Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 29 стр.

Предварительный просмотр

Қазақстан банк жүйесі

Жоспар
Кіріспе 3
І Бөлім. Қазақстанның банк жүйесінің даму тарихы 4
1.1 Қазақстан банк жүйесі – кеңестік дәуірде 4
1.2 Қазақстанның банк жүйесінің құрылуы 6
1.3 Қазақстан банк жүйесінің ерекшеліктері 9
ІІ Бөлім. Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының орталық банкі 11
2.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің функциялары 12
ІІІ Бөлім. Коммерциялық банктер 15
3.1 Коммерциялық банктер 15
3.2 Болашақтағы банк жүйесін реформалау 16
Қорытынды 27
Пайдаланылған әдебиеттер 29

Кіріспе
Қазіргі уақыттағы экономика маңызды міндеті бар, өзара байланысқан өте күрделі жүйе болып келеді. Бірақ, маңызды рөлдердің бірі банк жүйесінде де бар болып келеді. Ол экономикалық қарым-қатынастардың даму кезеңінде оның жұмысын қамтамасыз етіп отырады. Бүгінгі күнде банктар:
1. Тәуелсіз, бос қаржыны жинақтауға.
2. Шаруашылық субьектілерінің кассирлері қызметін атқару.
3. Эмиссия жүргізуі керек.

І Бөлім. Қазақстанның банк жүйесінің даму тарихы
1.1 Қазақстан банк жүйесі – кеңестік дәуірде
Кеңестік билік кезінде Қазақстанның өзіндік банк жүйесі болған жоқ, себебі республика сыздың территориясында КСРО несиелік жүйесінің бөлімшелері жұмыс атқарды. Сондықтан банк жүйесінің тарихы КСРО тарихы және көтеріліске дейінгі Ресейдің тарихымен тікелей байланысты. Патшалық Ресейдің банк жүйесінің құрамына кірді: Мемлекеттік банк, акционерлі банктер, өзара несие беру қоғамдастықтары, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері және басқа да несиелік мекемелер.

1.2 Қазақстанның банк жүйесінің құрылуы
Қазіргі уақытта экономика саласында өте тез қарқынмен дамып келе жатқан Қазақстан банк жүйесінің құрылуы аса жоғары инфляция, экономикалық жұтау және әлемдік экономикадағы өзгерістер мен қайта құрулар кез әнде пайда болды. 1989 жылы жеке банктерді құру сәтінен бастап қазіргі уақытқа дейін екінші деңгейлі банктер аса қиын немесе кризистік жағдайда болды.
1990 жылдың желтоқсанында өзінің егемендігін жариялаған соң, Қазақстан нарықтық экономика талаптарына сай келетін өзіндік банк жүйесін құра бастады. 1991 жылдың қаңтарында «Қазақ КСР-ндағы банк және банктік іс-әрекет туралы» Заң қабылданды, екі деңгейлік банктер жүйесі құрылды. Осының барлығы Қазақстанда банк реформасының басталуына алып келді.

1.3 Қазақстан банк жүйесінің ерекшеліктері
ТМД елдері және Қазақстанның банк жүйесі өзіндік ерекшелігімен сипатталады. Көптеген ТМД елдерінде несие - қаражаттық жүйе ескі, қатаң және монополизацияланған жүйе (Мемлекеттік банкі – мамандандырылған банкілер – бөлімдер) мен екі деңгейлік жүйе (Ұлттық банкі – коммерциялық банктер). аралығында орналасқан. Қазақстанда екі деңгейлік банк жүйесі құрылып, қазіргі таңда жұмысын атқарып жатыр. Қалыптасқан дәстүр бойынша, бұрынғы мамандандырылған банктер өзінің тұрақты клиенттеріне (негізінен, мемлекеттік мекемелер және өндірістік кәсіпорындар) және акционерлерге белгілі бір жеңілдіктермен несие береді. Осы жағдай қуаты азырақ коммерциялық банктерге өз салымшыларын сақтап қалу үшін күресте салыстырмалы түрде жеңіл несие беруге мәжбүрлейді.

ІІ Бөлім. Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының орталық банкі
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі орталық банктермен және басқа елдердің банктерімен, халықаралық банктер және басқа да несие-қаржылық ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының мүддесін қорғайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі өзінің міндеттерін орындау барысында табыс алу мақсатын ғана көздемеуі керек.
Екінші деңгейлі банктердің түрлерін, заңды статусын, құрылу ретін, жойылуы мен жұмыс атқаруын банктік және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамасына байланысты анықталады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өз жұмысын Конституцияға, ағымдағы Қаулыға, сонымен қатар, заңдық күші бар Қазақстан Республикасы Президенті Қаулысына (ҚР банктер және банктік іс-әрекеттер туралы), басқа да заңдық актілер мен халықаралық дәрежеде бекітілген келісім шарттарға сүйене отырып атқарады.

