Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бухгалтерлік есеп

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 63 стр.

Год: 2005

Полный просмотр работы

Негізгі құралдардың есебі мен аудит


Жоспар
Кіріспе 3
1-Тарау. Негізгі құралдар есебінің теориялық негізі 7
1.1 Шаруашылық субъектінің экономикалық сипаттамасы 7
1.2 Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының есебі 12
1.3 Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру 19
2-Тарау. Негізгі құралдардың есебі 27
2.1 Негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық аударым сомасын есептеу 27
2.2 Негізгі құралдарды жөндеудің есебі 34
2.3 Жалдағы негізгі құралдардың есебі 37
2.4 Негізгі құралдарды есептен шығарудың тәртібі 41
3-Тарау. Негізгі құралдарды талдау 46
3.1 Негізгі құралдарды талдаудың мақсаты мен міндеті 46
3.2 Негізгі құралдарды түгендеу 48
3.3 Негізгі құралдардың аудиті 51
3.4 Негізгі құралдардың тиімді пайдаланылуын талдау 54
3.5 Негізгі құралдардың есебін компьютерлендіру 59
Қорытынды 61
Қолданылған әдебиеттер 63

Кіріспе
Халық шаруашылығындағы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бұл ғылымды жан-жақты зерттейтін, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын әдістермен және бұл ғылымды оқытатын пән бар. Осы орайда қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есеп ғылымының пәні – деп айтуға болады, немесе қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есепке алынатын біртұтас тұлға – деп қарауға болады. Өйткені бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есептің негізгі міндеті халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын, әсіресе бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Қоғамдық даму нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі.

1-Тарау. Негізгі құралдар есебінің теориялық негізі
1.1 Шаруашылық субъектінің экономикалық сипаттамасы
Жабық нысандағы акционерлік қоғам Южполиметалл Қазақстан Республикасының әділеттік министрлігінің ОҚО әділеттік басқаруында кәсіпорын ретінде 22.01.1999 жылы тіркелді.
Құқықтық тұлғаның мемлекеттік тіркелу куәлігінің тіркеу нөмірі 10037-1958-АҚ.
Меншікті иелігі- жеке
АҚ негізгі қызметі: түсті, асыл, құнды, сирек кездесетін металдарды, өнеркәсіптік өнімдерді және металлургиялық өндірістің қалдықтарын өндіру, өңдеу, сақтау және сатумен қоса, минералды шикізаттарды өңдеу, түсті және қара металдардың сынықтарын жинау, сақтау, өңдеу және сату, халық және әртүрлі ұйымдарға көрсету және тағы басқалары болып табылады. Іс-әрекеттердің негізгі мақсаты пайданы таба отырып акционерлердің мүддесін қорғау және өндірісті дамыту мен қоғамдық топтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған.

1.2 Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының есебі
Жалпы негізгі құралдар – деп өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын яғни материалдық активтерді айтады. Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдардың есебі №6 «Негізгі қорлар (құрал-жабдықтар) есебі» –деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүргізіледі.
«Негізгі құралдарға»- қозғалмайтын мүлік, жер участкілері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеу аспаптары мен құралдар, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатқызылады.

2-Тарау. Негізгі құралдардың есебі
2.1 Негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық аударым сомасын есептеу
Негізгі құралдар өндіріс процесінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдарды алуға тура келеді.
Негізгі құралдардың тозуын табиғи және сапалық тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болуы табылады, яғни жұмыс істеу процесінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектерінің қажалып, мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп, құлайтындай дәрежеге жетуі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланылғанына ғана байланысты емес, оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне байланысты. Яғни негізгі құралдардың табиғи тозуы (физикалық тозуы) оларды ұзақ пайдалану және оларға басқа да факторлардың әсер етуі нәтижесінен болып табылады.
Негізгі құралдардың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму процесінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады (туындайды).
Осы жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, негізгі құралдың тозуы дегеніміз олардың табиғи және сапалық сипаттарын жоғалтуы деп айтуға болады.

