қаржылық жүйенің реформалануы, қор нарығының пайда болуы және инвестициялық әрекеттің жоғарылауы күшті әсерін тигізді.
Тәуелсіздіктің бірінші кезеңінен бастап шетелдік инвестицияларды тартуға қолайлы жағдайлар туғызылады. 1993-2006 ж.ж. аралығында ел экономикасына шетел инвестицияларының 46 млрд. долл. астам көлемі тартылған. Жан басына шаққандағы ТШИ көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде жоғарғы орындарға ие.
Дегемен, шетел инвестицияларын экономикаға тарту мәселесі әлі де өзекті. Бұған себепші келесі факторлар: Біріншіден, экономикалық жүйені реформалау кезеңінде ішкі қаржылық ресурстар азайып кетіп, экономика салалары өзінің өндірістік аппаратын жаңарта алмады. Екіншіден, өңдеуші саладағы инвестиция көлемі әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаруға жеткіліксіз.

Диплом жұмысының мақсаты: Қазақстан республикасының экономикасына тартылған инвестицияларды талдау және шетел капиталы экономиканың бәсекелестігін арттырудың басты факторы болатындығын айқындау.
Диплом жұмысының міндеттері:
-шетел инвестицияларын тартудың қажеттілігін анықтау;
-«инвестиция» терминінің мәні мен қызметін талдау;
-шет елдерінің инвестициялық саясатын зерттеу;
-инвестициялық жобаны бағалау тәсілдерін талдау;
-шетел инвестицияларын тарту мақсатына арналған мемлекеттік шараларды сұрыптау.
Зерттеу негізі ретінде елдің экономикасына шетел инвестицияларын тарту кезінде пайда болатын экономикалық қатынастар алынған.
Зерттеу зерзаты болып Қазақстанның ұлттық экономикасын түрлендіру жағдайындағы өнеркәсіптердің инвестициялық әрекеті табылады.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ

1.1 Инвестицияны тартудың теориялық негіздері

Шетелдік капиталды тартудың тенденцияларын анықтау үшін, олардың ұлттық экономиканың дамуына әсер ететін басты фактор екеніне көз жеткізу үшін, оларды қолданудың нәтижелілігін анықтау үшін «инвестиция» ұғымының әлеуметтік-экономикалық мазмұнын нақтылау қажет.
Инвестицияның материалды құндылықтар мен тауарлар өндірісі процесін анықтайтыны жөнінде айтқанда «инвестиция» категориясының экономикалық және құқықтық болатындығын естен шығармау қажет. Мемлекет ретінде тек қана бір тұлға – мемлекеттің бой көрсетуі жағдайында «инвестиция» ұғымы жеткілікті дәрежеде тар болатын. Ол негізінен капиталдық салымдар мақсатында қолданылатын ақша құралдарын ғана қамтыған. 1991 жылға дейін инвестиция ұғымының тапсырыс берушілердің (инвесторлар) негізінен құрылыс жұмыстарын қаржыландыруға бағытталған әрекетін сипаттайтын «капиталдық салымдар» терминімен ауыстырылғандығы кездейсоқтық емес. Бүгінде реттеулі нарықтық қатынасқа өту кезеңінде жеке мүліктік қатынастағы сапалық өзгерістерге байланысты инвесторлар ретінде көрінетін топтық тұлғаларға бағытталушылықта «инвестиция» ұғымы жоғарыда көрсетілген стереотиптерден арылды.

1.2 Экономиканы құрылымдық түрлендіру кезеңінде шетелдік инвестицияларды тартудың қажеттілігі

Қазақстан өркениетке, экономикалық дербестікке аяқ басқан 10 жылдан астам уақыт ішінде өзінің табиғи ресурстар қорымен көптеген мемлекеттердің экономикалық сұранысын арттырып отыр.
Инвестиция - кәсіпорынға, өндіріс орнына немесе жеке адамға көп жылға қайтарымсыз берілетін капитал. Ал, капитал құюшы тұлға немесе компания ішкі есебін мүлт жібермеуге тырысатыны белгілі. Қазақстанда инвестициялық климат қалыптасты мa? Инвесторларға қойылатын талаптар қандай ? Инвестициялық саясатта неге ұлттық мүдде кем? Осы сауалдар төңірегінде және Қазақстанның экономикалық потенциалы хақында әңгіме өрбітіп көрсек.
Экономикалық реформаларды ойдағыдай жүргізуде шетелдік инвестицияны тікелей өндіріске жұмылдыру мен оны ұтымды пайдалану кез келген мемлекет үшін маңызды. Әлемдік тәжірибе бұл мәселеде екі тарапқа да ортақ :халықаралық бірлескен реформалар тікелей шетелдік инвестицияның тиімділігіне мән берсе, инвестицияның көлемі өндірісіне күш сала тын мемлекеттің экономикалық жағдайына тәуелді болып келеді. Сондықтан да Қазақстан бұл процестен бейтарап қала алмайды. Экономикалық қайта құру мен стратегиялық даму жоспарын шетелдік инвестициялар арқылы іске асырғанын жөн санайды. Инвестициялық климат қалыптастыру үшін инвесторлар «барымтасына қарай қарымтасы» деген саясатты берік ұстануға тырысады. Өйткені, ешқандай инвестор өзі пайда табатын саланың болашағы жоқ болса, екі жеп биге шықпақ түгілі, есі барда елін табуға әрекет қылатыны даусыз.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болғанынан бастап ел экономикасына шетелдік инвестициялар тартуға қолайлы жағдайлар жасауда. 1993 жылғы «Шеврон» корпорациясының келуі мен онымен Теңіз орналасымында келісімге келу өзге трансұлттық корпорацияларға өзіндік белгі болды. Бұл кезеңнен бастап қазақ нарығының мұнай-газ саласына инвесторлардың келуі басталды, әлемнің «Эксон мобил», «Шелл», «Эни», «Шеврон Тексако», «Тоталь», «Бритиш петролеум» «Лукойл», «Китайская национальная нефтяная корпорация» сияқты ірі мұнай компаниялары өздерінің инвестицияларын тарта бастады.
Бұл жылдары өнеркәсіптің дамуында шикізаттық сәйкессіздіктер бекітіле бастады. Өнеркәсіп өндіретін жоғары және тез өсімді капитал сиымдылығы құралдардың жетіспеушілігі жағдайында оның өмір сүру қабілеттілігін қолдау қажеттілігі шикізат салаларының пайдасына капитал салымдарының ары қарайғы құрылымдық өзгеруіне алып келді. Шешуші өлшемде инвестициялық құлдыраудың тереңдігі 1996 жылы кейінгі 1999 жылы 18,5%-ке төмендеген инвестициялық сұраныстың 40% ғана қаржыландырған мемлекеттік сектордағы кәсіпорындардың төмен инвестициялық белсенділігімен анықталды.

