Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын талдау
Жоспар
Кіріспе 3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯСЫН АНЫҚТАУ 4
2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫНЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУ 10
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫНДА АЙНАЛЫМЫН ҚАРАЖАТЫ 18
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі 31
Кіріспе
Кәсіпорынның қаржы стратегия жоспарын анықтауда кәсіпорынның қаржылық жоспарын, төлем қабілеттілігін, айналым қаражатын, баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның «өтімділігін» анықтап алу керек.
Қаржы стратегия жоспарындағы өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Мысалы, О.В. Ефимова өтімділік деп -»кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша төлеу қабілеттілігі», - деп жазады. Дәл осынысымен, оның пікірінше, өтімділік төлеу қабілеттілігінен өзгешеленеді. И.Т.Балабанов та өтімділікке осы сияқты анықтама береді: «шаруашылық субъектісінің өтімділігі, - ол оның өзінің борыштарын тез өтеу қабілеттілігі, егер кәсіпорын өзінің ағымдағы активтерін өткізіп, яғни оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға шамасы бар болса, онда ол өтімді кәсіпорын болып саналады». Бұл тұжырымдама жоғарыда айтылған төлем қабілеттілігі тұжырымдамасына өте ұқсас. Олардың айырмашылығы пайдаланатын көрсеткіштер мен есептеу әдістерінде. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік - бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы.
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯСЫН АНЫҚТАУ
Кәсіпорынның қаржы стратегиясының жоспарының негізгі көрсеткіштері ақша қаражаттары және құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) - айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма-қол ақшаға тез айналады.
Баланс активінің баптары оларды өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда, басты орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады - кассадағы, банктегі есе айырысу, валюта және ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары. Бұдан кейін бағалы қағаздарға салынған қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, дебиторлармен есеп айырысулар тұрады. Активтің бұл қарастырылған баптары негізінен кәсіпорынның «өтімділігін» (өтімді капиталын), яғни активтің бірінші кезектегі міндеттемелерді төлеу үшін қаражаттар алынатын бөлігін көрсетеді. Өтімділігі бұдан төмен элементтер тауарлы-материалдық қорлар мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылған. Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады.
Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер - бұларға уақытында төленбеген кредиторлық «борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерден асу банктің мақсатты қарыздарын (несиелерін) мақсаты бойынша пайдаланбағандығын білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.
2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫНЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУ
Кәсіпорынның қаржы жоспарының төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.
Арнайы есептік талдау әдебиеттерінде төлем қабілеттілігін анықтау жөнінде әр түрлі көзқарастар кездеседі. Қаржылық көрсеткіштің негізгі әдістерін талдау бойынша кейбір авторлар төлем қабілеттілігі ретінде кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсінеді. Мысалы, О.С.Ефимова төлем қабілеттілігі: «кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсіну қабылданған», - деп жазады. «Фирманың қызметін қаржылық талдау» кітабының авторлары да осы көзқарасты ұстайды.
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫНДА АЙНАЛЫМЫН ҚАРАЖАТЫ
Кәсіпорын жоспарындағы стратегия айналымын қаражаты қазіргі заман шарттарына сай ақша шаруашылық өмірінде ең қолайлы атрибуты болып табылады. Шаруашылық байланыс – кәсіпорын қызметінің қажетті шарттарын іркіліксіз жабдықтауды қамтамасыз етеді , үздіксіз өндіріс процесін , нақты уақытта өнімді жөнелтеді және тиелім жасайды. Шаруашылық байланысы шарттармен рәсімделеді және бекітіледі. Осы шарттарға сәйкес бір кәсіпорын жағы жұмыс және қызмет көрсету , тауар – материалдық құндылықтарды жеткізуші болып көрсетілсе , ал екіншісі - олардың сатып алушысы , тұтынушысы , төлеушісі болып табылады. Ақша айналымын көрсеткіштер мен факторлар басқарады. Ақша айналымы ( ақша айналысы ) – бұл ақша қозғалысының қолма – қол ақша және қолма – қол ақшасыз формада тауарларды өткізуде қызмет көрсетеді және шаруашылықта тауар емес төлемдер мен есеп айырылымы.
Кәсіпорынның стратегия айналым қаражатын ақша айналысын үзіліссіз ақша қозғалысы деп түсінуге болады. Ол алдын – ала айналыс функциясын және төлем қаражатын орындайды. Ақша айналысы негізінде тауар өндірісінде жатыр. Көп түрлі сатып – алу – сату шарттары қоғамда тауар айналысының үздіксіз процесін құрайды. Ақша айналысының құралы Т – Т натуралды айналымын Т – Д – Т әмбебап схемасына ауыстыруға болады. Ақшаны ақшаның әмбебап құрал айналысы ретінде қолдану тауар айналысының операцияларын уақытты үнемдеу және мүмкіндіктер мен еркін тауар айналысын тиімді жүзеге асырады.
Қорытынды
Курстық жұмысты қорыта келе, кәсіпорынның стратегиялық жоспарын анықтау барысында кәсіпорынның қаржылық жоспарын, төлем қабілеттілігін, айналым қаражатын анықтап, ұтымды технологияны қолдана отырып, өнім өндіруде шығындарды азайту арқылы максималдық пайдаға ие болу жолдарына бұл бастама болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Ишмухамбетова Т.Р., Мендебаев Т.М. «Өнімнің өзіндік құнын есептеу» - Алматы : ҚҰТУ, 1995.
2. Ишмухамбетова Т.Р., Қапанова А.К. «Кәсіпкерлік іс-әрекеттің экономикалық негізі» - Алматы : ҚазҰТУ , 2001.
3. К.Ш.Дүйсенов., Э.Т.Төлегенов., Ж.Г.Жұмағалиева «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау». Алматы. Экономика баспасы, 2001 ж.