Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 61 стр.

Год: 2007

Полный просмотр работы

Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез құлық психологиясының ерекшелігін анықта


ЖОСПАР
1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ 3
1.1 Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық психологиясының ерекшелігін анықтау 3
1.2 Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысқа баруының себептері және оған әсер ететін жағдайлар 18
1.3 Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуын анықтау 33
2 ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ 40
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері 40
2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы 41
2.3 Зерттеу мәліметтерінің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы 46
2.4 Эксперименттік бөлім бойынша тұжырым 57
Қорытынды 60
Қолданылған әдебиеттер тізімі 61

1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық психологиясының ерекшелігін анықтау
Психологияда қылмысқа барған жасөспірімдердің мінез-құлқы ерекше мәнге ие. Соның ішінде біз қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлқын қарастырамыз. Жалпы қылмысқа барған жасөспірімнің делинквенттілігі – бұл заңның немесе қоғамдық нормалардың бұзылуында жүзеге асырылатын әрекеттердің кең ауқымы үшін нақты емес түсінік болып табылады. Ол әлеуметтану, медициналық психология және заң салаларында жан-жақты қарастырылады. Мәселен заң саласында қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквенттілігі – бұл кәмелет жасқа толмаған адамдардың қылмыстық кодексті бұзатын мінез-құлқы ретінде қарастырылады.
Делинквенттіліктің әлеуметтік және психологиялық анықтамалары мәнді шамада бір-бірлеріне сәйкес келуі мүмкін, бұл жерде екеуі де заңның анықтамасымен қиылысады. Әлеуметтік тұрғыдан қарастырғанда, делинквенттіліктің құрамына жол беруге болмайтын жасөспірімдердің әр түрлі, яғни агрессивті мінез-құлқы, қыдырулар, кішігірім ұрлық, немесе есірткі қолдану сияқты әрекеттері енеді. Делинквенттіліктің психологиялық анықтамасының құрамына мінез-құлықтың бұзылуы мен антиқоғамдық мінез-құлықтар кіреді. Мінез-құлықтың бұзылуы – бұл әдетке айналған дұрыс емес қылықтармен сипатталынатын мінез-құлықтық паттерндердің бүтіндей класын белгілеу үшін қолданылатын диагностикалық ұғым. Әдетке айналған дұрыс емес қылықтарға: ұрлық, өрт қою, үйден кету, мектептен қашулар, төбелестер, жануарлар мен адамдарға мейрімсіз қатынас жасау және әдетке айналған өтірік айту сияқты қасиеттер жатады [1, 33-35 б.б.].

1.2 Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысқа баруының себептері және оған әсер ететін жағдайлар
Қылмысқа барған жасөспірімдердің арасында әртүрлі қылмыстың терең тамырлануы кімді болса да, алаңдатпай қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болатын болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімді жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеуден айқын көрінеді.
Бесіктен белі шықпай жатып, әрбір оғаш қадамына селт етпей сергек қараған жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке баруына байланысты себеп не? Кім кінәлі? Қоршаған орта ма? Әлде мектеп пе? Әлде жүре түзеліп кетер деп қылмыстық әрекеттер істеген баласының әрекетіне немқұрайлы қарайтын ата-ана ма?
Болашақ өмірі мен тағдырын бейтарап қалдырмайтын кез-келген адамның осы сұраққа жауап іздеуі белгілі.

