Рынокқа өту жағдайларына экономиканы түрлендірудің тұжырымдық негіздері
Жоспар
1 Рынокқа өту жағдайларына экономиканы түрлендірудің тұжырымдық негіздері 3
1.1 Құрылымдық қайта құрудың теориялық және әдіснамалық негіздері 3
1.2 Экономикалық даму модельдері және өнеркәсіпті құрылымдық қайта құру 12
1.3 Шетел инвестициялары мен жоғары технологияларды селективті жұмылдыру 16
Әдебиеттер 18
1 Рынокқа өту жағдайларына экономиканы түрлендірудің тұжырымдық негіздері
1.1 Құрылымдық қайта құрудың теориялық және әдіснамалық негіздері
Қазіргі уақытта барлық посткоммунистік елдерде экономикалық парадигманың ауысуы, шаруашылықты жүргізу теориясымен тәжірибесінде гуманистік даму бағыттарының дами түсуі болып жатыр. Жақында өткен заманда экономикалық өсу қайнары басты түрде материалды-техникалық базаның қалыптасуына байланысты қарастырылды. Елдің даму деңгейі өндіріс көлемінің өсу дәрежесіне сәйкес анықталды, және адам капиталдың түпкілікті элементтері сияқты тура сондай қор ретінде болғанда, тиімділік критерийлері өндірістің негізгі элементтері қайтарымның түрлерімен ұштастырылды. Жаңа экономикалық парадигмада акценттер ығыстырылады. Оның орталығында – экономиканың тиімді сапалы түрленуге және құрымдалық ығысуға қабілеттілігін бағалау тұрады.
Экономиканың даму дәрежесі туралы аса толық түсінікті халық шаруашылығының құрылымы береді, ол нарықтық жағдайларда жеке салалардың ілгері дамуына қойылатын талаптарға сәйкес келу керек.
Елдің экономикалық құрылымы өндірістік күштердің орналасуымен, өндірістік және ғылыми потенциалдармен және материалдық өндірістің әлеуметтік-экономикалық даму қарқындарымен өзара әрекеттеседі. өндірістің тиімді орналасуы – халық шаруашылық және территориялық пропорцияларды жетілдіруге арналған база. Ғылыми ауқымды, бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындарды орналастыру арқылы үйлеспеушіліктер жойылады, олар қоғамның мұқтаждықтарын есепке алумен қажетті пропорцияларды белгілейді.
Қазақстанда мемлекеттің құрылымдық қайта құруға стратегиялық араласуынан қашып құтылу мүмкін емес, өйткені “қуып жететін” экономика моделін іске асыру үшін ғана емес, сонымен бірге әзірше толық көлемде қалыптаспаған нарықтық шаруашылық механизмді толықтыру, түзету үшін қажет.
Орталық Қазақстандағы аймақтық саясат, біздің пікірімізше, тоқырауға қарсы емес, ал ел экомикасында аймақтың сақталуын ғана емес, сонымен бірге атқаратын ролін күшейтуді қамтамасыз ететін, құрылымды-инновациялық саясат болу керек. Ол үшін барлық алғы шарттар бар: алуан түрлі табиғи ресурстар, қуатты өндірістік және ғылыми потенциал, жоғары білікті кадрлар, ыңғайлы геостратегиялық жағдай.
Қазақстан экономикасының құрылымдық қайта құру процесінде, біздің пікірімізше, екі кезеңді бөліп көрсету керек: орта мерзімді және ұзақ мерзімді. Жақын кезеңнің стратегиялық міндеті - өнеркәсіптік өндірістің көтерілуін және аймақтық экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу үшін аймақтың материалдық өндірісін оңтайландыруды қамтамасыз ету.
Оңтайландырудың астарында оның құрылымын (көпшілігінде, инфрақұрылымдық және тұтынымдылық кешендер үлесін ұлғайту), салаларын (сала ішіндегі кәсіпорындарын бәсекелестігі және ынтымақтастығы үшін жағдай жасау, кәсіпкерлік ортасын кәсіпорындардың инфрақұрылымы орналасуы және т. б.), кәсіпорындарын (техникалық қайта қаруландыру, қайта құрылымдандыру, басқаруды жетілдіру) қосқанда, материалдық өндірісті кешенді түрлендіру түсіндіріледі.
