Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі
Мазмұны
Кіріспе 3
1 бөлім. Терроршы психологиясының теориялық негіздемелері 6
1.1 Террордан терроризмге дейін. Терроризм психологиясының негізгі ұғымдары 6
1.2 Терроршыда агрессивтілік пен зорлық-зомбылықтың пайда болуының табиғи және әлеуметтік факторлары 19
1.3 Терроршының террорлық акт істеуінің мотивтері 32
2 бөлім. Терроршы тұлғасының психологиялық ерекшеліктерін анықтайтын эксперименттік әдістер 40
2.1 Зерттеу ерекшеліктерінің сипаты 40
2.2 Зерттеу барысында қолданылған әдістемелердің сипаттамасы 41
2.3 Эксперименттік нәтижелерді өңдеу, психологияда қолданылатын математикалық әдістермен талдау жасау 46
2.3.1 Басса-Дарки агрессивтілік деңгейін анықтау әдістемесінің
нәтижелерін тіркеу, өңделуі 46
2.3.2 Розенцвейг әдістемесінің қорытындыларының өңделуі 54
2.3.3 «Автопортрет» проективті әдістемесін қорытындылау 58
2.4 Зерттеу бөлімі туралы соңғы сөз 60
Қорытынды 62
Қолданылған әдебиеттер тізімі 64
Кіріспе
2001 жылғы 11 қыркүйектен кейін (бұл күні АҚШ-тың бірнеше қаласында осы мемлекет саясатына қарсы террорлық әрекеттер ұйымдастырылған болатын, осының салдарынан төрт мыңдаған адам опат болды) терроризм құбылысы біздің өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Адамзат терроризмнің туындауы жаһандану үрдісімен байланысты екенін сезіне бастады және ары қарай «терроризм» атты құбылыстың өздерімен бірге өмір сүретініне көз жеткізді. Алдағы ондаған жылдарда бұл құбылысты жойып жібереміз деген сөздерге сену өте қиын және мүмкін емес те.
Терроризм психологиясы – психологияның ең жас салаларының бірі. Бұл саланың жеке түрде ғылым болып бөлініп шығуына өзіндік үлес қосқан – жоғарыда аталған әрекеттер. Рас, 2001 жылға дейін террорлық әрекеттер жиі ұйымдастырылып тұрды және оның саяси, заңдық, экономикалық аспектілері зерттелініп, ғылыми негіздемелері жасалынды. Ал, терроризмнің психологиялық астарларын қарастыру соңғы бес жылдықта ғана қолға алына бастады.
1 бөлім. Терроршы психологиясының теориялық негіздемелері
1.1 Террордан терроризмге дейін. Терроризм психологиясының негізгі ұғымдары
Қызықты, дегенмен факт: 2001 жылғы 11 қыркүйектегі АҚШ-та болған қайғылы оқиғадан кейін террор адамдар ойында «жаңа ескі» құбылыс ретінде қайтадан қалыптасты. Жермен теңескен қос әлемдік сауда мұнарасын көргенде адамзат «бұл не?» деп жағаларын ұстады. Шынымен де, террор, терроризм құбылысы деген не, ол қалай пайда болды?
Халықаралық терроризм халықаралық масштабта мемлекеттерге қарсы ұйым ретінде пайда болды. Олар тек мемлекетке ғана шығып қоймай, мемлекеттілікке де қарсы шықты. Терроршылар суда жүзген балықтай мемлекет құрған тосқауылдардан емін-еркін өтетіндей жағдайға қол жеткізді. Және олар жай үйлерді жарып қана қоймай – мемлекеттік символы болатын ғимараттарды да жарып жібереді.
1.2 Терроршыда агрессивтілік пен зорлық-зомбылықтың пайда болуының табиғи және әлеуметтік факторлары
Жаңа террордың механизмі адам бойында терең орналасқан. Террорлық әрекетке баруда көп жағдайда бір адамдардың немесе бір топтың бір жағдайда шешім шығара алмауы да әсер етеді, олар қалыптасқан жағдайды драмалық жағдай ретінде түсінеді. Бұл қатарға аз ұлтты баск, корсикандық, бретон, ирланд ұлттарын, сонымен қатар идеологиялық көзқарас пен діни сенім негізінде біріккен топтарды айтуға болады. Бәрінің де мотивациясы ортақ: біздің халық, біздің тіл, біздің ұлт, біздің діл, біздің сенім жойылудың алдында, біздің сөзімізге ешкім құлақ аспайды, бұдан шығудың бір жолы ғана бар, ол – қару арқылы жүзеге асатын кек алу жолы.
