Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 30 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Авторлық құқық субъектілерінің түрлері


ЖОСПАР
Кіріспе 3

I. Авторлық құқық субъектілері 4
1.1. Авторлық құқық субъектілерінің түсінігі 4
1.2 Авторлық құқықтың азаматта пайда болуы 6
1.3. Авторлық құқықтың субъектілерінің ерекшеліктері 8

II. Авторлық құқық субъектілерінің түрлері 10
2.1 Автор 10
2.1.2 Жалпы ережелер 10
2.2. Кәмелетке толмаған және әрекет қабілеттілігі жоқ авторлардың қорғалуы 10
2.3. Заңды тұлғалардың авторлық құқықтары 12
2.4. Шетел авторлары 13
2.5. Құрама шығармалардың субъектілері 14

ІІІ.Тең авторлар 17
3.1. Тең авторлықтың пайда болу шарттары 17
3.2. Ұжымдық туындыға авторлық құқықтарды жүзеге асыру 20
3.3. Тең авторлықтың түрлері 21

ІV. Автордан қалған мұрагерлер мен құқық мирасқорлық 23
4.1. Автордан қалған мұрагерлер 23
4.2. Құқық мирасқорлар 26

Қорытынды 28

Пайдаланылған әдебиеттер 30

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған негізгі мәселелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес авторлық құқық субъектілерінің құқықтық жағдайын теориялық және құқықтық тұрған қарастыру болып табылады. Бұл мәселеге жалпы авторлық құқыққа қарастыры тұрғыдан мән берер болсақ ол тіпті әлемдік денгейде әлі күнге дейін, өз шешімін таппай отырған үлкен бір өзекті проблемалар қатарында түр десек артық айтпағандық болар еді. Сонымен бірге меніңше осы қарастырылатын мәселелердің өзектілігін сондай-ақ мына мән жайлардан-ақ байқап көруге болар еді. XXI ғасырдың басында ғылыми-техникалық прогресстің өте қарқынды ілгерлеп дамуы авторлық құқықтың жаңа объектілері мен субъектілерін өмірге алып келуде, соның бір мысалы ретінде тек интернет жүйесін алып қарар болсақ құқықтық тұрғыдан әліде өз шешімін таппаған қыруар мәселелердің барына көз жеткізу мүлдем қиын емес деп ойлаймын.
Міне бүгінде біздер осы жайларға және өзге де мәселелерге жете мән берер болсақ Қазақстанда авторлық құқық саласын үнемі әрі үздіксіз жетілдіріу қажеттілігін аңғару қиын емес деп білемін.
Сондай-ақ мен өзімнің курстық жұмысымда Қазақстан
Республикасының заңдары бойынша авторлық құқықтың субъектілері болып табылатын тұлғалардың құқықтық жағдайына жалпы теориялық тұрғыдан талдау жасауға және сондай-ақ осы авторлардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қорғауға байланысты қазіргі кезде тәжрибеде жиі кездесетін өзекті теориялық және тәжрибелік мәні бар сұрақтарды қарастырылады.

I. Авторлық құқық субъектілері
1.1. Авторлық құқық субъектілерінің түсінігі

Авторлық құқықтың субъектілері болып туындыға қатысты субъективтік авторлық құқықтар жататын тұлғалар табылады. Қазақстандық заңнамаға сәйкес субъективтік авторлық құқықтарды қазақстандық азаматтар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, олардың мұрагерлері мен құқықмирасқорлары иеленеді. Субъектілердің әр санаттары үшін туындыға құқық әртүрлі заңды фактілерге байланысты - туындыны тудырумен, мұра бойынша авторлық құқықтардың өтуімен, т.б. туындайды.
Авторлық құқықтың негізгі субъектілері болып туындының авторы табылады. Автор - туындыны шығармашылық еңбегімен тудырған жеке тулға (Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңының 4-бабы).
Сөздіктерде "автор" түсінігінің талқылауына келесідей түсіндірмелер беріледі.

