Жетілген бәсеке жағдайындағы рынок механизмінің қызметі
Жоспар
1 Жетілген бәсеке жағдайындағы рынок механизмінің қызметі 3
1.1 Рынок ұғымы 3
1.2 Баға, сұраныс және ұсыныс 4
1.3 Сұраныс пен ұсыныс икемділігі 7
Әдебиеттер 10
1 Жетілген бәсеке жағдайындағы рынок механизмінің қызметі
1.1 Рынок ұғымы
Рынок – қоғамдық еңбек бөлінісі негізінде оқшауланған өндірушілердің арасындағы үстемдік етуші және анықтаушы байланыс әдісі ретінде көрінеді.
Тауар өндірісі жағдайында рыноктық байланыстар экономикалық қатынастардың барлық жүйесін және барлық субъектілерін қамтиды. Рыноктың құрамына өз жұмыс күшін сатушы кәсіпкерлер де, еңбеккерлер де, соңғы тұтынушылар да, қарыз капиталының және бағалы қағаздардың иелері де, т. б. кіреді. Осыған сәйкес, қазіргі рыноктық экономика рыноктардың бүгінгі бір жүйесі тауар мен қызметтер, жұмыс күші, қарыз капиталдарының, бағалы қағаздардың, валюталық рынок және басқалары. Алайда қандай рынок болса да, оның нақты түріне байланыссыз, үш негізгі элементке: бағаға, сұраныс пен ұсынысқа, бәсекеге негізделеді. Рыноктық механизмнің осы негізгі элементтерін талдап көрейік.
Біріншіден, бұл бағалар. Салыстырмалы бағалардың өзгеруі өндірушіге өндіріс көлемін өзгерту қажеттігін анықтау қызметін атқарады. Бағалардың өзгеруі өндіріс технологиясын таңдауға әсерін тигізеді. Бағалар ақыр соңында табыстардың берілген бір деңгейінде өнімді кімдер тұтынатынын да алдын ала анықтайды.
1.2 Баға, сұраныс және ұсыныс
Рыноктық баға мен оның сұранысқа ие санының арасында барлық уақытта белгілі бір арақатынас болады, баға ЖОҒАРЫ болған сайын, оны сатып алушылардың саны АЗАЯДЫ, яғни сұраныс деңгейі төмен болады (табыстардың сол деңгейінде) және, керісінше, баға ТӨМЕН болған сайын сатып алушылардың саны мен сатылып алынған тауарлардың саны КӨП болады.
Бұл баға мен сұраныс көлемінің арасындағы байланысты график түрінде көрсетейік. Егер абцисса рынокта сатып алынған тауар саны, ал ординатада баға қозғалысын белгілесек, онда мынадай нәтиже болады.
1.3 Сұраныс пен ұсысыс икемділігі
Сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің тауардың рыноктағы бағасына тәуелділігі нақты қарауды керек етеді. Әр түрлі тауарлар бір-бірінен сұраныс пен ұсыныстың бағаның өзгеруіне жауап беру деңгейімен ерекшеленеді. Сұраныс қисығының үш нұсқасын қарайық (1.4-сурет). Бұл жерде көңіл аударатын негізгі мәселе, сатып алушылардың сатушыларға төлейтін ақшасының жалпы сомасы болып табылады. Сатушының жалпы саудадан түсіргені барлық уақытта бағаны сатылған тауарлардың санына кебейткенге немесе Р х 0 көбейтіндісіне тең. 1.4 а-суретте бағаның екі рет құлдырауы, сұраныстың да екі рет өскенін, ал жалпы саудадан түсімнің өзгермегендігін сипаттайды. 1.4 б-суретінде бағаның үш рет төмендеуі сатып алудың екі рет кана өсуімен қосарланды және жалпы саудадан түсіргені кеміді. Басқа жағдай 1.4 в-суретінде көрсетілген. Саудадан түсім өседі, өйткені баға кемігендіктен сұраныс көп өсті.
Әдебиеттер
1. Жолдасова Г.А. Экономика негіздерінен сабақ беру әдістемесі Астана 2003
2. Мәуленов С, Бекмолдин С, Құдайбергенов С. Экономикалық теория Оқу
құралы. 2 өлім. Экономика 2003
3. Крылова В. Экономикалық теория А. 2003
4. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері. А.2002