Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
Мазмұны
Кіріспе 3
1-бөлім Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері 6
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты 6
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі 13
1.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері 24
2- бөлім «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау 30
2.1 «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының жалпы сипаттамасы 30
2.2 Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау 31
2.3 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау 35
2.4 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау 39
2.5 Кәсіпорынның табыстылығын талдау 44
2.6 Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау 48
3-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары 53
3.1 Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру 56
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру 59
3.3 Кәсіпорынның табыстылығын арттыру 61
Қорытынды 63
Қолданылған әдебиеттер 65
Кіріспе
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің эко-номикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа ен-гізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талап-тарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдау-дың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті.
Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ-тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іс-керлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өң-делуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшы-лыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағ-дайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.
Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағ-дайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табыла-ды.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
-қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
-өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;
-қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық ма-териалдарды жинақтау және өңдеу;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.
Талдау объектісі ретінде «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы алынды.Оның негізгі қызметі мұнай өндірісі, құрылысы, мұнай газ өңдіру скважиналарын жөңдеу және іске қосуға қажетті құрал жабдықтарды жасау жә-не жабдықтаумен айналысу болып табылады.
Жұмыстың теориялық бөлімі қаржылық жағдайды талдаудың түсінігін ашу-ға негізделген. Бұл бөлім өзіне қаржылық жағдайды талдаудың мақсаттары, міндеттері және қажеттілігі, қаржылық талдаудың ақпараттық негізі, әдістері мен тәсілдері туралы ақпараттарды кіріктіреді.
Жұмыстың тәжірибелік бөлігі «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компания-сының қаржылық жағдайын талдауға және оның нәтижелері бойынша қоры-тынды жасауға, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар ұсынуға негізделген.
Жұмыстың теориялық базасы болып К.Ш. Дүйсенбаевтің, Э.Т. Төлегенов-тың, Ж.Г. Жұмағалиеваның, В.В.Ковалевтің, А.Д. Шереметтің, Г.В.Савицкая-ның еңбектері болып табылады.
Жұмыс барысында ҚР-ның заң актілері және Halliburton компаниясының қаржылық есебі пайдаланылды.
1-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастыр-мас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қар-жы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипаттала-ды" деп жазған.
Профессор Н.А Русак [3] бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен си-патталады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, ком-мерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдалану-мен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым- қатынас-та болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.
Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақ-сылығын көрсетеді.
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:
1) бухгалтерлік баланс;
2) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп беру-ге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықты-рылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хат-та, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырған-дығы және каржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақ-параттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған: субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгі-сіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсініктерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісінің әсері туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.
1.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді ка-жет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпарат-тық көздері бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның каржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық кызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржы-лық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы ке-зеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметте-рін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі - басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығары-лып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырыл-ған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішін-дегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығын-дар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қар-жылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.
2-бөлім «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау
2.1 «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының жалпы сипаттамасы
Компанияның орталық офисі Хьюстонда (Техас штаты) орналасқан.
Жұмысшылар саны 85 мың адамды құрайды.
Кәсіпорынның әлемнің 120 мемлекетінде бөлімшелері бар, солардың қатарында Қазақстан да бар. Қазақстандағы кәсіпорынның бөлімшесі Каспий-дегі мұнай жобаларын әзірлеумен айналысады.
2.2 Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау
Баланс активтерінін құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кә-сіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінін абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және олар-да болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның же-ке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алай-да, кәсіпорын мүлік құныньщ өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі ба-ланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтар-лықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.
2.3 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңыз-ды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның төлем қабілеттігін талдау баланс өтімділігін талдаудан басталады.
Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтер-дің, баланстың және кәсіпорынның “өтімділігін” анықтап алу керек.
Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеті-лігі ұғынылады. Ал екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы.
Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойьшша да, келіп түсу уақы-ты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мә-нінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілі-гін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.
Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді:
А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.
А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады.
А3. Баяу өткізілетін активтер. Бұларға тауарлы-материалдық қорлар жатады.
А4. Қиын өткізілетін активтер. Бұлардың құрамында ұзақ мерзімді актив-тер жатқызылады.
Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады:
П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер. Бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттеме-лер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көле-мінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады.
П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.
П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.
П4. Тұрақты міндеттемелер. Бұған меншікті капитал жатқызылады.
Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топ-тар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынас-тарда саналады:
2.4 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оны құ-рылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көр-сетеді.
Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбі-не өзін өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезең-дерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік ту-ғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциалық несиеле-рімен жабылады.
2.5 Кәсіпорынның табыстылығын талдау
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономика-лық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы аб-солюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару ке-рек.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өт-кізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шеге-рімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойын-ша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.
2.6 Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анық-тауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.
Жоғарыда айтып өткендей, кейбір актив түрлері әртүрлі айналым жылдам-дығына, яғни олардың ақша қалпына көшу жылдамдығына ие болады. Қаражат-тың айналымда болуының ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар әр бағыттағы себептердің жиынтық әсерімен анықталады. Бірінші қатарға кәсіпо-рынның әрекет өрісін, салалығын, ауқымын және тағы да басқаларын жатқызу-ға болады. Елдегі экономикалық жағдаймен оған байланысты шаруашылықты жүргізу шарттары да кәсіпорынның активтерінің айналымдылығына да әсер ет-пейді. Сөйтіп, елдегі өтіп жатқан инфляциялық процестер, кәсіпорындардың басым көпшілігінің жабдықтаушылармен, сатып алушылармен реттелген ша-руашылық байланысының болмауы шамадан тыс қор жинақтауға әкеліп соқты-рады да, бұл қаражат айналымын айтарлықтай бәсендетеді.
3-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
Кәіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың логикалық жалғасы – кәсіпо-рын қызметінің кемшіліктерін жою жолдарын іздеу болып табылады.
Жағымсыз жағдайлардың ауқымына байланысты кәсіпорын жағдайын же-тілдіруге қажетті іс-әрекеттер көлемі анықталады. Жеңіл қаржылық дағдарыс кезінде ағымдағы қаржылық жағдайды бірыңғайлау, яғни ақша қаражаттары-ның кірістері мен шығыстарын үйлестіру жеткілікті. Ал терең қаржылық дағда-рыс жағдайы қаржылық жағдайды тұрақтандырудың барлық ішкі және сыртқы механизмдерін қолдануды қажет етеді. Кәсіпорынның жағдайы аппаттық дең-гейге жеткенде қаржылық жағдайды жетілдірудің жолдарын іздестіру қажет, ал табылмаған жағдайда кәсіпорынды жою туралы шешім қабылдауға мәжбүр бо-лады [24].
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандырудың ішкі механизмдері ең алдымен кәсіпорынның ағымдағы төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге ба-ғытталуы тиіс. Ағымдағы төлем қабілетсіздікті жою мақсатында кәсіпорын қар-жылық жағдайды жетілдіру бойынша оперативтік шаралар жүргізу, яғни ағым-дағы шығыстарды азайту және кейбір активтерді сату қажет. Осыдан кейін ал-дағы кезеңде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағыт-талған тактикалық шаралар жүргізілуі қажет.
Сурет–2 Қаржылық сауықтырудың негізгі бағыттары
Кәсіпорын меншікті айналым қаражаттарының жетіспеушілігін азайту мақ-сатында жаңа акциялар мен облигациялар шығаруы мүмкін. Бірақ жаңа акция-ларды шығару олардың бағамдарының төмендеуіне алып келуі мүмкін. Сон-дықтан батыс елдерінде көбіне облигацияларға көп жүгінеді.
Кәсіпорынның банкроттығының алдын алу жолдарының бірі ол – акциялар бойынша дивидендтер көлемін азайту немесе төлеуден уақытша бас тарту. Бі-рақ бұл шараны іске асыру үшін кәсіпорын акционерлерін қаржылық сауық-тыру бағдарламасының нәтиже беретіндігін және болашақта дивидендтер көле-мінің өсетендігіне сендіру қажет [24].
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтырутырудың маңызды көзі – факторинг, яғни кәсіпорынның өзінің дебиторлық борыштары бойынша талап ету құқықтарын банке немесе факторинг компанияларға сатуы болып табылады.
3.1 Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру
Біз 2.2. “Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін тал-дау” параграфында кәсіпорын активтерінің өтімділігі, яғни активтердің ақша қаражаттарына айналу жылдамдығының төмен екенін анықтадық.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, өтімділігі мен рентабельділігі ең алды-мен ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байла-нысты.
Активтердің өтімділігі туралы мәліметтерге сүйене отырып біз айналым ак-тивтерінің меншікті қаражаттар есебінен қаржыландыруының төмендегенін кө-ре аламыз. Бұл өз алдына кәсіпорын қызметіне кері әсерін тигізуде, яғни қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу кезінде кәсіпорын проблемаға тап болады.
Осылайша кәсіпорынның өз жабдықтаушылары мен кредиторлар алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелерін уақытында өтеу мүмкіншілігі төмендейді.