1.3 Терроршының террорлық акт істеуінің мотивтері
Терроршы тұлғасын объективті тұрғыда түсіну үшін оның ішкі қажеттілігін, терроршы террорлық актты не үшін істейтінін – мотивын анықтап алу маңызды. Ресей психологы В. Пирожковтың көзқарасы бойынша «терроршылар алдарына қандай мақсат қойса да (саяси – билікті басып алу, қоғамдық құрылысты өзгерту; экономикалық – бәсекелестерді аренадан тайдыру; діни - өз дінінің адалдылығын айқындау; психологиялық – атаққа қол жеткізу, тарихта атын қалдыру) – осының барлығында бір ғана мотив – адамдарға билік жасауға ұмтылыс тұр. Адамдарға билік ету – апиын сияқты, кім бір рет дәмін татты, сол осыған қайтадан ұмтылады. Мұны босқындар бойынан жақсы байқаймыз, олар бір конфликті аймақтан екіншісіне ауып жүреді, сондықтан оларға қаржы табу қажеттілігі басты нәрсе емес, басты нәрсе болып адамдарды өлтіру қажеттілігі жатады. Сондықтан терроризммен айналысу процесінде мақсат болмайды – оның өзіндік алғышарттары болса да, - мұның бәрінің артында адамдарға билік ету қажеттілігі тұрады»[9].
2 бөлім. Терроршы тұлғасының психологиялық ерекшеліктерін анықтайтын эксперименттік әдістер
2.1 Зерттеу ерекшеліктерінің сипаты
Зерттеу әдістемелері: Басса-Даркидің агрессия деңгейін анықтайтын сұрақтамасы (Қосымша Б); Розенцвейгтің фрустрация - агрессивтілікті анықтайтын әдістемесі; «Автопортрет» проективті әдістемесі.
Аталған әдістемелер жоғарыда теориялық бөлімде сөз қозғалған терроршы агрессивтілігің деңгейін анықтауға бағытталған.
Зерттеу болжамы: Терроршылар мен қылмыскерлердің қылмыс жасау агрессивтілігінде айырмашылық бар және терроршылардың агрессивтілік деңгейі басқа қылмыскерлерге қарағанда жоғары болады.
Зерттеудің мақсаты: Жүргізілген әдістерді психологиялық талдау және математикалық өңдеу арқылы зерттеу болжамын дәлелдеу немесе жоққа шығару.
2.3 Эксперименттік нәтижелерді өңдеу, психологияда қолданылатын
математикалық әдістермен талдау жасау
2.3.1 Басса-Дарки агрессивтілік деңгейін анықтау әдістемесінің
нәтижелерін тіркеу, өңделуі
Кесте 1 - Басса-Дарки әдістемесі бойынша эксперименттік топ мүшелері көрсеткен нәтижелер
2.4 Зерттеу бөлімі туралы соңғы сөз
Зерттеудің болжамына сай, «терроршылардың агрессивтілігі қарапайым қылмыскерлерден жоғары бола ма?» деген сұраққа жауап іздеу ниетінде жоғарыдағы үш әдістеме таңдап алынған болатын. Екі әдістеме тікелей агрессивтіліктің көрсеткішін анықтауға ыңғайланып таңдалған болса, «Автопортрет» әдістемесі тұлғалық ерекшеліктерді анықтауға бағдарланды.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, алдымызға қойылған болжам анықталған жоқ, яғни оның растығына көз жеткізе алмадық. Сонда да зерттеу нәтижесінде алынған көрсеткіштерді ақтық нәтиже деп қабылдау ерте сияқты:
Қорытынды
Терроризм – бұрмаланған сана мен ереше логиканың мысалы. Терроризмнің шешендік, орыстық, палестиндік, ауғандық нұсқаларында өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін, дегенмен оның сипаты біреу ғана. Терроршы әрекетінен қалыпты адамға тән логика іздеудің мәнділігі жоқ. Қалай айтқанда да, барлығы мына екі факторға келіп тіреледі: қаржы табу және адамдарға зорлық-зомбылық көрсету.
Бұл дипломдық жобаның мақсаты ретінде терроршы тұлғасының психологиялық ерекшеліктерін, соның ішінде агрессивтілігі мәселесін қарастыру таңдап алынды. Зерттеу жүргізгенге дейінгі ой теория жүзінде терроршылардың агрессивтілігі жоғары болады дегенге келген болатын. Бірақ зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, терроршылардың агрессивтілігі қарапайым қылмыскердің агрессивтілігі деңгейінен жоғары деудің ешқандай негіздемелері жоқ. Сондықтан да болар, терроризмге қарсы күресте олардың осындай айқын белгілерінің болмауы – жағдайды ушықтыра түседі. Айқындылықтың болмауы – терроршылардың басты психологиялық құралдары іспеттес.