1.3 Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуын анықтау
Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуын анықтауда біз өмірлік жоспарлар, өмірлік позициялар, өмір жолы, өмір мағынасы, өмірлік құндылықтарының ерекшелігі және жалпы өмірлік стратегиясы секілді критерийлерді анықтауға тырысамыз.
Жалпы адам өмірі, әсіресе индивидуалды жеке өмір өте күрделі құбылыстардың бірі болып табылады. Негізінен адам өмірінің стратегиясы үш негізгі белгіге ие. Біріншісі, адам үшін маңызды бағытты, өмір тәсілдерін, оның негізгі мақсаттарын анықтау және олардың жетістігіне жетудің этаптарын таңдау. Жасөспірімнің қажет ететін ниеттері мен оған өмірдің ұсынатын талаптары көп жағдайда қарама-қайшылықты құрайды. Сондықтан да , өмір стратегиясының екінші белгісі бұл оның өмір мақсаттары мен жоспарларының жүзеге асуы және өмір қайшылықтарының шешілуі болып табылады. Өмір стратегиясының үшінші белгісі - бұл шығармашылықтан, өз өмірінің құндылықтарының құрылуынан және өз қажеттіліктерін өз өмірімен біріктіруден құралады. Қызығушылықтан, құштарлықтан ,қанағаттанудан тұратын өмір құндылығы - жеке жасөспірімнің өмір стратегиясы, нақты бір өмір тәсілінің жемісі болып табылады. Әр жасөспірімде әр қашанда өзін жеке тұлға ретінде саналауға, өзінің қарама-қайшылықтарын жеңуге және өз өмірін өзгерту үшін өзіндегі күшті табуға мүмкіндігі болуы керек. Сондықтан да стратегия бұл жасөспірім өмірінің әр түрлі сферасында өзіндік жүзеге асыру тәсілінің әмбебап заңдылығы болып табылады.

2 ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері
Мақсаты – қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуына әсер ететін тұлғалық құндылық бағдарларының ерекшеліктерін айқындау мен құқықтық ережелерге қатынасын эмпирикалық зерттеу.
Болжамы – қылмыс жасаған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуы оның тұлғалық құндылық бағдарларының ерекшеліктерімен тығыз байланысты.
Зерттеу пәні - қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасу жағдайлары.
Зерттеу әдістемелері:

2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы
Бұл әдістеме тұлғаның негізгі құндылықтар жүйесін зерттеуге бағытталған. М. Рокич тұлғаның құндылықтар жүйесін адамның өмірлік мақсаттарына байланысты, тұлғалық қасиеттеріне байланысты екі түрге бөледі (терминалды, инструменталды). Осы құндылықтарды сипаттайтын әрқайсысы 18-тұжырымдамадан тұратын құндылықтар тізбесі жасалынған. Адамның өмірлік мақсатына байланысты құндылықтар жүйесі тұлғаның өмір сүруінің түпкілікті мақсатын анықтайды; тұлғалық қасиеттерге байланысты құндылықтар жүйесі-өмірлік ситуациялардағы тұлға әрекеттерінің жүйесін сипаттайды (мысалы, адалдық, шындыққа сәйкес шешім қабылдай білу).

2.3 Зерттеу мәліметтерінің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы
Эксперименттік бөлімімізде біз ең алдымен М.Рокичтің құндылықты бағдар әдістемесін қолдандық. Осы әдістің нәтижелерін талдауда, зерттелінушілердің құндылықтар жүйесі бойынша жеке индивидуалды мәліметтері өнделініп, маңыздылық деңгейіне байланысты рангіленді. Зерттелінушілердің жеке индивидуалды мәліметтерін топтастыру нәтижесінде эксперименттік және бақылау топтарының топтық мәліметтерін салыстырып, сапалық талдауын жүзеге асырдық. Осының нәтижесінде біз көрсеткіштердің салыстырмалы жиынтық кестесін жасадық.
Кесте - 2. Тұлғалық инструменталды құндылықтар жүйесі бойынша салыстырмалы жиынтық мәліметтері (R-есебімен).

2.4 Эксперименттік бөлім бойынша тұжырым
Қылмыс жасаған жасөспірімдерге жүргізілген эксперименттік зерттеу нәтижесінде, қылмыс үшін жазасын бас бостандығынан айыру арқылы өтеу кезінде құндылықтар жүйесінің негізі ретінде тұлғалық мағыналық сферасына жағымсыз әсері айқындалды. Бұл әсіресе, жасөспірімнің үйренген өмірлік ортасынан алшақтауы және жаңа әлеуметтік жағдайға бейімделу қажеттілігі, бостандықтағыдай өзінің қажеттіліктері мен құндылықтарын жүзеге асыруға мүмкіндіктің шектеулілігімен сипатталады.

Қорытынды
Қазіргі жағдайда өзекті мәселелердің қатарына жататындардың бірі - ол қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру. Біз өз зерттеу жұмысымызда осы мәселенің психологиялық жағына талдау жасап, қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуына әсер ететін тұлғалық құндылықты бағдарларының психологиялық ерекшеліктерін зерттеуді мақсат етіп қойдық.