1.2 Авторлық құқықтың азаматта пайда болуы

Г.Ф.Шершеневич пікірі бойынша, "авторлық құқықтың субъектісі болып өзінің бар болуына рухани шығармашылық еңбегі нәтижесінде тәуелді болатын шығарманың тұлғасы саналады. Бұндай тұлға ретінде, тек қана ойлай алатын және тудыра алатын тұлға бола алады". Заңда авторлық құқықтың заңды тұлғаларға қатысты орнықтырылуы, Г.Ф.Шершеневичтің айтуы бойынша өзінің құқықтарын осы фиктивті субъектіге беру шын мәніндегі авторлардың мүмкін болатын еріктерімен түсіндіріледі. Авторлық құқықтың субъектілерінің бір түрі осылай туындайды, яғни "шығармашылықтың рухани байланысымен құрастыруда тікелей әрекет етпейтін" . Олар - тудырушы, продюсерлер, әдеби агенттер және т.б.
Сондай-ақ авторлық құқықтың субъектілері ретінде әдебиет, ғылым және өнер туындыларын шығармашылық еңбекпен тудырған тұлғалар танылады (авторлар).
Субъективтік авторлық құқықтардың азаматта пайда болуы оның жасына, денсаулық жағдайына, мүліктік жағдайына, туындыны шығару жері мен жарыққа шығарумен және т.б. байланысты емес.
Шетел азаматы қазақстандық авторлық құқықтың субъектісі болуы мүмкін, егер оның туындысы алғаш рет мемлекеттің аумағында жарыққа шығарылса немесе шығарылмаса, бірақ оның аумағында белгілі бір объективтік нысанда болып табылса. Шетел авторының туындысы алғаш рет шет елге жарияланса немесе сол жерде белгілі бір объективтік нысанда болса, онда ол ҚР-ның бекіткен келісімдерінің күшінде және онымен бекітілген шектерді ғана қазақстандық авторлық құқықтың субъектісі болып табылады.
Авторда субъективтік авторлық құқықтар туындыны тудыру фактісінің нәтижесінде пайда болады. Оның құқықтарын заң әдебиеттерінде алғашқы деп тану қабылданған.

1.3. Авторлық құқықтың субъектілерінің ерекшеліктері

Автордың құқықтары әрқашанда авторлық құқықтың өзге субъектілерінен кең. Авторлық құқықтың субъектілерінің ішінен авторға ғана тән туындыны кез келген нысан мен тәсілде пайдалануға айрықша құқықтар тиесілі. ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңның 16-бабында бекітілген "мүліктік құқьщтар"). Сондай-ақ, Заңның 15-бабындағы автордың жеке мүліктік емес құқықтары тән. Авторлық құқықтың қалған субъектілері туындыға қатысты мүліктік құқықтарды тек алып жүруші ғана болып табылады. Туындыны тудырушы тұлғадан жеке мүліктік емес құқықтардың бөлінбестік қағидасы Заңның 15-бабының 3-бөлігінде келесідей үлгіде орын тапқан: "Автордың мүліктік құқықтарына қарамастан, оның мүліктік емес жеке құқықтары болады және оларды туындыны пайдалану жөніндегі айрықша құқықтарын біреуге берген жағдайда да сақтап қалады".
Жеке мүліктік емес құқықтарға ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңның 15-бабының І және 2 бөліктеріне сәйкес) мыналар жатады:

II. Авторлық құқық субъектілерінің түрлері
2.1 Автор

2.1.2 Жалпы ережелер

Авторлық құқықпен реттелетін қатынастарда алғашқы мәселелердің бірі болып осындай құқықтың субъектісі кім болатындығы табылады. Автор болып өзінің шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға табылады. Туындыны жасаушысы болып жынысына, жасына, азаматтығына және әрекет қабілеттілік жағдайына қарамастан, кез келген жеке тұлға танылады. Тудырушыда авторлық құқықтар туындының объективтік нысанда шығарылу сәтінен бастап туындайды. Соның ішінде ол туындының жарияланғандығы, толық аяқталғандығы немесе нобай мен үлгіде көрініс тапқандығы ескерілмейді. Тұлғаны автор деп тану үшін туындының нысаны, мақсаты мен құндылығы әсер етпейді. Авторға қандай да болсын шарттылықтың сақталуы, біреудің келісімі немесе қандай да болмасын шарттың қажеті жоқ.

