Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Аудит

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 8 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Аудитте талдау тәсілдерін пайдалану

Кәсіпорын шаруашылығын басқаруда ғылыми негізделген шешім болуы қажет. Ол үшін кәсіпорын басшысы білімді, мамандығы жоғары, шаруашылықты және даму келешегін жақсы білетін адам болуы керек. Басқару - ол шешім қабылдау. Ол үшін басқарушы бар білімін, талапкерлігін басқарушылық шешім қолдануға жұмсауы қажет. Яғни тиімді, тиянақты басқару жүргізу үшін арнайы дайындық жасау керек. Барлық өзіне мәлім мәліметтерге экономикалық талдау, сараптау жасап, бір жүйеге келтірілген материалдарға сүйене отырьш басқарушылық шешім қабылдауы керек.

Өндірістік кәсіпорындардың бизнес-жоспары бірнеше бөлімнен түрады: жоспар кіріспесі, өңдіріс мақсаты - өндірілетін өнім тізбегі, сату жоспары. Негізгі көрсеткіштерге сүйене отырып бәсекелестікті болжау; маркетинг стратегиясы; өндіріс жоспары (өндіріс қуаттылығы, шикізат ресурсы); коммерциялық күдік (қамсыздандыру); қаржы жоспары (өнім сату, шығын және табыс есебі, табыстылықтын аналитикалық есебі). Бизнес- жоспардың, осы жоғарыда көрсетілген әр бөлімі аудит арқылы анықталады. Соған сәйкес аудитгің басқалай басқару функциялары іске асады. Мысалы:

Акцияның базардағы бағасымен бір акцияның пайда табу мөлшерін «баға-пайда» коэффициенті деп атайды. Оның мөлшерін, көрсеткіштерін бір акция бағасымен оның пайда ақшасын барлық акцияға бөлумен анықтайды. «Баға-пайда» коэффициентін акционерлік коғамдар, инвесторлар өз кәсіпкерлігін басқаруда кеңінен қолданады. Осы көрсеткіштер аркылы олар өз акцияларының құнының өскенін немесе керісінше пайдалылығының, төмендеуін көрсетеді.