2.2 Негізгі құралдарды жөндеудің есебі
Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдардың өздерінің пайдалануы барысында табиғи және сапалық жағынан тозатындығы алдыңғы бөлімдерде сөз етілді. Бүтін бөлігі, яғни табиғи пішінінің барлық тетіктері бір мезгілде, бір уақытта іске жарамсыз болып қалмағанмен, негізгі құралдардың бір бөлшегінің жарамсыз болып, соның себебінен негізгі құралдардың іске қосылмай тұруы мүмкін. Тіпті іске жарамды болғанның өзінде кейбір бөлшектерінің тозуының әсерінен өнім өндіру қабілетінің азаюы да ғажап емес. Сонымен қатар сапалық жағынан тоза бастаған кейбір негізгі құралдарды да толығымен ауыстыруға мүмкіндік болмай, пайдаланылып жүруі мүмкін. Шаруашылық субъектілері өздерінің негізгі құралдарын пайдалану мерзімі уақытынан бұрын жоғарыда айтылғандай тозып, істен шығып қалмау үшін белгілі бір уақыт аралығында жөндеп отырады. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай (немесе оны ағымдағы деп те атайды) және күрделі болып екіге бөлінеді.

2.3 Жалдағы негізгі құралдардың есебі
Шаруашылық субъектілері өздеріне керекті, яғни уақытша қажет болған негізгі құралдарды басқа шаруашылық субъектілерінен, ұжымдардан жалға алуларына болады. Сондай-ақ шаруашылық субъектісі өзінің балансында тұрған, бірақ уақытша пайдаланылмай немесе қажет болмай тоқтатылып тұрған негізгі құралдарын басқа субъектілерге уақытша жалға берулеріне болады. Ол үшін екі шаруашылық субъектілерінің, яғни негізгі құралдарды жалға алушы және жалға берушілердің арасында келісім-шарт жасалынуы тиіс. Бұл келісім-шартта жалға алынатын немесе жалға берілетін негізгі құралдардың аталынуы, техникалық жағдайы, бастапқы құны, тозу құны, жалға берілетін немесе жалға алынатын мерзімі, жалдық төлем ақысының мөлшері, егер осы жалға алынған немесе берілген уақытта бұл негізгі құралға жөндеу жүргізілуі қажет болған жағдайда кім жөндейтіндігі (бұзылып қалған жағдайда) және қайсы субъектінің есебінен жүргізілетіндігі тағы да басқа мәліметтер көрсетілуі қажет.

2.4 Негізгі құралдарды есептен шығарудың тәртібі
Шаруашылық субъектілері өздерінің пайдаланудағы, яғни меншігіндегі негізгі құралдарын істен немесе есептен басқа субъектілерге, заңды тұлғаларға, адамдарға тегін бергенде, сатқанда, ұрлағанда, жоғалғанда, табиғи апат, зіл-зала жағдайында бүлініп жоғалғанда шығарады. Сонымен қатар өздерінің меншігіндегі негізгі құралдарын басқаларға айырбастағанда немесе ұзақ мерзімге жалға берген кезде де шаруашылық субъектілері өздерінің балансынан негізгі құралдарды есептен шығара алады.

3-Тарау. Негізгі құралдарды талдау
3.1 Негізгі құралдарды талдаудың мақсаты мен міндеті
Негізгі құралдарды аудиторлық тексерудің негізгі мақсаты бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін және есеп берудің дұрыс ұйымдастырылуын бақылау болып табылады. Есеп беруді, есеп регистрларын және алғашқы құжаттарды тексеру келесідей кезек бойынша жүргізіледі:
Бухгалтерлік баланс – номері үшінші бухгалтерлік балансқа қосымша – бас кітап –журналдар - өңдеу кестелері – алғашқы құжаттар (НҚ-1; НҚ-2; НҚ-3; НҚ-4; НҚ-6; НҚ-10; НҚ-12 тағы да басқалары).
Кәсіпорынның негізгі құралын тексеру барысында аудитор алдымен мыналарды ескеруі қажет:

3.2 Негізгі құралдарды түгендеу
Бухгалтерлік есеп пен есеп беру тәртібі (ережесі) бойынша барлық шаруашылық субъектілері бухгалтерлік есеп мәліметтерінің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін жылына бір рет өзінің мүліктеріне түгендеу жұмысын жүргізіп тұрулары қажет. Бухгалтерлік есептің 6-шы «Негізгі қорлар (құрал-жабдықтар) есебі» –деп аталатын стандартында «Негізгі құралдардың нақты бар-жоғын анықтау және олардың күтіп сақталуын бақылау мақсатында субъектілер қолданылып жүрген нормативтік - құқықтық және өзге де актілерге сәйкес негізгі құралдарды ауық-ауық түгендеп тұрады» делінген.