2.2. Кәмелетке толмаған және әрекет қабілеттілігі жоқ авторлардың қорғалуы

Шығармашылық туындылар көбінесе кәмелетке толмаған немесе заңмен бекітілген тәртіпте әрекет қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектелген тұлғалармен туады. Мысалы, Надя Рушева езінің 17 жасында 11 мыңға жуық суреттер салды. Оның өмірі шегінде жұмыстарының 15 көрмесі өтті, соның ішінде шетелдерде де. Ника Турбинаның алғашқы поэзиялық жинағы оған 8 жас болғанда шыққан. Осындай мысалдар тәжірибеде өте көп кездеседі.
Кәмелетке толмаған және әрекет қабілеттілігі жоқ тұлғаларда авторлық құқықтардың туындауы ғылымда да, тәжірибеде де жоққа шығарылмайды. Осы мүмкіндіктің өзі азаматтық құқық қабілеттіліктің мазмұнына енеді, ал соңғысы жасына, денсаулығына байланысты емес. Бұл абстрактілі мүмкіндікті нақты субъективтік авторлық құқыққа айналдыру үшін заңды факті қажет. Осындай фактінің ролін ғылым, әдебиет және өнер туындыларын жасау атқарады, яғни фактілік сипаттағы әрекет, ал мәміле емес. Фактілік әрекеттер әрекет қабілетсіз тұлғалармен жасалатындықтан, нақты субъективтік авторлық құқықтар жасына және әрекет қабілеттілік жағдайына қарамастан пайда болады. Сондықтан, авторлық құқықтың пайда болған туындыға қатысты авторлары болып кәмелетке толмағандардың өзі және әрекет қабілетсіз тұлғалар табылады.

2.3. Заңды тұлғалардың авторлық құқықтары

Жеке тұлғалармен қатар авторлық құқықтарды заңды тұлғалар да иеленеді. Қазақстан заңнамасы бойынша заңды тұлғалар ғылым, әдебиет және өнер туындыларына авторлық құқықтарын қорғай алады. Егер заңды тұлғалар туындыны тудыру шылардың құқық мирасқорлары болып табылса, онда олардың авторлық құқықтарды алып жүрулерінде күмән болмайды. Сөйтіп, заңды тұлғалар автормен шарт бойынша жеке авторлық өкілеттіктерге ие бола алады. Сонымен қатар, қызметтік туындыны орындау барысында және де автордың өсиеті бойынша авторлық құқықтар заңды тұлғаларға берілуі мүмкін. Осы жағдайлардың барлығында да заңды тұлғалар туынды шығармалардың иеленушілері болып табылады. Өйткені, олар алғашында автордың өзінде туындаған еді, бірақ кейіннен заңда көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаға өтті.
Заңда тұлғалар бастапқы авторлық құқықтардың иеленушілері бола ала ма деген мәселе көптеген жылдар бойы кеңестік дәуірде авторлық құқық ғылымының даулы мәселесі болды. Көптеген ғалымдар кеңестік авторлық құқықтың ережелеріне сүйене отырып, соған сәйкес ғылыми жинақтарға, сөздіктерге, энциклопедиялық басылымдарға, журналдарға, кинофильмдерге авторлық құқықтар оларды жарыққа шығарушы ұйымдарда пайда болады деп ойлады. Сәйкесінше заңды тұлғалардың авторлық құқықтары олардың шығармашылық қызметінің нәтижесінде пайда болады. Бұл жеке авторлардың дербес туындыларын біртұтас бүтінге біріктіру үшін қажет. Өзгеше айтқанда, заңды тұлғалар бастапқы авторлық құқықтың толық иеленушілері болып саналады. Бұл өзінің көрінісін авторлық заңнамада тікелей тапты.

