Қазақстан Республикасында жеке меншікті құқықтық реттеу
Жоспар
Кіріспе 3
1 тарау. Меншік құқығы 8
1.1 Меншік құқығының анықтамасы мен мазмұны 8
1.2 Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері 11
1.3 Меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға ие болу негіздері 27
2 тарау. Азаматтардың меншік құқығы 41
2.1 Азаматтардың меншік құқығының ұғымы мен түрлері 41
2.2 Азаматтардың меншік құқығының субъектілері 48
2.3 Меншік құқығын қорғаудың азаматтық-құқықтық тәсілдері 49
2.4 Меншік құқығының тоқтатылуы 50
Қорытынды 59
БИБЛИОГРАФИЯ 63
Аннотация 66
Рецензия 67
Пікір 68
Кіріспе
Ғасырлар тоғысында Қазақстан дербес елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйкесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылды. Кең мағынада алғаңда, қоғамдағы демократиялық принциптердің салтанат құруы тек тәуелсіз елде ғана жүзеге асады. Сондай-ақ шынайы демократиялық бостандықты пайдалана алатындай кемелденуінсіз мемлекеттің тәуелсіздігін баянды ету де мүмкін емес.
Демек, тәуелсіздік - қоғамдағы демократиялық принциптердің орнығуы мен халықтың рухани жаңаруының іргетасы болса, демократия мен рухани жаңару - елдің саяси және экономикалық тәуелсіздігін баянды етудің басты құралы.
Тәуелсіздік қазақ халқының, қазақстандықтардың ғасырлар бойы аңсаған асыл мұраты еді. Ата-бабаларымыз қанын да, жанында аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ XX ғасырдың аяғында қол жеткізді. Әлем жұртшылығы Қазақстанның дербес елдігін таныды, өркениетті мемлекет құруға ұмытылған қадамымызды құптап, қолдау көрсетті.
1 тарау. Меншік құқығы
1.1 Меншік құқығының анықтамасы мен мазмұны
Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Сондықтан да болу керек, меншіктің азамат даму процесінде алатын орны ерекше.
Меншік ұғымын екі мағынада түсінуіміз қажет. Біріншіден, экономикалық категория, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Меншік қоғам өмірінің негізгі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы қондырманың элемент болып саналғанмен қоғамда белгілі бір даму кезеңінде санатқа кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.
Оған бірден-бір дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты. Экономикалық қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне қатысуына тікелей ықпал жасап отырған біздің экономикалық заңдарымыз.
1.2 Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері
Меншік азаматтардың, заңды тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттің меншігі болып бөлінеді.
Азаматтардың меншігі. Азаматтардың меншік құқығы объектісінің ауқымы кең. Бұл зерделілік және материалдық қызметтің, кәсіпорындардың тұтыну заттарын қосқандағы материалдық объектілердің өнімдері, өндірістін құрал жабдықтары, патенттер, лицензиялар, ақшалар, соның ішінде шетел валютасы, акциялар, басқа да бағалы қағаздар мен басқа да мүліктер. Азаматтардың меншігі жеке түрде де болуы мүмкін.
Ол азаматтардың физикалық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған.
Азаматтардың жеке меншігі оларға пайда алу үшін қажет (мысалы, өндіріс құрал-жабдықтары).
1.3 Меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға ие болу негіздері
Меншік құқығының азаматтық құқықтық субъектілері әр түрлі негіздерде ала алады. Азаматтық кодекстің 235-бабы меншік құқығына ие болуына әдейі арналған. Бірақ та, заң меншік құқығын алудың негіздерінің түпкілікті дәрежеде тізімін жасады деуге болмайды. Азаматтық кодекстің 235-бабында «тәсіл» ұғымы қолданылмайды (бір нәрсені жүзеге асыру кезіндегі әрекеттер немесе әрекеттер жүйесі). Меншік құқығы оның пайда болуы мен заңды байланыстыратын заңдық фактілер негізінде алынуы мүмкін. Мұндай заңдық фактілер негізделуімен көрінеді (АК-тің 7-бабы).
