Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қылмыстық құқық

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 28 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Меншікке қарсы қылмыстар.


Жоспар
1 Меншікке қарсы қылмыстар 3
1.1 Ұрлық (175-бап) 4
1.2 Алаяқтық (177-бап) 7
1.3 Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (176-бап) 8
1.4 Тонау (178-бап) 10
1.5 Қарақшылық (179-бап) 11
1.6 Талан-тараждың түрлері. Ерекше құнды заттарды талан-таражға салу (180-бап) 14
1.7 Талан-тараж белгілері жоқ, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар. Қорқытып алушылық (181-бап) 15
1.8 Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (182-бап) 18
1.9 Көрінеу қылмыстық жолмен мүлікті алу немесе өткізу (183-бап) 19
1.10 Интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу (184-бап) 20
1.11 Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын талан-таражға салу мақсатынсыз заңсыз иелену (185-бап) 22
1.12 Жерге заттай құқықтарды бұзу (186-бап) 25
1.13 Бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (187-бап) 26
1.14 Бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (188-бап) 27
Әдебиеттер 28

1 Меншікке қарсы қылмыстар
Меншікке қарсы қылмыс деп-мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып немесе залал келтіру қаупін тудырумен байланысты қылмыстық кодексте көзделген нысандар арқылы жасалатын қасақаналық немесе абайсыздық іс-әрекеттерді айтамыз. Меншікке қарсы қылмыстардың топтық объектісі меншік иесінің иелену, пайдалану немесе оған билік ету құқығын құрайтын меншікке байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады.

1.1 Ұрлық (175-бап)
Ұрлық дегеніміз -бөтен мүлікті жасырын алу, меншік иесінің еркінен тысқары жағдайда, заңсыз болып табылады. Объективтік жағынан ұрлық бөтеннің мүлкін жасырын түрде алумен ұштасады. Бөтен мүлікті, жасырын алу екі түрлі-объективтік және субъективтік белгілер бойынша анықталады. Адамның ешкімге сездірмей, білдірмей әрекет істеуі арқылы мүлікті жасырын алуы-объективтік белгіге жатады.

1.2 Алаяқтық (177-бап)
Нарықтық экономика жағдайына және кәсіпкерлік қызметтің кең өрістеуіне байланысты талан-тараждың ең көп тараған нысаны алаяқтық болып табылады. Алаяқтың заты бөтеннің мүлкі немесе бөтен мүлікке құқық алу болып табылады. Объективтік жағынан алаяқтық бөтен мүлікті талан-таражға салу немесе бөтен мүлікке құқықты алу заңда көрсетілген екі тәсіл арқылы алдау немесе сенімге қиянат жасаумен жүзеге асырылады. Осы қылмысты жасағанда жәбірленуші мүлікті қылмыскерге оған сеніп өз қолымен тапсырады.

1.3 Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (176-бап)
Иеленіп алу немесе ысырап ету-кінәлы адамға тапсырылған бөтен мүлікті талан-таражға салудың бір нысаны болып табылады. Қылмыстың объективтік жағы сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе ысырап ету белгілерімен сипатталады. Осыған байланысты бұл жерде талан-тараждың екі нысаны:

1.4 Тонау (178-бап)
Ұрлыққа, алаяқтыққа, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етуге қарағанда тонау талан-таражға жататын қылмыс нысандарының қауіпті түрі болып табылады. Тонаудың тікелей объектісі болып бөтеннің мүлкіне қол сұғу болып табылады. Сонымен бірге тонау көп объектілі қылмысқа жатады. Сондықтан да оның қосымша тікелей объектісі болып жеке адамның денсаулығы, бостандығы да жатады.

1.5 Қарақшылық (179-бап)
Қарақшылық-талан-таражға салудың ең қауіпті түрі болып табылады. Қылмыстық заңда «қарақшылық, яғни бөтен мүлікті талан-таражға салу мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау» деп анықталған. Қарақшылықтың қауіптілігі бөтеннің меншігіне қол сұғумен бірге, осы қол сұғудың өте қауіпті тәсілі-шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданумен немесе тікелей күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқанында болып табылады.