2.4. Шетел авторлары

Авторлық құқықтың субъектісі болып Қазақстан Республикасының азаматтары ғана танылмайды, сонымен қатар шетел азаматтары да субъект бола алады. Егер де қазақстандық авторлардың туындылары оларды жариялау немесе өзге объективті нысанда шығарылуына қарамастан қорғалса, онда шетел азаматтарының туындыларын қорғау заңда бекітілген бірқатар талаптарға сай тәртіпте жүзеге асырылады. Ең алдымен шетелдік авторлардың авторлық құқықтары жарияланған не жарияланбаған, бірақ ҚР-нан тыс жерлерде қандай да болсын объективті нысандағы туындыларға танылады және қорғалады. ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңының 5-бабының 1-тармағының 2-тармақшасы).
Бұл жерде шетел азаматтарының авторлығының құқықтық жағдайы қазақстандық авторлардың құқықтық жағдайынан ешқандай сипаты бойынша ажыратылмайды. Көрсетілген ереже аумақтық принципті анықтайды. Бұл принцип авторлық заңнамаға белгілі және маңызды халықаралық конвенциялармен бекітілген.

2.5. Құрама шығармалардың субъектілері

Авторлық құқықтың субъектісі болып жинақтың құрастырушысы танылады. Авторлық құқық туралы заңның терминологиясына сай құрастырушы деп құрама туындылардың авторлары саналады.
Құрастырушының өзі құрама туындыға енгізілген әрбір туынды авторларының құқықтарын сақтаған жағдайда авторлық құқықты пайдаланады. Бұл құрастырушының әрбір автормен сәйкесінше авторлық шартты жасауының міндеттілігін білдіреді. Жалпы ереже бойынша авторлық шарт жазбаша түрде жасалуы қажет. Ақпарат құралдарында туындыларды пайдалану туралы авторлық шарт жазбаша және ауызша нысанда жасала беріледі.

ІІІ.Тең авторлар

3.1. Тең авторлықтың пайда болу шарттары

Екі немесе одан да көп тұлғалардың бірлескен еңбегімен туған туындыға авторлық құқыққа тең авторлар да ие бола алады. Екі немесе одан да көп адамның (тең авторлардың) бірлескен шығармашылық еңбегімен жасалған туындының авторлық құқығы, мұндай туындының бөлінбес біртұтас болуына немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие бөлімдерден тұратындығына қарамастан, тең авторларға тиесілі болады. ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңының 10-бабының 1-бөлігі).
Ең алдымен тең авторлық туралы айтқанда мына мәселеге көңіл бөлу керек: ол туынды бір ұжымның бірлескен әрекеттерінің нәтижесінде жасалғанында. Осындай ұжымдық туындыға, егер ол біртұтас бүтінді құраған жағдайда жасалса күмән келтірілмейді (мысалы, бірнеше тұлғалармен туған роман немесе картина).

