Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 53 стр.

Год: 2008

Полный просмотр работы

Тәуелсіз қазақстанның ТМД мемлекеттерімен қарым-қатынасы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Қазақстан мен ТМД елдері арасындағы экономикалық қарым-қатынастар 9
1.1 Қазақстанның ТМД елдерімен экономикалық қарым-қатынасы және еліміздің экономикасындағы модернизация мәселелері 9
2 Қазақстан республикасының ТМД елдерімен мәдени байланысы және гуманитарлық ынтымақтастығы 26
2.1 Қазақстан – Ресей мемлекетінің мәдени ынтымақтастығы 26
2.2 Қазақстан ТМД-ның гуманитарлық кеңістігінде 39
ҚОРЫТЫНДЫ 46
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 53

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігін жариялап, барлық салалар бойынша халықаралық ынтымақтастықтың толыққанды субъектісіне айналды. Қазақстан экономикалық дамудың үлкен әлеуетіне ие (табиғи қазба байлықтары жоғары квалификациялы жұмыс күші т.т), Еуропа мен Азияның орталығында саяси және стратегиялық маңызды орын алып, халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі одақтары мен ұйымдарының мүшесі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының шекаралас және дүниежүзі мемлекеттерімен халықаралық қатынасының Азия аймағы мен дүние жүзінде бейбітшілік пен тұрақтылықты және жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде зор маңызы бар.

1 Қазақстан мен ТМД елдері арасындағы экономикалық қарым-қатынастар

1.1 Қазақстанның ТМД елдерімен экономикалық қарым-қатынасы және еліміздің экономикасындағы модернизация мәселелері

КСРО экономикасы жоғарғы интеграцияланған кешен ретінде дамып, Одақішілік еңбек бөлінісі өндіргіш күштердің дамуы тұрғысынан қарағанда тең дәрежеде болмаса да, жекелеген бөліктері бір-бірімен тығыз байланыста болды. КСРО құлағаннан кейін қалыптасқан қарым-қатынастардың үзілуі себебінен республикалар экономикасында дағдарыс басталды (мәлімет бойынша 1992-1995 жылдардағы ТМД елдеріндегі экономиканың құлдырауының үштен бірі осы байланыстардың үзілуі себебінен болды).

2 Қазақстан республикасының ТМД елдерімен мәдени байланысы және гуманитарлық ынтымақтастығы

2.1 Қазақстан – Ресей мемлекетінің мәдени ынтымақтастығы

Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке ие болғаннан кейінгі жаңа кезеңде әлемнің көптеген елдерімен қарым-қатынастарын нығайта түсті. Соның ішінде көршілес Ресей мемлекетімен ынтымақтастықтың дамуына екі елде қоныстанған ұлттық диаспора арасындағы ежелден қалыптасқан байланыс та өзіндік ықпал етуде
Қазіргі таңда Ресей Федерациясының аумағында миллионнан аса қазақ тұрады. Олардың басым көпшілігі Ресейдің Қазақстанмен шектес аймақтарында, атап айтсақ Алтай Республикасында, Астрахан, Орынбор, Самара, Қорған, Челябі, Омбы, Саратов, Волгоград, Екатеринбург, Новосібір, Түмен және басқа облыстарында. Бүгінде Ресей қазақтары Қазақстан аумағында тұратын орыс ұлтының өкілдерімен қатар екі ел арасындағы мызғымас достық пен әріптестіктің кепілі болып отыр.

2.2 Қазақстан ТМД-ның гуманитарлық кеңістігінде

Мәдени ынтымақтастыққа қажеттілік ТМД елдерінің интеграциясы үшін маңызды рөл атқарады. Посткеңестік кеңістік айтарлықтай дәрежеде орыс тілімен және тығыз ұлтаралық байланыстармен, КСРО кезіндегі мемлекеттік стандарттар бойынша қалыптасқан білім беру және техникалық мәдениетпен т.т. біріктірілді. ТМД елдерінің халықтары интеграцияға анық қажеттілікті сезінді, себебі, қоғамдық санада бұрынғыша біріктіруші ұстанымдар алдыңғы қатарда тұрды. КСРО кезеңінде «Үлкен отбасында» бірге тұрған әр түрлі ұлттар өздерін жағымды жағдайда сезініп, өмір жоспарларын құрып, ұрпақ тәрбиелеп, қалыпты жұмыс жасап, біраз жетістікке жеткен болатын. Мемлекеттің ұлттық саясатында көптеген қарама-қайшылықтар орын алғанымен, күллі әлем санасатын ұлы елде бірге өмір сүргендігін сезінеді.
Әлеуметтік сұрақ-жауап бойынша талдаулар көрсеткендей, Қазақстан бүгінде әлдеқайда Еуразиялық бағыт-бағдар ұстаған ел. ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда Қазақстандықтар шетелдерден жұмыс күшін енгізуге үзілді-кесілді қарсы емес.