1.6 Талан-тараждың түрлері. Ерекше құнды заттарды талан-таражға салу (180-бап)
Қазіргі қолданылып жүрген Қылмыстық кодексте бөтеннің мүлкін ұсақтап талан-таражға салғаны үшін қылмыстық жауаптылық көрсетілмеген. Мұндай іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қарастырылады. Тонау немесе қарақшылық жасағанда талан-таражға салынған заттың құнына қарамастан ондай іс-әрекет қылмыс деп танылады. Талан-таражға ұшыраған мүліктің бағасы мемлекеттік өткізу бағасымен, егер мүлік нарық немесе комиссиялық бағамен алынса, осы бағалармен есептелуі қажет. Талан-таражға түскен заттың бағасы белгісіз болса, онда оның бағасы сарапшының қорытындысы бойынша анықталады.

1.7 Талан-тараж белгілері жоқ, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар. Қорқытып алушылық (181-бап)
Қазіргі қолданылып жүрген Қылмыстық кодексте талан-тараж белгілері жоқ, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстардың үш түрі көрсетілген.
Заңда «Қорқытып алушылық, яғни бөтен мүлікті немесе мүлікке құқықты беруді немесе күш қолданумен не бөтен мүлікті жоюмен немесе бүлдірумен қорқыту арқылы мүлікті сипаттағы басқа да іс-әрекеттер жасауды талап ету, сол сияқты жәбірленушіні немесе оның туыстарын масқаралайтын мәліметтерді тартумен, жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді жариялау» деп белгіленген.

1.8 Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (182-бап)
Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен меншік иесіне немесе өзге мүлік иеленушіге талан-тараж белгілерінсіз мүліктік залал келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық 182-бапта арнайы көрсетілген. Осы қылмыстың тікелей объектісі меншік қатынастары болып табылады. Қылмыстың заты ақша, қозғалатын немесе қозғалмайтын әртүрлі мүлік болады.

1.9 Көрінеу қылмыстық жолмен мүлікті алу немесе өткізу (183-бап)
Қылмыстық кодекстің 183-бабында көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті алдын ала уәделеспей алғаны немесе өткізгені үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. Қылмыстың тікелей объектісі меншік қатынастарына (қылмыстық жолмен табылған мүлікті алу немсе өткізуге) байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстың заты-қылмыстық жолмен табылған мүлік.

1.10 Интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу (184-бап)
Интеллектуалдық меншіктің түсінігі Қазақстан Ресаубликасы Азаматтық кодексінің 125-бабында берілген, заңға сәйкес интеллектуалдық меншік деп заң бойынша қорғалатын адамдардың кез келген саладағы бағыты мен құндылығына қарамастан шығармашылық қызметінің нәтижесін айтамыз. Заңда интеллектуалдық меншікке авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектісі, өнертабыс немесе өнеркәсіптік үлгі жатады деп белгіленген.

1.11 Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын талан-таражға салу мақсатынсыз заңсыз иелену (185-бап)
Бұл қылмыс құрамы көп объектілі болып табылады. Қылмыстың негізгі тікелей объектісіне-меншіктің нақты нысаны, ал қосымша тікелей объектісіне адамның денсаулығы жатады. Көлік қозғалысы мен оларды пайдалану ережелерін бұзу объектісі осы нормамен қамтылмайды, сондықтан да автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын өз бетінше айдап әкету барысында кінәлының әрекетінен Қылмыстық кодекстің 296-бабында көрсетілген зардап орын алса, онда оның әрекеті қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануға жатады.

1.12 Жерге заттай құқықтарды бұзу (186-бап)
Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан бөтен жер учаскесіне заңсыз кіріп кету қылмыс болып табылады. Заң бойынша өзіне бекітілген жер учаскесіне бөтеннің заңсыз кіріп кетуі егер ол елеулі зиянға әкеліп соғатын болса қылмыс құрамын құрайды.

1.13 Бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (187-бап)
Бөтен адамның мүлкін едәуір зиян келтіру арқылы қасақана жою немесе бүлдіру ғана қылмыстық іс-әрекет деп танылады. Осы қылмыстың затына кез келген мүлік: қозғалатын немесе қозғалмайтын, оның ішінде азаматтық айналымнан алынған мүліктерде жатады. Көрсетілген баптағы қылмыс объективтік жағынан бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.

1.14 Бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (188-бап)
Заңға сәйкес бөтен адамның мүлкін ірі зиян келтіріп абайсызда жою немесе бүлдіру ғана қылмыс болып табылады. Қылмыс объективтік жағынан құқыққа қайшы іс-әрекеттерден мүлікті жою немесе бүлдіру, сондай-ақ іс-әрекет пен одан туындаған зардаптың арасындағы себепті байланыстан тұрады. Қылмыс заңда көрсетілген зардап орын алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.