Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Машина құрастыру негіздері

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 11 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Машина құрастыру негіздері


Жоспар
1 Машина құрастыру негіздері 3
1.1 «Мәшине бөлшектері және мәшине конструкциясын құру негіздері» пәнінің мақсаты 3
1.2 «Мәшине бөлшектері және мәшине конструкциясын құру негіздері» пәнінің жалпы техникалық және арнаулы пәндермен байланысы 4
1.3 Бөлшек және торап түсінігі. Тораптар және бөлшектер туралы жалпы мағлұматтар 4
1.4 Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын үдету мәселелерін шешудегі мәшине жасау өндірісінің алатын орны 5
1.5 Отандық және шетелдік мәшинежасаудың дамуы мен жетістіктері 6
1.6 Қазіргі мәшине жасаудың негізгі тенденциялары 7
Әдебиеттер 11

1 Машина құрастыру негіздері
1.1 «Мәшине бөлшектері және мәшине конструкциясын құру негіздері» пәнінің мақсаты
«Мәшине бөлшектері және мәшине конструкциясын құру негіздері» пәнінің мақсаты – барлық мәшинелерге тән бір типтес жалпы бөлшектердің жұмыс жасау шарттарын ескере отырып, олардың конструкциясын, жобалау жолдарын, қандай материалдан жасауға болатынын және оларды беріктікке, төзімділікке есептеу жолдарын үйрету.

1.2 «Мәшине бөлшектері және мәшине конструкциясын құру негіздері» пәнінің жалпы техникалық және арнаулы пәндермен байланысы
«Мәшине бөлшектері және мәшине конструкциясын құру негіздері» курсын оқып үйрену үшін төмендегі пәндерді білу қажет: сызба геометрия мен мәшине жасау сызбасын, себебі барлық мәшине жасау сызбалары осы пәннің негізінде орындалады; мәшине бөлшектерінің қозғалыс заңдарын және осы бөлшектерге әсер ететін күштерді анықтауға мүмкіндік беретін теориялық механика және механизмдер мен мәшинелер теориясы пәнін; мәшине бөлшектерін бөлшектерін беріктікке, қатаңдыққа және орнықтылыққа есептеуге негіз болатын материалдар кедергісі пәнін; мәшине бөлшектері үшін ең тиімді материалды, пішінді, дәлдік дәрежесі мен беттерінің бедерлерін, сонымен қатар оларды дайындаудың техникалық шарттарын таңдап алуға мүмкіндік беретін мәшине жасау технологиясы мен материалдар технологиясы пәнін.

1.3 Бөлшек және торап түсінігі. Тораптар және бөлшектер туралы жалпы мағлұматтар
Кез келген мәшине (механизм) бөлшектерден тұрады. Бөлшек деп бір материалдан жинаусыз жасалған мәшиненің бөлігін айтады. Бөлшектер қарапайым (гайка, шпонка және осыларға ұқсас) және күрделі (иінді білік, редуктордың қорабы, станоктың станинасы және осыларға ұқсас) болуы мүмкін. Бөлшектерді (ішінара немесе түгелдей) тораптарға біріктіреді. Торап деп бір жұмыс жасайтын бөлшектердің жиынын айтады. Мысалы, шарикті домалау подшипнигін қарастырайық.

1.4 Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын үдету мәселелерін шешудегі мәшине жасау өндірісінің алатын орны
Қазіргі уақытта біз ғылым мен техниканың мейлінше күшті қарқынмен дамып, өмірге кеңінен тарағанына куә болып отырмыз.Осыдан не бары 120 - 170 жыл бұрын бірінші автомобиль мен радио пайда болған болса, қазір ғалымдар мен инженерлер жасаған автоматтар басқа планеталарға сапар шегіп, қайтып оралып жатыр. Бәрімізге мәлім, 1969 жылдың 21 маусымында адам баласы Айға да жетіп, Ай бетіне тұңғыш рет қадам басып, ғасырлар бойы армандаған ойын жүзеге асырды. Осының бәрі адамның ойлап тапқан және де өз қолдарымен жасаған алып мәшинелердің арқасында болып отырған жетістік.

1.5 Отандық және шетелдік мәшинежасаудың дамуы мен жетістіктері
Мәшинежасауда көптеген жетістіктерге қол жеткізілді. Мәселен, Урал ауыр мәшине жасау зауытында жасалған экскаватор шөмішімен бірден 25 м3 топырақ қазып, 100 метрлік қашықтыққа тез арада жеткізіп, мыңдаған адамның істейтін жұмысын атқарады.

1.6 Қазіргі мәшине жасаудың негізгі тенденциялары
Қазіргі мәшине жасаудың негізгі тенденциялары: мәшинелердің қуатын арттыру және жылдамдығын арттыру, жүрістің бірқалыптылығы, автоматтандыру, ұзақ істен шықпай, бұзылмай жұмыс істеу (сенімділік және шыдамдылық, төзімділік (долговечность)), күтіп баптағанда ыңғайлы және қауіпсіз болу, пайдаланған кезде үнемді (экономичность) болу, мәшинелердің салмағы жеңіл және оларды жасау мен конструкциясын құруы арзан болу.

Әдебиеттер
1. Серікбаев Д., Тәжібаев С. – Машина детальдары, Алматы, Мектеп, 1983, 5 – 37 беттер.
2. Тәжібаев С. Д. Қолданбалы механика, Алматы, білім, 1994, 136 – 180 беттер.
3. П.Г Гузенков. Детали машин, М.: Высш. Школа, 1982, 8-34 беттер.