2.2 Мемлекеттің инвестициялық әрекетін реттейтін нормативтік-құқықтық база

Жаңа экономикалық қатынастар негізінде нарықтық экономикаға көшу сапалы жаңа инвестициялық саясатпен қамтамасыз етілуі қажет. Себебі, қатынастардың жаңа жүйесі барысында инвестиция көздері түпкілікті өзгереді. Егер реформаға дейінгі жүйеде республика экономикасы бірыңғай, қатаң орталықтандырылған қайнар көзге – КСРО–ның мемлекеттік бюджетіне тәуелді болған болса, ал егеменді даму жағдайларында әр түрлі меншік көздеріне бағдарланады.
Инвестициялық процесті басқару Қазақстан экономикалық дамуының тарихи тәжірибесін, сондай - ақ әлеуметтік - экономикалық сипаттағы жаңа мүмкіндіктерін ескеруді пайымдайды. Қайта құру кезеңінде республика дамуының жалпы деңгейі мен қарқыны, оның сапалық жағдайы бірталай төмендеді және нақты, потенциалды мүмкіндіктері әлемдік тенденцияларға сәйкес келмеді. Бұл кезеңде экономикада елеулі алға басулар болмады. Қазақстан жақсы тұрмыс жағдайының көптеген негізгі көрсеткіштері бойынша бұрынғы КСРО елдері үшін орташадан төмен деңгейде тұрды. Қоғамдық еңбек өнімділігінің өсу қарқыны мен өнімінің көптеген түрлерінің сапасы біршама артта қалды. Әлемдік деңгейге жабдықтың тек 2-3%-зы ғана сәйкес келді, ал материалдардың, энергияның үлестік шығыны әлемдік көрсеткіштерден шамамен 2-3 және одан да көп есе артық болды.

3 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ

3.1 Шетел инвестициясын тартуды және оны тиімді пайдалануды іске асырудағы мемлекеттік реттеу

Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі мен деңгейі көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы кезеңдерге белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық шараларға байланысты. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік экономикалық саясат – макроэкономикалық: салық және аймақтық деңгейлерде құрылымдық саясатты қалыптастыру негізі болып табылады .
Макроэкономикалық тұрғыдан алғанда құрылымдық саясатты қалыптастыру негізіне өзара тиімді қатынастарды қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар мәселелер жатады. Олар: қоғамдық өнім өндіру бөлімшелері арасындығы , аралық және дайын өнім , өнеркәсіптегі өндіріс құралдарының өндіріс құралдарының өндірісі, ұлттық табыстағы тұтыну қоры мен қор жинау, өндірістік және жұмыстары мен өндіріс жабдықтарына шығын жұмсау аралығындағы қатынастар.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып дамуының қазіргі кезеңінде, шетел инвестицияларының маңызы өсуде. Бүгінгі күні, ұлттық экономикаға 46 млрд. АҚШ доллары көлемінде шетел капиталы салынып отыр. Дегенмен, экономиканың қалыпты дамуы үшін бұл сома жеткіліксіз. Сондықтан, мемлекет әлі де инвестициялық әрекетті жандандыру мақсатында шетел инвесторларына және отандық инвесторларға қолайлы жағдай туғызу керек. Капиталды шетке шығарудың бүгінгі таңдағы ерекшеліктерінің бірі, өндіріске тартылатын капиталдар көлемінің өсуі болып отыр. Портфельдік инвестициялардан тікелей инвестицияларға көшу тенденциясы байқалады. Капиталдың қазып шығаратын өнеркәсіптен өңдеуші өнеркәсіпке және қызмет көрсету саласына ауысуы тұрақталып келеді.
Шетелдік инвестицияларды пайдалану, қай ел үшін болса да объективті қажеттілік. Ол, ел экономикасын халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне кеңінен қатыстырып, мұқтаж салаларға капиталдар келтірудің тиімді жолы.
Дүниежүзілік экономиканың объективті заңдары, капиталдар ауысуының халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, Қазақстан бұл процестен аулақ тұра алмайды. Бұл қазіргі дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың ерекше белгісі.