Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: География

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 25 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Еуропалық саяси және құқықтық ойдың негізгі бағыттары


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Еуропалық саяси және құқықтық ойдың негізгі бағыттары 5
1.1 Социализм идеологтарының саяси –құқықтық көзқарасы 5
1.2 Франциядағы саяси ілімдер 9
1.3 Германиядағы либерализм 13
Қорытынды 24
Пайдаланған әдебиеттер 25

Кіріспе
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Батыс Европаның қоғамдық-саяси өмірінде буржуазиялық тәртіптер онан ары нығая түсті. Әсіресе XVIII ғасырдың аяғындағы Ұлы Француз революциясы Европада капитализмнің дамуына мықты серпін берді.
Алайда бұл капиталистік қатынастардың қарсыластары да көптеп табылды. Өмірге ене бастаған буржуазиялық тәртіптерді дворяндық-аристократиялық, феодадцық-монархиялық топтар қаламады, олар өздерінің жоғалтып алған ескі жеңілдіктерін қайта қалпына келтіруге ұмтылды. Бұлардың идеяларының бүтіндей комплексін консерватизм деп атау қабылданған. Консерватизмнің ең кеңінен таралған кезі XIX ғасырдың алғашқы ширегі. Социализм мен либерализмге қарағанда консерватизмнің нақты белгіленген тұрақты концептуалды өзегі болған жоқ.

1 Еуропалық саяси және құқықтық ойдың негізгі бағыттары
1.1 Социализм идеологтарының саяси –құқықтық көзқарасы
XIX ғасырдағы батыс европалық саяси-құқықтық ойдың жалпы барысын сипаттағанда француздың көрнекті социологы Огюст Конттың да еңбектері мазмұндалады. Оньщ мемлекет пен құқыққа қатысты нақты арнайы зерттеуі болмағанымен қоғамды ыңғайлы әлеуметтік ұйымдастыру туралы, қоғамның қызмет ету мен даму заңдылықтары туралы көзқарастары ғылыми-танымдық тұрғыда үлкен қызығушылық туғызады. Ол кейінірек кеңінен таралған позитивизмнің негізін қалады.
XVIII ғасырдың аяғында Англия қоғамдық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша әлемдегі жетекші капиталистік державаға айналды. XIX ғасырдың бірінші жартысында буржуазиялық саяси ойдағы негізгі бағыт ретінде либерализм қалыптасады.

1.3 Германиядағы либерализм
XІX ғасырдың бірінші жартысында Франциядағы саяси-құқықтық ойдың дамуы 1789—1793 жылдардағы Ұлы буржуазиялық революцияның жетістіктерімен байланысты. Революцияның нәтижесінде «бостандық», «теңдік», «туыстық» сияқты бірқатар жаңа саяси құңдылықтар өмірге енді. Бұл кезеңде Францияда Наполеон және оның режимінің құлап, Европа елдерінің саясатына ықпалын тигізген реакциялық контрреволюциялық «Қасиетті Одақтың» (1815 жыл) құрылғанымен, Бурбондар әулетінің таққа қайта оралып, елде монархиялық құрылыс орнағанымен революцияның негізгі жетістіктерін жоя алмады.

Қорытынды
Неміс жерінде либералдық қозғалыс XIX ғасырдың алғашқы онжылдықтарында тасталып 1848—1849 жылдардағы революция қарсаңыңда өзінің ауқымы мен ұйымдасуы жағынан да, идеялық-теориялық жағынан да біршама жетістіктерге жетті. Революцияға дейінгі кезенде қалыптасқан ерте неміс либерализм сипаты жағынан «конституциялық қозғалыс» болды. Онда-ғы бытыраңқы неміс мемлекеттері үшін қолайлы саяси-заңгерлік тәртіптерді ұсынған әртүрлі үлгілердің мазмұнында сол кездегі Батыс Европадағы либералдық ұстанымдар мен қалыптар мол ұшырасты.