3.2. Ұжымдық туындыға авторлық құқықтарды жүзеге асыру

Ұжымдық туындыға авторлық құқықтар барлық тең авторлардың туындыға қосқан шығармашылық үлесі мен сипатына қарамастан соларға тиесілі болады. Тең авторлардың құқықтарын заң бірлескен деп сипаттайды ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңының 10-бабының 1-бөлігі). Өйткені, бұл авторлық құқық ғылымында қалыптасқан тең авторлардың құқығын "бөлінбейтін құқық" ретіндегі түсінікке сай келеді.
Осыдан маңызды тәжірибелік қорытынды шығып отыр. Ұжымдық туындыны пайдалану жөніндегі мәселе барлық жағдайларда барлық тең авторлармен бірлесе, өзара келісім негізінде шешіледі. Егер осы мәселені шешуде тең авторлар бір келісімге келе алмаса, онда ол соттың шешілуіне беріледі. Туындыны бірлесіп басқару қағидасы ешқандай кедергіге әкелмейді, тең авторлардың авторлық құқықтарын жүзеге асырудың өзге тәртібін бекітетін өзара келісім жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, тең авторлар авторлық құқықтарды жүзеге асыруды авторлардың біреуіне тапсыруы мүмкін, авторлық сыйақыны бөлу қағидалары туралы келісуі мүмкін, тең авторлардың есімдерін белгілеу кезектілігі туралы анықтап алуы да мүмкін. Авторлық заңнама тең авторлардың келісімдеріне қатысты ешқандай ережелерді бекітпейді, сөйтіп бұл мәселені шешуді толығымен тараптардың қарауына береді.

ІV. Автордан қалған мұрагерлер мен құқық мирасқорлық

4.1. Автордан қалған мұрагерлер

Авторлық құқықтың субъектілері болып автор қайтыс болғаннан кейін оның мұрагерлері табылады. Жалпы ережеге сай авторлық құқықтарды мұраға алу заң бойынша немесе өсиет бойынша жүзеге асырылады. Авторлық құқықтарды мұрагерлердің заң бойынша мұраға алуды заңды мұрагерлердің қатарына енетін азаматтар ғана иелене алады. Егер қайтыс болған автордың заңды мұрагерлері болмаса және өсиет қалдырмаса, онда оның авторлық құқықтары өзге мұралықтан мемлекетке өтпейді, ал тоқтатылады. Өсиет бойынша авторлық құқықтарды мұраға беру кез келген азаматтарға оның азаматтығы мен қайтыс болған автормен туыстық қатынастардың бар болуына қарамастан жүзеге асырылады.
Авторлық құқықтың теориясында мұрагерлер авторлық құқықтың туынды алып жүрушілері ретінде қарастырылады. Олардың авторлық құқықтары туындыны тудыру күшіне орай емес, ал өзге заңды фактілердің негізінде, соның ішінде нақтырақ: мұраны ашуда, заң бойынша немесе өсиет бойынша мұрагер қатарына енгенде, мұрагерлермен мұраны қабылдауда туындайды.

4.2. Құқық мирасқорлар

Авторлық - бұл шексіз мерзімдегі құқық. Автордың мәртебесі туындыны жарияланғандағына, оны жариялау уақытына қарамастан, сондай-ақ объектімен жұмыс жасау аяқталғанына қарамастан тәуелді болып табылмайды.
Автордың мәртебесі объектіні (қолжазба, картина) басқа тұлғаның иеленуіне байланысты жойылған болып есептелмейді.

Қорытынды

Сонымен курстық жұмысымды қорытындылай келе, мен төмендегідей тұжырым жасағым келеді: жалпы авторлық құқықтың субъектілері азаматтық айналымның құқықтық дәрежесі тең аса маңызды субъектілерінің бірі болып табылады және бұл субъектілердің басқа құқық субъектілеріне қарағанда өзіндік ерекшеліктері болады олар жайлы біздер осы жұмыста толығырақ қарастырып өттік.
Ал авторлық құқықтың субъектілеріне қатысты өзекті мәселелерге келер болсақ Қазақстанда авторлық құқық саласын үнемі әрі үздіксіз жетілдіріуді әлі де болса қажет деп білеміз.
Сонымен, жалпы теориялық тұрғыдан айтар болсақ авторлық құқықтың субъектісі болып ең алдымен туынды өзінің пайда болуына себеп болған тұлғалар табылады. Автордың құқықтық мәртебесі кез келген тұлғада авторлық құқықпен қорғалатын туындыны жасау сәтінен бастап анықталады.