3.4 Негізгі құралдардың тиімді пайдаланылуын талдау
Халық шаруашылығының алдына қойған міндеттерді табысты шешуде оның басты буындары - өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындарды басқаруды жетілдірудің маңызы зор. Бұл тұрғыда негізгі мақсат болжам жасау мен шаруашылық жүргізу деңгейін көтеру, қоғамдық өндіріс тиімділігін едәуір арттыру, ғылыми-техникалық прогресті жетілдіру және еңбек өнімділігін арттыру, өнім және қызмет сапасын жақсарту сондай-ақ осы айтылғандардың арқасында халықтың әл-ауқатын көтеру. Экономикалық талдау кәсіпорын жұмысының нәтижесін объективті бағалау, өндірістің ішкі резервтерін анықтаумен ғана айналысып қоймай, сонымен қатар әрбір бөлімшенің дамуына заңдылықтар орнатуы қажет. Негізгі құралдар ұлттық байлықтың бір бөлігі, еліміздің экономикасын дамытудың материалды техникалық базасы болып табылады. Сондықтан, өндіріс тиімділігін әрі қарай арттыру негізгі құралдарды тиімді пайдаланумен тығыз байланысты. Қоғамдық өндірістің тиімділігі едәуір дәрежеде негізгі құралдардың ұтымды пайдаланылуына байланысты. Кәсіпорындардағы негізгі құралдардың тиімді пайдаланылуын талдаудың негізгі міндеттеріне мыналар жатқызылады:

3.5 Негізгі құралдардың есебін компьютерлендіру
Өткен ғасыр адамзат тарихында индустрилық эрадан информацияға өтумен ерекшеленеді. Соған сәйкес информацияны алу және оны жөндеу күнделікті іс-әрекетте пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Соңғы жылдырды (уақыттарда) информациялық жаңа программалардың пайда болуы өндірісте оны енгізуді қажет етті. Бухгалтерлік есепті компьютерлендіру шаруашылық субъектінің жұмысын жетілдіруге елеулі ықпал етеді. Бүгінгі таңда бухгалтерлік есепті компьютерлендіруге ерекше көңіл бөлініп орындалатын жұмыстардың алғашқы кезегіндегі мәселесі болып отыр. Егер бұрын есепті автоматтандыру орталықтандырылған тәртіппен жүргізіліп келген болса, қазіргі кезде бұл әрбір кәсіпорынның өз міндеті болып табылады. Сондай-ақ әрбір шаруашылық субъекті өз бетінше қалаған программасын таңдап алуына құқысы бар. Бүгінгі күні ақпараттық нарықта шетел фирмалары осы күнгі талаптарға сай келетін бухгалтерлік программаларды («SAP», «CA», «1-С бухгалтерия» және тағы да басқа) рынокқа шығарып, одан орасан зор пайда тауып отыр. Көптеген кәсіпорындар өздерінің бухгалтерлік есебін компьютерлендіру үшін өз қызметтерінің, атқаратын жұмыстарының ерекшеліктеріне қарай программаларды сатып алады. Сондай-ақ бұл программаларды заңдармен бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің тәртіптеріне сәйкес түрлендіруге де болады.

Қорытынды
Жалпы кез-келген шаруашылық субъектінің алдына қоятын басты міндеті немесе мақсаты пайда табу екендігі кімге болса да белгілі десек қателеспейміз. Сондықтан да жоғарыда жазылған диплом жұмысының көрсеткіштеріне және осы жұмысты орындау барысында пайдаланылған мәліметтер тек мені ғана емес кез-келген экономикадан хабары бар адамды ойландыратыны сөзсіз. Осыған сәйкес «Южполиметалл» ЖАҚ негізгі құралдарының есебі мен аудитін және олардың экономикалық тиімді пайдаланылуын зерттей келе теориялық алған білімімді салыстыра отырып келесідей қорытынды шығаруға болады.