Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Жеті жарғы

Тип: Реферат

Объем: 9 стр.

Полный просмотр работы

Бітім және кесім

Биліктің қандай деңгейінде болсын басты мұрат – бітім. Қазақта Сырым батыр айтты дейтін бір сөз бар. Ертеде Сырым батыр Үргеніш ханына сәлем бере барған екен. Сырымның батырлығын, шашендігін жақсы білетін хан өзінің қарамағындағы елдің ең бір айтуы биін шақырып Сырым мен айтыстырады. Сонда Үргеніштің шешені Сырым батырға мынадай сұрақ қояды:

Қазақ халқында бітімге қатысты бірнеше құқықтық ұғымдар қолданылады. Олардың ішінде жиі кездесетіні: төрелік айту (төресін беру), кесім айту (кесім), бітім айту, немесе істі бітіру, үкім шығару. Бұлардың көпшілігі айшықты, әдемі мақал түрінде айтылады, немесе билік айтушы шешен өзіне дейін осындай іске байланысты қалыптасқан шешімді (мақал түрінде) қайталайды. Құрбанғали Халид қазақтың бұл дәстүрі туралы “әр тіршілік істеріне шежіре қағидаларын пайдаланып, мақал-мәтелдерін қолданғанда да бабаларына ұқсауға тырысар еді. Бұл ел мақалдарды өздерінше тірек, медет етеді. Шынында сол сүйенген тірегі негізсіз, мағынасыз емес. Қайта түп төркіні бір кітапқа байланысты, шығу тегі бір заңдылыққа бағынған ел сияқты, көне кезде бұлар бір әділ патшаның иелігінде ме, жоқ бір кәміл данышпанның тәлімін алды ма деген ойға келесің” - деп жазады.

Кесім сөзді билер айтады, бірақ кесім белгілі бір ұсынысты, төрелікті, жаңалықты бекіту үшін де айтылуы мүмкін. Бұрынғы уақытта хандар мен сұлтандар өз тарапынан төрелік бере отырып, өз сөзінің салмағын бекіту үшін билерге кесім кестіреді. Билік дәстүрінде құқықтық тәртіптің қайнар көздері қатарына белгілі бір шешім үлгілері жатады. Бұл үлгілердің қатарына билердің қолданысындағы әдет-ғұрып ережелерінің көпшілігін, билікке қатысты мақал-мәселдерді т.б. жатқызуға болады, сонымен қатар төрелердің, атақты билердің айтқан сөзін, шешімін сол қалпында, сол жерде құқықтық ереже есебінде бекітетін дәстүрлі де (прецедент) кесті деп айта береді.

Көшпелілердің өз арасындағы дауларда бітім хандарының, сұлтандарының, атақты би – батырларының қатысуымен жасалады. Егер екі жақта бітімге келсе (жаугершілікті тоқтатуға, жесір (тұтқын) айырбастауға), онда құрбандыққа мал сояды. Мұндай жағдайда ірі мал, көбінесе жылқы сойылады, олардың ішінде ерекше айтылатыны “көк қасқа айғыр, қара бас қошқар” т.б. Екі жақ та қолдарын бауыздау қанға малып, көкке көтеріп бітімге келеді. Осындай бітімдер қазақ, қалмақ, қырғыз, башқұрт арасында ХҮІІІ ғасырда бірнеше рет болды. Мұндай бітімнен кейін екі жақтың да есебі, зияны болмауы керек. Бітім өткен іске кешірім жасап, жер дауы, құн дауы т.б. тоқтатады.