Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 68 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Қазақстандағы бюджеттің жүйенің мәселелері мен болашағы


Жоспар
Кіріспе 3
І-ТАРАУ. Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері 4
1.1 Бюджет түсінігі, экономикалық мазмұны, сипаттама белгілері 4
1.2 Мемлекеттік бюджеттің функциялары, әрекет ету шекарасы, ерекшеліктері 7
1.3 Негізгі қаржы жоспары ретіндегі бюджеттің мәні және оның экономиканы реттейтін басқа да қаржылық құралдар арасындағы рөлі 13
1.4 Бюджеттік жүйе түсінігі және экономикалық мазмұны. Бюджет түрлері мен деңгейі 15
II - ТАРАУ. Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету 21
2.1 Бюджеттік қатынастар мен бюджетаралық байланыстар. Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету 21
2.2 Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 30
2.3 Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу тәртібі 34
2.4 Қазақстан Республикасының 2008 жылға арналған республикалық бюджеті құрылымы 42
III - ТАРАУ. Қазақстандағы бюджеттің жүйенің мәселелері мен болашағы 49
3.1 2006 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуын талдау және бағалау 49
3.2 Республикалық бюджетке түсімдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз етуді бағалау 52
Ұсыныстар 65
Қолданылған әдебиеттер тізімі 68

Кіріспе

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым-қатынастардың ахуалына тәуелді.
Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым-қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым-қатынасының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.

І-ТАРАУ. Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері

1.1 Бюджет түсінігі, экономикалық мазмұны, сипаттама белгілері

Бюджет - ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым-қатынас болып табылады. Бұндай қаржылық қарым-қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен болатын құндылық бөлу процесіңде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын калыптастыру мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық қаржылық қарым-қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрады.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: «Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізі - орталықтандырылған қор, экономикалық негізі - жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі - заң.

1.2 Мемлекеттік бюджеттің функциялары, әрекет ету шекарасы, ерекшеліктері

Бюджеттің әрекет етуінің барлық ұйымдастырушылық және экономикалық формалары жоспарлы түрде жүргізіледі, себебі көптеген меншік формадағы шаруашылық өз алды болжам-жоспарлық жүргізуді талап етеді. Бұл, кезекті ретте, бюджеттік қарым-қатынастың осындай болжам-жоспарлық формада әрекет етуін талап етеді. Мемлекеттің ақша қаражаттары орталықтандырылған қорының қозғалысы жоспарлық форма мен бюджеттік байланыстың тұрақты сипаты негізінде болуы бюджеттік байланыстардың арнайы қаржы құжатында - бюджетте, яғни мемлекеттің негізгі қаржы жоспарында анықталады. Бүл құжатта бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын барлық бөлу процестері қарастырылған.

1.3 Негізгі қаржы жоспары ретіндегі бюджеттің мәні және оның экономиканы реттейтін басқа да қаржылық құралдар арасындағы рөлі

Бюджет қаржылық жоспар ретінде, бір жағынан, экономика салалары мен іс-әрекет салаларының қаржылық жоспарларына негізделеді, ал екінші жағынан, ол көбінесе оларды анықтайды. Мемлекеттік бюджетті елдің негізгі қаржы жоспары деп айту, оның объективтік категория түріндегі экономикалық табиғатына қайшы келмейді. Себебі, «мемлекеттік бюджет» термині өз сипатына байланысты екі әр түрлі түсінікте қолданылады, біріншісі - бөліп тұратын қатынас саласына жатады, екіншісі - адамзат іс-әрекет процесінде пайдаланатын объективтік форманы көрсетеді. Мемлекеттік бюджеттің елдің негізгі қаржы жоспары ретінде болуы бюджеттік қатынастың ерекшелігіне байланысты, яғни қоғамдық өнімді құндық бөлістің айрықша саласы ретінде. Сондықтан, экономикалық категория түрінде мемлекеттік бюджеттің объективтік табиғатының мәнін оқып білу және оны бюджеттік қатынасты пайдаланудың формасын көрсететін қаржы жоспар ретіндегі мәнін талқылау өте маңызды.

II - ТАРАУ. Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету

2.1 Бюджеттік қатынастар мен бюджетаралық байланыстар. Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету

Мемлекеттің кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер мен халық арасындағы қаржылық қатынастарды бюджеттік қатынастар деп атайды. Бүл қатынастардың қаржылық қатынастар бөлігі ретіндегі ерекшелігі, біріншіден, олар мемлекет қатысатын бөліс процесінде болуынан, екіншіден, олар жалпы мемлекеттік мұқтаждықты қамтамасыз етуге арналған ақша құралдарының орталықтандырылған қорды қалыптастыру және пайдалану байланысынан тұрады.
Бюджеттік қатынастар мен бюджетаралық байланыстар қаржылық ресурстарды қалыптастыру, бөліс және қайта бөліс процестері арқылы белгілі болады. Олар өз арнауы мен нақты іске асуы бюджеттік жүйе арқылы көрінеді, яғни барлығы әр түрлі деңгейдегі бюджеттер, бюджетаралық арақатынастар мен бюджеттік жайластырушылық арқылы.

2.2 Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі - миссиясы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін іске асыруға бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың біртұтас және тиімді жїйесін қалыптастыру болып табылатын мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

III - ТАРАУ. Қазақстандағы бюджеттің жүйенің мәселелері мен болашағы

3.1 2006 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуын талдау және бағалау

2006 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы кезіндегі макроэкономикалық жағдайлар және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылуы 2006 жылы Қазақстан экономикасы 2005 жылмен салыстырғанда жедел қарқынмен дамыды. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі 9738,8 млрд. теңгені құрады және өткен жылмен салыстырғанда 10,6%-ға өсті. 2006 жылғы макроэкономикалық көрсеткіштер Қазақстан Республикасының 2006–2008 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының орташа мерзімді жоспарында ұсынылған болжамнан едәуір асып түсті.

3.2 Республикалық бюджетке түсімдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз етуді бағалау

Нақтыланған бюджетке сай 2006 жылғы республикалық бюджеттің кірістері 1 510,3 млрд. теңге көлемінде белгіленген. Жасалған түзетуге сәйкес шикізат секторынан бюджетке түсетін түсімдер 172,6 млрд. теңгеге ұлғайып, 1 682,9 млрд. теңгеге белгіленді. Іс жүзінде 1 847,2 млрд. теңге немесе нақтыланған көрсеткіш 122,3% орындалды.

Ұсыныстар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін талдау, бақылау іс-шаралардың нәтижелері және жекелеген мемлекеттік, салалық бағдарламалардың іске асырылуын бағалау мынадай тұжырымдар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.
Республикалық бюджеттің 2006 жылғы өзекті өлшемдері атқарылды. Үкімет Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның дүние жүзінің бәсекелестікке аса қабілетті елу елінің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауында көрсетілген іс-шараларды негізінен іске асырды.
Сонымен бірге, есепті жылда республикалық бюджеттің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру кезінде пайдаланылатын макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын төмендету болжамы сақталып отыр, атқарылу барысында оның көрсеткіштерін нақтылау және бірнеше рет түзетуге тура келді. Нәтижесінде, 2006 жылы мемлекеттің бюджеттік ресурстарын пайдалану толық көлемінде қамтамасыз етілмеді, ол белгілі бір дәрежеде республикалық бюджеттің шығыстары экономиканың өсуіне әсер етуінің тиімділігін кемітті.