Қылмыс құрамы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 – ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ҚҮРАМЫ 4
1.1 Қылмыс құрамының түсінігі мен маңызы 4
1.2 Қылмыс құрамының түрлері 8
1.3 Қылмыс құрамы және қылмысты дәрежелеу 11
ІІ - ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ОБЪЕКТІСІ 15
2.1 Қылмыс объектісі туралы түсінік және оның мәні 15
2.2 Қылмыс объектілерінің түрлері 19
2.3 Қылмыстың заты 22
2.4 Қылмыстың объективтік жагына байланысты түсінік және оның маңызы 24
ІІІ – ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЪЕКТІСІ 28
3.1 Қылмыс субъектісі туралы түсінік 28
3.2 Қылмыс субъектісінің жасына қарай белгілері 33
3.3 Жауаптылыққа қабілеттілік қылмыстық жауаптылықтың жағдайы ретінде. Жауапсыздыққа қабілетсіздік ұғымы 36
3.4 Қылмыстың арнайы субъектісі 43
3.5 Кылмыстық субъективтік жағының түсінігі және оның маңызы 45
ҚОРЫТЫНДЫ 49
БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМ 51
КІРІСПЕ
Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына он жылдан аса уақыт болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мәлім. 1997 жылы шілденің 16-сында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап занды күшіне енді.
Қазақ ССР - інің 1959 жылы қабылдаған Қылмыстық кодексінің нормалары өмірімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен, жаңа кодекстің қабылдауына байланысты өз күшін жойып, 1998 жылдың 1 қаңтарынан әрі қарай қолданылмады. 1959 жылғы Қылмыстық кодекс кеңестік таптық идеология түрғысында, әкімшілдік - әміршілдік жүйе мен орталықтандырылған жоспарлы экономика принциптеріне нсгізделгсн еді.
1 – ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ҚҮРАМЫ
1.1 Қылмыс құрамының түсінігі мен маңызы
Қылмыстың анықтамасы кез - келген қылмысқа тән құқықтық және әлеуметтік белгілерін көрсетеді. Бұл белгілер (қылмыстық құқыққа қарсылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік және жазалық) басқа қылмыс болып табылмайтын құқық бұзушылық пен қылмыстық әрекеттерді бір-бірінен ажыратуға көмектеседі. Бірақ көрсетілген белгілер бойынша бір қылмысты екінші қылмыстан ажыратуға болмайды. Мысалы, ұрлықты тонаудан, я болмаса кісі өлтіруден. Себебі аталған қылмыстар қылмыс түсінігін құрайтын белгілерге ие.
Көптеген қылмыстардың ішінен нақты бір қылмыстарды бір - бірінен ажырату үшін (мысалы, кісі өлтіру мен зорлауды немесе қорқытып алушылық пен алаяқтықты) қылмыс құрамы деген түсінікті пайдаланамыз.
1.2 Қылмыс құрамының түрлері
Қылмыстық құқық теориясында барлық нақты қылмыс құрамы, елеулі белгілерінің топтасуына байланысты белгілі бір топтарга бөлінеді. Қылмыс құрамы топтастырудың алдына қойған міндеті. Әрбір нақты қылмыстың түсінігін, құрылысын және оларға тән жалпы заңдылықты тереңірек түсіндіру болып табылады.
Қылмыс құрамын мынандай белгілерді қолдану арқылы топтастырады:
1.3 Қылмыс құрамы және қылмысты дәрежелеу
Қылмысты дәрежелеу деп қылмыс жасаған адамның әрекетін немесе әрекетсіздігін қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің, кейбір жағдайда жалпы бөлімнің нормалары бойынша толық және кең көлемде нақты қылмыс құрамьның белгілерін анықтау болып табылады.
Жасалынған қылмыстың шынайы жағдайларын дәл және толығымен анықтау - бұл қылмысты дұрыс дәрежелеудің негізгі талабы.
ІІ - ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ОБЪЕКТІСІ
2.1 Қылмыс объектісі туралы түсінік және оның мәні
Қылмысты іс-әрекет жасаушының қиянаты бағытталған, қылмыстың салдарынан зиян шеккен немесе шегуі мүмкін нәрсе қылмыс объектісі болып табылады.
Қылмыс объектісінің заңды тізімі ҚР қылмыстық кодексінің 2-бабының 1-ші бөлігінде көрсетілген. Олар адам мен азаматтық құқықтары, бостаңдықтары мен заңды мүдделері, меншік, ұйымдардың қүқықтары мен заңды мүдделері, қоғамдық қауіпсіздік пеи қоғамдық тәртіп, қоршаған орта. Қазақстан Республикасының констиуциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығы, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері және бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі.
2.2 Қылмыс объектілерінің түрлері
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс объектісінің рөлі мен маңызына терең талдау жасау үшін, қылмыс объектілерін, әдетте, жалпы тектік және тікелей деп ажырату қалыптасқан.
Қылмыстық жалпы объектісі ретінде қылмысты қол сұғушылықтан қылмыстық заң арқылы қорғалатын мүдделер жиынтығы айтылады. ҚР Қылмыстық кодексінің 2-ші бабы 1-ші белігіне сәйкес бұл адам мен азаматтық құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері, меншік, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп, қоршаған орта, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығы және бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі бұл объектілердің ерекшелігі сол, кез келген қылмыс, бір жағынан, тек осы объектілерге қиянат көрсетуі мүмкін, ал екінші жағынан - қылмыстың кез келгені бұл объектілердің біреуіне ғана қиянат керсете алады, себебі, жалпы объект дегеніміздің өзі қылмыстық заңмен қорғалатын объектілердің жиынтығы.