Оңтайландыру үшін дағдарыстағы кәсіпорындарда жоқ болатын қаражат қажет болғандықтан, алдымен нәтижесінде алынған қаражатты материалдық өндірісті оңтайландыруға бағыттай отырып, аймақтағы өнеркәсіптік өндірістің көтерілуін қамтамасыз ету қажет.
Ұзақ мерзімді стратегиялық міндет Орталық Қазақстанда аймаққа халықаралық еңбекті бөлуде қолайлы орында қамтамасыз ететін, материалдық өндірістің (алтыншы ТТ-ның “ядросының”) “зерделі құрылымын” қалыптастыру болып табылады. Сондықтан Орталық Қазақстанның материалдық өндірісін құрылымдық қайта құру үшін ортақ приоритет төмендегілер болып табылады:
1.2 Экономикалық даму модельдері және өнеркәсіпті құрылымдық қайта құру
Қазіргі уақытта даму жолын таңдау нарыққа өтетін экономика үшін өмірлік маңызы бар проблема болып табылады. Жоспарлық экономиканы нарықтық экономикаға қалай қайта құруға болады деген мәселені тәжірибе жүзінде ғана емес, сонымен бірге теория жүзінде шешу күрделі. Басқа елдердің тәжірибелерін зерттеу қоғамды экономикалық түрлендірудегі аса маңызды сәттерді анықтауға, нарықтық экономиканы дамыту бағытының және қазіргі өндірісті құрудың принциптік мәнін айқындауға көмегін тигізуі мүмкін.
Индустрияландыру процестерін талдау үшін таңдалған уақыт кезеңінде сол немесе басқа мемлекеттің немесе аймақтың экономикалық даму сипатына әсер ететін, ішкі және сыртқы факторларды бөліп көрсету керек. Әрбір елдің бастапқы сатыда қандай да бір “старттық мүмкіндіктері” болады, яғни географиялық орны, табиғи байлықтардың, капитал мен еңбек ресурстарының бар болуы, сондай-ақ қоғамның білімділігінің және жұмыс күшінің біліктілігінің деңгейі, рыноктық институттардың дамығандылық дәрежесі, тарихи және мәдени дәстүрлер және т. с. с. бұл ішкі факторлар көп дәрежеде экономиканың әрі қарай дамуын және экономикалық стратегияның таңдалуын анықтайды.
1.3 Шетел инвестициялары мен жоғары технологияларды селективті жұмылдыру
Республика экономикасының ғылыми-техникалық артта қалуы нарықтық қатынастарды құрудағы маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу үшін шетел инвестициялары мен жоғары технологияларды тым болмаса селективті жұмылдыруға баруға мәжбүр ететін дәлелдеудің қажеті жоқ.
Шетелдік техника мен технологияларды жұмылдыру процесі немесе әлемдік ғылыми-техникалық дамуға еліктеу ешқандай таң қаларлық немесе жағымсыз затты білдірмейді. Бұл жерде Жапонияның классикалық болған тәжірибесі қазір көптеген дамушы мемлекеттермен қайталанады. Сонымен, мысалы, 1950 жылы барлық жапон экспортында шетелден алынған ғылыми-техникалық білім мен өндірістік тәжірибе негізінде өндірілген өнім үлесіне 73 % келді, бірақ 1983 жылы – барлығы 21 % (23, 35). Жоғары технологияларды жұмылдырудың экономикалық мәні – оны мақсатқа бағыттап пайдаланудың қосарлы әсері беруге қабілеті бар. Бір жағынан, олар – меншікті инновациялық қызметтің қалыптасуы мен дамуына, екінші жағынан, жоғары сапалы деңгейде ғылыми-техникалық дамуда дербестікті иеленуге мүмкіндік туғызады, бұл экономикалық өсу сипатында, халық шаруашылығының құрылымында және экспорттың құрылымында тікелей көрінеді. Мұнда аса маңызды сұрақ тууы мүмкін: