Саяси партиялардың және партиялық жүйенің түрлері
Жоспар
1 Саяси партиялардың және партиялық жүйенің түрлері 3
1.1 Партияның жіктелуі 3
1.2 Партиялық жүйенің түрлері 7
Әдебиеттер 12
1 Саяси партиялардың және партиялық жүйенің түрлері
1.1 Партияның жіктелуі
Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген белгілері мен өлшемдері бар. Мысалы, институциондық тәсіл партияларды топтастырғанда ұйымдастыру ерекшелігін басшылыққа алады, либералдық дәстүр идеологиялық байланыстардың сипатына басты назар аударады, марксистер болса таптық белгілеріне айрықша мән береді.
Бұл мәселені терең зерттеген саясаттанушылардың бірі француз ғалымы М.Дюверже XX ғасырдың 50 жылдарында сайлаушылар мен белсенділер қатарына байланысты партияларды кадрлық және бұқаралық деп екіге бөледі (оларды ұйымдық қалыптасқан және ұйымдық қалыптаспаған деп те атайды).
Кадрлық партиялар деп қатарында сайлаушылардың 10%-ынан кемі ғана болатын, мүше саны аз партияны айтады. Бірақ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі. Оның әрбір мүшесінің партия билеті болады, мүшелік жарналарын уақтылы төлейді, жарғысында қаралған тәртіпті мүлтіксіз орындайды. Мысалы, оған Австрия халық партиясы, Англия консерваториялар партиясы, ГФР-дің Христиандық-демократиялық одағы, Жапония либералдық-демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы, Швеция орталық партиясы жатады.
1.2 Партиялық жүйенің түрлері
Саяси процестерге қатысуға және мемлекеттік органдарды қалыптастыруға нақтылы мүмкіндіктері бар партиялар жинақтап келгенде қоғамның партия жүйесін құрайды. Партия жүйесінің құрылымы әдетте елдегі қалыптасқан тарихи дәстүрлер, оның әлеуметтік– экономикалық даму сипаты, коғамның саяси сауаттылығының кемелділігінің деңгейі, оның саяси саналылығы мен мәдениеті, әлеуметтік күштердің өзара арақатынасы, ұлттық құрамы, халықтың дінге сену дәрежесі арқылы анықталады.
Сайып келгенде, қоғамдағы партия жұйесі - ол өзара қарым–қатынасы мемлекеттік билік үшін тең бәсеке немесе біріккен күресі арқылы көрініп отыратын партиялардың жиынтығын білдіреді.
Билік үшін күреске қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан олар көппартиялық, екіпартиялық және бірпартиялық болып топтастырылады.
Әдебиеттер
1 Балгимбаев А. С. Проблемы формирования партийной системы в РК / Демократическая модернизация Казахстана: стратегия развития в 21 веке. – Алматы, 1999. – С. 37–39.
2 Бабакумаров Е. Ж. Казахстан: политическое измерение социальной стратификации общества. – Алматы, 1999. – С. 97–99.
3 Антонова И. М. Общественные движения и проблемы власти // Социально политические науки. – М., 1999. – № 4. – С. 7–19.
4 Булуктаев Ю. А. Дьяченко С. А., Карамзина Л. И. Политические партии Казахстана: справочник. – Алматы, 1998. – С. 57–59.