2.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің функциялары
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің негізгі функциясы – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, Ұлттық банктің қызметіне мыналар жүктелген:

ІІІ Бөлім. Коммерциялық банктер
3.1 Коммерциялық банктер
Банк – бұл қаражатты тартып жинақтауға және оларды өз атынан қайтару, жедел, төлем шарттарымен орналастыруға арналып құрылған ұйым.
Банктің негізгі қызметі – қаражатты несие берушілерден қарыз алушыларға және сатушылардан сатып алушыларға тасымалдауда болады. Банктармен қатар, қаражатты нарықта тасымалдаумен басқа да қаржылық және несие-қаржылық ұйымдар (инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары, брокерлік, дилерлік фирмалар және т.б.) айналысады.

Қорытынды
Банк жүйесінің жұмысының жаңа механизмін құрастыру несие мекемелерінің бұрын жоғалтып алынған, өркениетті қоғамда және нарықтық қаржы құрылымдарының көпғасырлық тәжірибесіне сүйене отырып қабылданған тиімді принциптерін қайтадан пайдалану арқылы жүзеге асады. Сондықтан, шетел тәжірибелерін, ақша ресурстарын жинақтау формаларымен әдіс-тәсілдерін, несие беру және есеп айырысу мүмкіндігін зерттеудің маңызы зор. Осы тәжірибелер тарихтың ұзақ сұрыптауынан қатаң шарттармен үлкен бәсекелестіктен өте алған өнім, сондықтан оларды қолдану өте тиімді болып келеді және шаруашылық дамуының түрлі шарттарына бейімделе алады. Әрине, бүкіл жұмыс тәсілдерін, шаруашылық стратегияларын және институттарын түбегейлі көшіріп, Қазақстанға басқа формада кірістіріп қоюға болмайды. Жаңа формаларды банк клиенттерінің қажеттіліктерін, олардың жаңа қаржылық жаңалықты қабылдау мүмкіндігін, банктердің жаңа технологияларының рентабельділігін толығымен зерттеген соң ғана ұсынуға болады.
Қазақстан Республикасының қоғамының қазіргі таңдағы дамуы өтпелі кезең ерекшеліктерімен сипатталады. Ең алдымен бұл әлеуметтік-экономикалық жүйедегі түбегейлі, әрі сапалы өзгерістерге байланысты. Әлеуметтік-экономикалық өзгерістер нарық принциптері негізінде құрылған жаңа экономикалық қатынастарды дамытуға арналған.
Сондықтан, банктардың жаңа жүйесінің қалыптасуы мәселесінің өзектілігі мынада болады: жаңа механизм құра отырып, адамзатпен жинақталған оңды дәстүрлерді, яғни әлемдік тәжірибенің элементтерін жоғалтып алмаған дұрыс. Олар біздің жас мемлекетімізге нарықтық экономика жолында қателерден белгілі бір қорғаныс қызметін атқарады.
Өтпелі экономика шарттары бойынша банк секторы нарықтық экономиканың негіздерін құрастыру міндетін максимальді түрде орындау қажет.
Басқаша айтқанда, банк мүдделері жалпы ұлттық нарыққа ұмтылу және экономиканы қайтадан құру мақсаттарына кедергі келтірмей, сол мақсатқа өз үлесін де қосып отыру керек.
80-жылдардың аяғында еліміздің экономикасы өзінің құрылу кезінде ғана болса да, осы кезде банк жүйесі құрылды. Әрине, оны ең қуатты, әрі нарықтық экономиканың бүкіл талаптарына жауап бере алады деп айта алмаймыз, бірақ осы жүйе өзінің өміршеңдігін, даму перспективаларын анық көрсетті. Сонымен қатар, ол экономиканың өзін реформалауға да қатысы бар.
Соңғы жылдарда еліміздегі экономикалық өзгерістерге өзінің оң үлесін қосып отыратын банк жүйесі болашақта бұл ісін жалғастырады деп сенеміз.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ақша. Несиелер. Банктер. Г.С. Сейткасимов редакциясымен жасалған. Алматы 1999 ж.
2. Алёхин Б.И. «Бағалы қағаздар нарығы» Мәскеу. 1994ж.
3. ҚР Статисткалық Мекемесінің мәліметтері
4. «Казақстан банкілері» журналы №6, №7, №8 2001 ж.
5. ҚР Стратегиялық Даму Мекемесінің мәліметтері
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мәліметтері
7. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі сайты
8. Қазақстан Республикасы банктер жүйесі. Ақпараттық журнал 3. 2002ж.
9. ҚР Заңы : «Бағалы қағаздар нарығы туралы»
10. Қазақстандық биржа қорының сайты KASE
11. Красавина Л. Н. «Халықаралық валюта-несиелік және қаржылық қатынастар» Мәскеу 2000
12. Круглова В.В. «Халықаралық валюта-қаржылық және несиелік қатынастардың негіздері» Мәскеу, Инфра-М, 1998 ж.
13. Литвиненко Л.Т. «Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы» 1998ж.
14. Лялин В.А. «Банктер және биржа қорлары» Мәскеу. 1998ж.
15. Мусатов В.Т «Банктер және биржа қорлары» Санкт-Петербург 1996 ж.
16. Реттеу департаментінің сайты