Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 17 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Француз буржуазиялық революция. Халықаралық қатынастарға тигізген әсері


Жоспары
Кіріспе 3
Тарау 1. Француз буржуазиялық революцияның себептері мен салдарлары 5
1.1 Себептері, қозғаушы күштері мен революцияның бағдарламасы 5
1.2 Революцияның негізгі этаптары 7
Тарау 2. Францияның мемлекеттік құқықтық жүйесіндегі саяси және құқықтық өзгеріс 11
2.1 Мемлекеттік саяси жүйедегі өзгерістер 11
2.2 Революцияның қорытындысы және оның халықаралық қатынастарға тигізген әсері 14
Қорытынды 15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 17

Кіріспе
Француз ұлтының құрылу процесі өзінің толық қорытындысын ұлы буржуазиялық революциядан кейін алды. Сол уақыттағы француз буржуазиялық революция тек Франция үшін ғана болған тарихи жағдай емес ол Еуропаға да өзінің әсерін тигізді. Ұлы буржуазиялық революция тақырыбы тарихшылардың қазір зерттеу жүргізіп жатқан жұмысы емес, ол бюұрыннан зерттеліп келе жатқан үлкен де тарихи материал. Курстық жұмыста осы ұлы буржуазиялық революция тарихына толық талдау жасалады.Хронологиялық кезең ретінде IX мен XIX ғасыр аралығы алынады. бірақ курстық жұмыскөлемінде ұлы буржуазиялық революция туралы жазу оның толық ашылуына мүмкіндік бермейді. Бірақ біз осы буржуазиялық революция туралы жалпы түсінік ала аламыз, оның мақсаты туралы, себебі туралы, қорытындысы туралы. Бұл жұмыста француз авторларының монографиялары пайдаланылды, оның ішінді Ж. және К. Виллардың зерттеулері «Француз халқының құрылуы».
Тақырыптың маңыздылығы /актуалдылығы/. Федалдық абсолюттік билікті жою, буржуазиялық қоғамдық құрылысты нығайту және Францияда капитализмнің әрі қарай дамуына жағдай туғызу Француз революциясының негізгі мақсаты болса оның осы мақсаттарға жетудегі жүріп өткен жолдарын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспе, және екі ірі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде, тақырыптың маңызы мен мәні сонымен қатар осы тақырыпты таңдаудағы мақсаттар мен міндеттер көрсетіледі. Жұмыстың теориялық негізі туралы қысқаша түсінік және пайдаланылған әдебиеттер жөнінде мәліметтер айтылады.
Бірінші бөлімде Француз буржуазиялық революцияның себептері мен салдарлары, қозғаушы күштері мен революцияның бағдарлмасы
Революцияның негізгі этаптары, екінші бөлімде Францияның мемлекеттік құқықтық жүйесіндегі саяси және құқықтық өзгеріс. Мемлекеттік саяси жүйедегі өзгерістер. Революцияның қорытындысы және оның халықаралық қатынастарға тигізген әсері жайында айтылады. Қорытынды бөлімде жалпы курстық жұмыстың өз мақсатына қаншалықты жеткендігі жөнінде ойлар талданып. Болашақта дағдарыстардың алдын - алудың жолдары туралы сөз болады. Пайдаланылған әдебиеттер мұнда осы курстық жұмыс барысында қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.

Тарау 1. Француз буржуазиялық революцияның себептері мен салдарлары
1.1 Себептері, қозғаушы күштері мен революцияның бағдарламасы
Францияның әлеуметтік-экономикалық жөне саяси дамуы ғасырдың соңындағы шексіз монархияық билік бір кезде біртутас улттык мемлекет кұруда үдемелі рөл атқарса, енді кертартпа күшке айналып, ақсүйектер мен дін қызметшілерінің мүддесін қорғауы капитализімнің дамуын тежеді. Ел ішіндегі сауда саласының кеңеюіне табиғи шаруалар қожалығының кедергі болуы феодалдық қатынастарды жоюды қажет етті.Бұған шаруалар да, буржуазия да мүдделі еді. Өнеркәсіптің гүлденуін,өнеркәсіп пен сауданың еркін дамуын өнеркәсіптің ұсақ цехтық тәртіптілігі тежеді. Буржуазия саудадағы, банк ісіндегі, несиелік, құқықтық, кедендік жүйедегі салықты жою үшін күресті. Олар аралық сот құруды талап етті.Осы талаптардың жүзеге асыуына әсіресе үшінші сословие, яғыни қала мен ауыл халқы мүдделі болды. Өзінің саяси талаптарына буржуазия жалпы-ұлттық мән берді.

1.2 Революцияның негізгі этаптары
Бұрынғы билеуші топтың көпшілігі- дворяндар революциямен бітпес күрес бастады. Варенн дағдарысынан кейін эмиграция, яғни басқа елге қоныс аудару үрдісі ұлғайды. Француз революциясы басқа еуропалық мемлекеттердің феодалдық күшке қарсы күресіне жол салып берді. Австрия мен Пруссияда ортақ мүдденің, яғни революцияға деген өшпенділіктің пайда болуы, олардың арсындағы қпайшылықты жеңе алды. 1792 жылы Пруссия мен Австрия Францияға қарсы әскер одақ құрды. Бұл еуропалық мемлекеттердің француздарға қарсы құрылған алғашқы коалициясы еді.

Тарау 2. Францияның мемлекеттік құқықтық жүйесіндегі саяси және құқықтық өзгеріс
2.1 Мемлекеттік саяси жүйедегі өзгерістер
1794 жылдың көктемінде күрес өзінің соңғы шегіне жетті. Өкімет якобиншілер тобының жетекшілерін жазалауды қолға алды. Эбер және оның жақтастары сотқа беріліп, олардың бастары кесілді.
Якобиншілер блогы таратылды. 1794 жылдың 10 маусымында террорды жазалау туралы заң қабылданды. Бұл Робеспьерді және оның жақтаушыларын құлатуға, Конвентті таратуға жағдай туғызды. Қоғамдық қауыпсіздік комитеті мен қоғамдық қорғаныс комитетінің кейбір мүшелері оның қабылдануына қарсы болды.

2.2 Революцияның қорытындысы және оның халықаралық қатынастарға тигізген әсері
18-ғасырдағы Еуропа мен Америка елдерінде өткен буржуазиялық революциялар ішінде, 18-ғасырдың соңында тұтанған француз революциясының айырмашылығы- әлеуметтік саяси қақтығыстар шиеліністі өтті және революция нәтижесінде елеулі, іргелі өзгерістер жасалды.
Революцияның басты нәтижесі- феодалдық абсолюттік билікті жоюы, буржуазиялық қоғамдық құрылысты нығайтуы және Францияда капитализмнің әрі қарай дамуына жағдай туғызуы болды. Революция феодалдық қалдықтарды жойып, елде аграрлық проблеманы шешті. Революция нәтижесінде Францияда жерге деген екі меншік түрі пайда болды: шаруашылық меншігі және ірі жер иелену.

Қорытынды
Ұлы француз буржуазиялық революциясы буржуазиялық республиканың федализімін ауыстырды. Француздық революция ұлттың дамуына өз үлесін қосты. Оның үстіне революция кезінде халық өзінің нені қалайтынын білдіре алды, ұйымдасқан түрде қатысты. Буржуазиялық революция француз халқының дәстүрінің қалыптасуында үлкен роль атқарды.
Революцияны 4 басты этаптарға бөлуге болады:

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Всемирная история. Т. IV. М. 1958.
2. Ж. және К. Виллар. Формирование французской нации. - М. - 1957.
3. Ковалевский М. М. Экономический рост Европы до возникновения капиталистического хозяйства. Т. II-III. М. 1975.
4. A. Mathier, La revolution francaise, t. II, Paris, 1948, p. 166.
5. Квицинский O.A. Время и случай: заметки профессионала. -М.:ОЛМА-Пресс, 1999ж
6. Шишков Ю.В. Западноевропейская интеграция: современные тенденции развития и противоречия. - М.: Знание, 1980.