Меншік құқығын алуда бастапқы және туынды негіздерін шектеу өлшеміне бір жағдайда еркіндік өлшемі, ал келесі бір жағдайда құқық қабылдаушылық сай келеді, оның соңғысына ерекше баға беріледі.
Бастапқысына жататын талап деп мынаны айтамыз: зат бұрын болмады және меншік құқығы оған бірінші рет тағылды немесе зат бұрын болса, меншік құқығы оған бұрынғы меншік иесінің құқығынан тәуелсіз жүзеге асады.
2 тарау. Азаматтардың меншік құқығы
2.1 Азаматтардың меншік құқығының ұғымы мен түрлері
Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабы мен Азаматтық кодекстің 191-бабына сәйкес азаматтардың меншік құқығы азаматтардың жеке меншігі түрінде көрінеді. Жеке меншік - жеке тұлғаның, жекелеген азаматтардың меншігі.
Азаматтардың меншік құқығының пайда болу жағдайына байланысты иеленудің - жеке және ұжымдық түрлері болады. Ал оның жеке түрі екі жолмен жүзеге асады: а) пайда түсіруді көздемей, дене және рухани қажеттілікті қанағаттандыру үшін болатын экономикалық қызметтің меншік түрі; ә) пайда түсіруге бағытталған жеке меншік.
2.2 Азаматтардың меншік құқығының субъектілері
Ортақ меншік құқығы. Мүлік тек бір ғана адамға ғана емес, екі немесе одан да көп адамдарға тиесілі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда бір материалдық объектіге қатысты бірнеше субъектінің ортақ меншік құқығы пайда болуы мүмкін. Азаматтық Кодекстің 290-бабының мазмұнынан көрініп тұрғандай, ортақ меншік құқығындағы мүлік немесе бірнеше кооперативтік және қоғамдық ұйымдарға тиесілі болады. Мысалы: бірігіп салынған аурухана; мемлекетке және бір не бірнеше өндірістік кооперативтер мен қоғамдық ұйымдарға тиесілі объект; балық консервілеу зауыты; екі немеме одан да көп азаматтардың ортақ меншігі болып табылатын тұрғын үй.
2.4 Меншік құқығының тоқтатылуы
Қазіргі Азаматтық кодекстің бұрынғысынан бір ерекшелігі, 1.4-тараудағы «Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтардың тоқтатылуы» деген арнайы тарау енгізілуі болып табылады. Азаматтық кодекстің 249-бабы меншік құқығын тоқтатудың негізгі үлгі тізімін ұсынады: меншік құқығы меншік иесі өз мүлкін басқа адамдарға берген, меншік иесі меншік құқығынан бас тартқан, мүлік қираған немесе жойылған және заң құжаттарында көзделген өзге де реттерде мүлікке меншік құқығынан айырылған жағдайда тоқтатылады.
Рецензия
«Құқықтану» мамандығының студенті ___________________ «Қазақстан Республикасында жеке меншікті құқықтық реттеу» тақырыбындағы дипломдық жұмыс шығармашылық жұмыс болып табылады.
Дипломдық жұмыс тақырыбы қазіргі таңдағы маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Автор өз жұмысында меншік құқығының түсінігін, меншік құқығының нысандары мен түрлері, меншік құқығының және өзге де азаматтық құқықтарға ие болу негіздері, азаматтардың меншік құқығы, олардың түрлері, меншік құқығын қорғаудың тәсілдері, меншік құқығының тоқтатылуы.
Дипломдық жұмыс жаңадан қабылданған нормативтік-құқықтық актілерді қолданыла отырып орындалған.
Сонымен қатар, дипломдық жұмыста тәжірибеден алынған мысалдар да бар». Жалпы алғанда, жеке меншікті құқықтық реттеу проблемелары толық зерттеліп оған талдау жасалған.
Дипломдық жұмыс әдістемелік талаптарды дұрыс пайдаланған және жақсы деген бағамен бағаланады.