М.А.Федотов өзінің “Кәсіпорынның табысын талдау” атты еңбегінде өтімді-лікті арттырудың келесі әдістерін ұсынады:
Жалпы осы есептеулерден кейін 25 млн. теңге қысқа мерзімді міндеттеме-лерді ұзақ мерзімді міндеттемелерге қайта құрылымдау бойынша іс-шаралар активтердің өтімділігін арттыратына, яғни тиімді екеніне көз жеткізуге болады.
Екінші әдіс тауарлы-материалдық қорлардың көлемін 25 млн. теңгеге азай-тып, оларды ақша қаражаттарына аударуды қарастырады. Бұл жағдайда баланстағы “ақша қаражаттары” статьясы 5470 мың теңгеден 30470 мың теңге-ге дейін артады, ал “тауарлы-материалдық қорлар” 53600 мың теңгеден 28600 мың теңгеге дейін азаяды.
Жіргізіліп отырған іс-шаралардың тиімділігі төмендегі 8-кестеден көруге бо-лады.
Кесте-8
Тауарлы-материалдық қорлардың көлемін азайту нәтижесіндегі кәсіпорынның өтіділігі мен төлем қабілеттілігіндегі өзгерістер
Кестеден көріп отырғанымыздай тауарлы-материалдық қорлардың көлемін азайту және оларды ақша аражаттарына айналдыру тек екі көрсеткіштің, яғни аралық және абсолюттік өтімділік коэффициенттерінің өсуіне әкеледі.
Сондықтан бұл әдісті басқа әдістермен біріктіріп пайдалану ұсынылады.
Мен бірінші және екінші әдістерді біріктіріп пайдалануды ұсынамын.
Екі әдісті бірге пайдалану кезіндегі кәсіпорын өтімділігінің артуын төменде-гі 9-кестеден көруге болады.
Кесте-9
Екі әдісті қатар пайдаланудың нәтижесіндегі кәсіпорынның өтіділігі мен төлем қабілеттілігіндегі өзгерістер.
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру
Біз 2.3. “Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау” параграфында кәсіпорынның жалпы қызметінің тиімділігі қанағаттандыратындықтай екенін анықтадық.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы реурсының жағдайы. Ол өндірістің тиімділігімен, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің қорытынды нәтижелерімен тығыз байланысты. Өндіріс көлемінің азаюы, өнімнің өте жоғарғы өзіндік құн кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының төмендеуіне алып келеді [31]. Оған көптеген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
3.3 Кәсіпорынның табыстылығын арттыру
Жүргізген талдау қорытындылары кәсіпорын қызметінің рентабельсіз екенін анықтады . Өйткені кәсіпорын талдау жүргізілген уақытта таза табыс таппай отыр. Бірақ та уақыт өте келе кәсіпорынның шығындылығы аз да болса азаюда екенін айтпай кетуге болмайды.
Кәсіпорын активтері рентабельді болуы үшін ең бірінші табыс табуы және оны арттыруға тырысуы қажет. Сатудан түскен түсімді арттыру үшін және қо-сымша пайда алуы үшін бөлшектеп сату желісіне көп көңіл бөлген жөн.
Сонымен қатар кәсіпорын:
-өнімнің өзіндік құнының құрылымын қайта қарап, шығындардың артуының себептерін анықтап, оларды азайту жолдарын іздеу қажет.
-баға саясатын өзгертуі қажет, яғни өнім бағасына қосылатын рентабельділіктің пайыздық мөлшерін арттыру.
Өнімнің өзіндік құны-кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіші болып та-былады.
Қорытынды
Бұл дипломдық жұмыста кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жақсарту жолдары қарастырылды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау қаржы менеджментінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау нәтижелері бойынша кәсіпорында қалыптасқан жағымды және жағымсыз құбылыстар туралы, кәсіпорын қыз-метінің мықты және әлсіз жақтары туралы, сонымен қатар олардың туындауына себеп болған факторлар жөнінде қорытынды жасауға болады. Қаржылық тал-даудың нәтижелері туралы ақпаратқа тек ішкі субъектілер (меншік иелері, бас-қарушылар, жұмысшылар) ғана емес, сонымен қатар сыртқы субъектілер (жабдықтаушылар, инвесторлар, кредиторлар және тағы басқалар) де қызығушылық білдіреді. Сыртқы субъектілер талдау нәтижелерін алдағы уақытта субъектілер болса оны қалыптасқан қаржылық жағдайды тұрақтандыруға және оны жоғары деңгейде ұстап тұруға пайдаланады.
Аяқтай келе істелінген жұмыстар бойынша қорытындылар жасау қажет. Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздеріне зерттеу жасалынған болатын.
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қыз-метін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережеле-рін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады: