Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Өнертану

Тип: Реферат

Объем: 34 стр.

Предварительный просмотр

Ахмет Жұбанов.

Aлпысыншы жылдарғы Алматы. Жасыл мәуеге малынған маужыр қала. Соғыс кезінде азды кем тұрып, дәмін татып, көзі жұмылғанша тамсана мадақтап өткен ақын Владимир Луговской тауып айтқандай – “Город вещих снов”. Жайраңдаған жайдарман ортадағы жадыра думаннан соң жайлы төсекте жатып, таң алдында тамсана көрген тамаша түстей жайсаң шаһар. Күн сайын түс ауа ағыл-тегіл құйып өтетін ақ нөсерден кейін күміс бауыр жапырақтарын жарқ-жұрқ жалтылдатып, жамыраса сыбдырласқан ақ балтыр қайыңдар арасында мың сан періште бір-бірімен үздіге сыбырласып тұрғандай. Мұзарт құздардан мөлтеңдей құлап, көше сайын мөлдірей шапқыласқан меруерт моншақ тау суын жағалап, қырық сан қызыр серуендеп жүргендей. Аттаған сайын амалсыз кідіріп, бас киіміңді қалай жұ­лып алғаныңды білмейсің. Өйткені, қарсы алдыңнан ол кездегі исі қазақтың бәрі де: “Шіркін-ай, бір көрсем-ау?” – деп жүретін аты әйгілілердің біреуімен қалай да ұшырасып қаласың.

Кейін сазгер алпысқа толғанда, сол оқиға естеріне түсті ме, редакция басқа қызметте жүрген менің мақала жазып беруімді қолқалады. Бұл жолы Ғылым ака­демиясына іздеп бардым. Терезесі терістікке қараған аядай бөлме. Иін тірестіріп қойылған үстелдер. Аяқ басар жер жоқ. Босағаның қыр көзінде қобыраған қалың бума қағаздардың арасында басы ағараңдап Ахаң отыр. Әңгімесін тыңдап, мерейім өссе де, жұмыс орнын көріп, көңілім құлазып қалды. Бірақ, мұнысын да ұлы адамның кішіпейілдігіне жорыдым. Мүшелтой күндері сала құлаш мақалалар жарияланып жатты. Кешқұрым телефон шылдыр ете қалды. Көтерсем — таныс дауыс. Әдеттегідей мығым емес, әлденеге жүрексініп тұрғандай. “Қалқам, жақсы лебіздер аз айтылып жатқан жоқ қой. Бірақ, сен көйлектің ішкі бауындай өнердің өз адамының сөзін айтыпсың. Рахмет. Амандық болса, хабарласамыз ғой!”— деді. Бір жағынан масаттансам да, бір жағынан көкірек тұсым шым ете қалды. Жұрттың көпшілігі төбесімен көк тіреп тұр ғой деп ойлайтын асқаралы тұлғаның әлгі бір жасқаншақ сөз ләмі мен қажыңқы үнінен арасында не жүргені белгісіз бейтаныс орманға енді аяқ басқан бейсауат адамдай қаралай жүрегім лоблып, қобалжып қоя бердім.

Күллі қазақ ағарту майданының жаңа шамшырағына айналған Құдайберген Қуан­­ұлының шарапатты жарығынан 1906 жылы туған інісі Ахмет те құр қалмайды. Бес жасынан бастап қазақша әріп танып, өлең, тақпақ жаттайды. Ағасымен жолдас Жиенғали Тілепбергенов, Абдолла Беркінов сынды оқығандардың, ауыл аралап жүрген Науаш, Жұмабек, Тоғыс, Барлыбай сынды жыршылардың әңгіме-хиссаларын тыңдайды. Аймаққа аян қарт домбырашы Талым, нағашысы Әлдеберген, жездесі Ырзағұлдар тартқан күйлерге құлақ түреді.

1935 жылғы қаңтардың екісі күні. Кешкі сағат 8. Дзержинский атындағы клубтың шымылдығы сырғып ашылды. Жиналған жұрт әуелі сахнаны лық толтыра жайғасқан өзбектің ала жолақ биқасап матасынан тігілген сырма шапан киген бей­таныс адамдарды көріп, қапелімде, аңтарылып қалды. Сосын олардың қолда­рындағы қазақы домбыраларын танып, дуылдата қол соқты. Алдыңғы жақтағы аузы-басы сүйреңдеген бір жеңгей: “Мына неменің қақ алдымызға келіп, қаздиып тұрып алғаны несі!?”— деп, дирижерге тиісті. Алты ай бойы дайындалған оркестр Қали Жантілеуов алып келіп үйреткен “Адайды” бәйге төбеге жетіп қалған желаяқ­тардай желпініп, аласұра арындатты. Зал дуылдата жаңғырықты. Шарт-шұрт шапалақ басылмай тұрып алды. “Бис,бис” деудің орнына, “бас,бас” деп кеңірдек жыртқан көпшіліктің сұрауымен күй қайта-қайта орындалды. Залдағылар да, сахнадағылар да жаппай көздеріне жас алып, мәре-сәре боп жатты. “Құрманғазы тіріліп келсе, қандай қуанған болар еді?!”,— деп қиялдады жас дирижер.