2.3 Қылмыстың заты
Қылмыс объектісінен қылмыстың затын ажырата білу керек. Қылмыс затына қылмыскер тиісті объектіге қылмысты қол сұғу ксзінде осы қылмыскердің тікелей әсеріне үшыраған, сыртқы ортадағы материалдық заттар жатады. Бөтеннің мүлкін ұрлау кезінде (мысалы, автомобиль делік) қылмыстың заты тікелей автомобильдің өзі болса, ал объектісі оған байланысты меншік құқығы.
2.4 Қылмыстың объективтік жагына байланысты түсінік және оның маңызы
Қылмыс құрамының объективтік жағы дегеніміз - қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстын іс-әрекетінің сыртқы көрінісінің жиынтығы. Олардың қатарына мыналар жатады: қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), қоғамға қауіпті салдар (қылмыстық нәтиже), қоғамға қауіпті іс-әрекет пен қоғамға қауіпті салдар арасындағы себепті байланыс, қылмысты жасаудың әдісі, орны, уақыты, жағдайы, қаруы және құралы.
ІІІ – ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЪЕКТІСІ
3.1 Қылмыс субъектісі туралы түсінік
Қылмыс деп істелінетін іс-әрекетті істеген адамды қылмыстық жауапқа тарту үшін (ондай адамды қылмыстық субъектісі деп атайды) ол адамның белгілі қасиеті болу керек. Қылмыстық заң бойынша белгіленген қасиет қоғамға қауіпті іс-әрекет істеген адамда болмаса ол адамды қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
3.2 Қылмыс субъектісінің жасына қарай белгілері
Бұған дейін айтылғандай, қылмыстың субъектісі ақыл-есі дұрыс кез келген тұлға ғана емес, белгіленген жас мөлшеріне толғанда болуы керек. Жасының кішілігіне байланысты өзінің жасап отырған әрекетін (әрекетсіздігін) басқара алмайтын, оның кауіптілігін шын мәнінде жете түсінуге қабілетсіз жас тұлғалар қылмыс субъектісі болып таныла алмайды және өздері жасаған қоғамдық қауіпті әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.
3.3 Жауаптылыққа қабілеттілік қылмыстық жауаптылықтың жағдайы ретінде. Жауапсыздыққа қабілетсіздік ұғымы
Қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған жеке тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылып, жазалануы үшін, ол жауаптылыққа қабілетті болуы керек.
Қылмыс жасау кезінде өзінің іс-әрекетіне (әрекет немесе әрекетсіздігіне) есеп бере алатын және оны басқара алатын жеке тұлға - жауаптылыққа қабілетті деп аталады. Жауаптылыққа қабілеттілік ұғымы субъектінің қылмыстық жауаптылығы үшін шешуші мәнге ие болатын кінә ұғымымен тығыз байланысты. Кінәлі болып тек қана жауаптылыққа қабілетті адам ғана танылады. Сондықтанда жауаптылыққа қабілеттілік кінә мен жауаптылықтық алғы шарты болып табылады.
3.4 Қылмыстың арнайы субъектісі
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың жалпы субъектісінен басқа арнайы субъект деген ұғым бар. Қылмыстың арнайы субьектісі деп - қылмыс субъектісінің жалпы белгілерінен (дені сау, ақыл-есі дұрыс, белгілі бір жасқа жеткен тұлға) басқа ҚК-тің Ерекше бөлімінің нормаларымен қарастырылған қосымша белгілермен сипатталатын субъектіні айтамыз. Бұл белгілер мына төмендегідей болуы мүмкін:
3.5 Кылмыстық субъективтік жағының түсінігі және оның маңызы
Егер қылмыстың объективті жағы - қылмыстың сыртқы сипаты болса (қоғамдық қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік, қоғамдық қауіпті салдар, себепті байланыс, қылмыс жасау орны, уақыты, тәсілі, жағдайы, қаруы мен, құралдары), субъективті жағы оның ішкі (объективті жаққа қатыстылығынан) сипаты. Бұл қылмыскердің өзі жасаған қылмысқа ішкі, яғни кінәмен, ниетпен және мақсатпен сипатталатын адамның қылмыс жасау кезіндегі психикалық қатынасы. Қылмыстың субъективті жағын құрайтын белгілерге, аталып өткендей, қылмыстық кінәсі, себебі мен мақсаты, сонымен қатар, қылмыс жасау кезіндегі тұлғаның сезім күйі жатады. Бұл белгілердің әр түрлі мазмұнына қарамастан олар субъективті жағын құрайтын бір топқа бірігеді, себебі олардың барлығы қылмыс жасаушы тұлғаның психикасында болатын процестерді сипаттайды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, қылмыс құрамы - бұл көрсетілген объективті және субъективті белгілердің міндетті жиынтығы. Ол осы белгілерді тұтастығы арқылы болады. Сонымен қатар әрбір құрамның белгі басқа белгілермен тығыз байланыста болады және олардың қылмыс құрамынан тысқары өз алдында болуы мүмкін емес.
Қылмыс құрамының белгілері екі топқа бөлінеді: қажетті факультативті.
Қылмыстық құқық теориясында барлық нақты қылмыс құрамы елеулі белгілерінің топтасуына байланысты белгілі бір топтарға бөлінеді. Қылмыс құрамы топтастырудың алдына қойған міндеті. Әрбір нақты қылмыстың түсінігін, құрылысын және оларға тән жалпы заңдылықты тереңірек түсіндіру болып табылады.