Ол 1942 жылдың аяғында “ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы қазақтың халық композиторлары” атты кітабын шығарды. Аталмыш еңбек “Ғасырлар пернесі” (1958,1975), “Қазақстан халық композиторлары” (1962), “Мұқан Төле­баев” (1963), “Замана бұлбұлдары” (1963, 1975), автор қайтыс болғаннан кейін жарық көрген “Ән-күй сапары” (1976), “Өскен өнер” (1985) кітаптары сынды ұлттық музыка өнері дамуының кезең-кезеңдерін зерделейтін іргелі зерттеулерге ұласты. Олардың әрқайсысы жеке-жеке сараптауды қажет ететін сүбелі еңбектер. Біз, со­лардың арасынан ерекше ұлттық сазгерлік өнеріміздің түп қайнары болып табылатын Құрманғазы (1936, 1958) мен бүгінгі қайта түлеуінің ең заңғар биігі болып табылатын Мұқан Төлебаев (1963) шығармашылығына бағышталған монографиялық портреттеріне ғана тоқталмақпыз.

Бірақ, ондай салтанатты сапарды оркестрге тағы да аттай он жеті жыл, ал дирижер­ге өмір бойы күте тұруға тура келді. Бәрі де көз тигендей аяқ астында бұзылды. Әлеумет аспанын теріскей батыстан көшкен қорғасын бұлттар құрсап алды. Саясат­тағы асыра сілтеу тұрмыстағы бықсық бақастықпен жең ұшынан жалғасып, ең ал­дымен азды-көпті ісі оңғарыла бастағандарға құзғындай шүйлікті. Астанадан ауыл­дарға дейін азу тістерін шықырлатысып, бірінің-бірі шекесін мұжыған шайқасулар мен шайнасулар басталды. Мұндай аламан-асырда оркестр басқаратын Ахмет Жұбанов түгілі республика басқаратын Левон Мирзоянның өзі желге ұшқан қалпақтай домалады. Ол аз болғандай, сол кездегі кеңес шығыстанушыларының бәрінің мақтауына ілігіп, КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімінің Президиум мүшелігіне сайланғанына төрт күн болған, кеңінен мәшһүр лингвист ғалым Құдай­берген Жұбанов 1937 жылы 14 қарашада аяқ астынан қамауға алынды. Оған “жапон жансызы” деген айып тағылып, үш айдан соң астыртын атылды. Бір кезде Ахмет оркестр құрамын деп, кеңседен кеңсе қоймай аралап, келісім сұрап жүргенде: “Қайдағыны қайдан шығарасыңдар осы? Бүйтіп феодал дәуірінің қалған-құтқан жұрнақтарын социализмге сүйремей-ақ, Еуропаның дайын, дамыған аспаптарына бірден көшпейміз бе? Феодалдық заманның мәдениетін қанша әлекей-күлекейлегенмен, ол біздің көшке бәрібір ілесе алмайды!”— деп кекірейе кемеңгерсігендер мына хабарды естіп, аяқ астынан қайта едіреңдеп шыға келді.

Бұл сөздерді оқығанда мен Ахаңның туғанына алпыс жыл толған кезде аяқ астынан телефон соғып айтқан астарлы сөзі мен ақырғы кездесудегі үнсіз күрсі­нісіне түпкілікті түсінгендей болдым. Оның елім деп елжіреген сезімтал жанына оты­зыншы жылдардың аяусыз озбырлығы ай тыртық жара салып кетсе керек. Уақыт оны емдеп жазудың орнына, қазақ қауымын ғасырлар бойы қан жылатып келген көркеуде қызғаныш пен әлеуметтік әңгүдіктіктің әуре-сарсаңына қайта-қайта салып, үсті-үстіне тырнақ батыра осқылап, қанталатқанның үстіне қанталатып бағыпты. Ғұлама ғалым, сұңғыла суреткер, кемел ұстаз, көреген басшының алғашқы адым­­дарынан бастап, жолын оңды-солды кескестеп келген тұрпайы социологияның тұғыжым тұғырына қосарлана мінгескен дүмшелік пен көре алмастық көзі жұмыл­ғанша алды-артын орағыштап, тірсегінен тістелеп бағыпты. Жүрегін үңгіп, жүйкесін жидітумен болыпты. Бірақ, ол бәрібір беріспепті.